Ғасырлық тарих сыр шертеді

Социум
09.09.2016, 16:54
 Ел экономикасының күретамыры – темір жол саласының тарихын «көзбен көріп, қолмен ұстағыңыз» келсе мұражайға барыңыз. 112 жылдық тарихы бар Қазақстан темір жолының пайда болуы, қалыптасу кезеңдері, дамуы туралы дәйекті деректерге толы 28 мұражай бар екен.  Соның ішінде Елордадағы «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас ғимаратында орналасқан Орталық темір жол мұражайының орны бөлек.     Құрылғанына биыл желтоқсан айында 6 жыл болатын мұражайдың бас қызметкері Ирина Кучерюктің айтуынша, оның жасақталып, қазіргі деңгейге жетуіне бірқатар темір жол басшылары атсалысқан. Атап айтқанда, сол кездегі компанияның әлеуметтік жұмыстар бойынша вице-президенті Асхат Акчуриннен бастап, президент кеңесшісі Асқар Сәрсембеков, аппарат жетекшісі Бейбіт Жүсіпов, әлеуметтік жұмыстар департаментінің басшысы Қорлан Медиханова, бас менеджері Әділ  Қожасов сынды азаматтар ҚТЖ мұражайын ашу ісіне барынша атсалысқан.  –Мені бұл қызметке шақырғанға дейін темір жолдан бөлек көптеген ірі мұражайларда қызмет еткен едім. Жалпы бұл салада 31 жылдық еңбек өтілім бар. Сондықтан жұмысқа бел шеше кірістім.  Айналасы 4-5 айдың ішінде залды реттеп, жөндеп, дайындап болдық. Маусым-тамыз айларында жан-жақтағы бөлімшелерге экспонаттар, деректер, фото суреттер жіберуге тапсырма берілді. Ардагерлеріміз де үйлерінде сақтаулы тұрған ескі жәдігерлерін, құнды мұраларды бізге әкеп өткізді. Сөйтіп бастапқыда 500 экспонатпен ашылған мұражайымыз одан кейін жаңа дүниелермен толыға отырып, бүгінде оның саны мыңға жуықтады, – дейді бас маман.     Қазақ темір жолының тарихын толық және ұғынықты баяндау үшін қандай деректер келтіру керек, қабырға стенділері, экспонаттар қалай қойылады, сөре тақырыптарын қалай таңдаған жөн? Жауапты тұлғалар бұл туралы ардагерлер ақыл-кеңесіне құлақ түре отырып, безендіруге Еуразия университетінен тарихшы маман шақыртыпты.     Ирина Кучерюк мұражай экспонаттары туралы жағалай түсіндіруді қазақ даласына ең алғаш теміржол салынған дәуірге арналған қабырғадан  бастайды екен. «Алғашқы теміржолдар. ХХ ғ. басы» деп аталған стендте Оралға, сосын Петропавлға тартылған ең алғашқы темір жолдар туралы көне суреттер, мәліметтер, одан кейінгі Транссібір темір жолының салынып, оның 190 км Солтүстік Қазақстан өңірі арқылы өтуі, 1901-1906 жылдары ұзындығы 1660 км Орынбор – Ташкент темір жолының құрылысы жүріп, оның бүкіл Қазақстан аумағын кесіп өтуі, 1904 жылы алғаш рет сол жолда жұмысшы пойызы жүріп өтіп, аталған жылдың тарихта Қазақ темір жолының бастауы болып белгіленгені туралы тарихи мәліметтер келтірілген. Әрі қарай «Алғашқы бесжылдықтар. 1930-40 жылдар», «Түркісіб. 1928-1931 жылдар», «Ұлы Отан соғысы жылдары. 1941-45»,  «Тың игеру жылдары», «Қазақ темір жолының басшылары», «Еңбек даңқы галереясы», «Қазақстандағы алғашқы темір жол көлігі», «Елбасы және темір жолдар», «ҚТЖ» ҰК» АҚ наградалары» және тағы да басқа тақырыптардағы стендтерден  көрермен өзіне қажетті барлық ақпаратты ала алады. Сондай-ақ кезінде талай жыл станция басқарған теміржолшылар киген формалар, мундирлер мен шинельдер, кительдердің түпнұсқасы, өңірлеріндегі наградаларымен сақтаулы тұр. Өткен ғасырдың 30 жылдарында қолданылған станциялық қоңырау, станция бастығының жұмыс үстелі, темір жол тарихында болған небір түрлі сериялы тепловоз, паровоздар мен вагондардың макеттері, жолшылар шаблондары мен рельстердің әр жылдардағы үзік үлгілері, қазақтың тұңғыш суретшісі Ә. Қастеевтің «Түркісіб темір жолының ашылуы» атты атақты туындысының желісінде жасалған диарама, 1914 жылғы ескі темір жол картасы, телеграфтық аппараттар, машинистер құралдарын салған шарманкалары мен қол шамдары, вагондардың артына ілінген жарық түсіргіш шамдар, өзге де құнды жәдігерлер осы мұражайдан орын алған.     Ал «Қазақстан темір жолы» компаниясы құрылғалы қол жеткізілген жетістіктерге арналған бөлек шағын бөлме биыл ашылыпты. Мұнда Қазақстанда жасалған локомотивтер мен вагондар үлгілері мен Астананың жаңа вокзалының макеті, тәуелсіздік жылдарында ашылған темір жол жобалары туралы және компьютерде сенсорлық басқару арқылы ел темір жолын жол сызықтарымен ерекшелеп көрсетіп отыратын үлкен карта – қызықты әрі заманауи дүние болып табылады. Сонымен қатар қазақ темір жолындағы династиялар әулетінің шежіресі арнайы стендте бәйтеректің бұтақтары бейнесінде көрініс тапқан. Кіре берістегі көлемді журналға мұнда келген құрметті қонақтар өз қолтаңбаларын қалдырыпты. Жұмыс күндері есігі баршаға айқара ашық жас мұражайға жылына шамамен 3000-4000 адам келеді екен. Қазақ темір жолының ғасырлық тарихынан сыр шертетін мұражай алдағы уақытта да құнды жәдігерлермен толыға беретіні анық.

Райхан РАХМЕТОВА

Инфраструктура
22.09.2026
ҚТЖ продолжает модернизацию систем автоматики на станции Бейнеу и участках Шалкар – Бейнеу и Кандыагаш – Тобол
Новости
22.09.2026
Кедентранссервис организовало мультимодальную перевозку более 150 тысяч тонн стальных труб из Китая
Регионы
22.09.2026
Технические занятия для машинистов и их помощников прошли в локомотивных депо Караганды и Акадыря
Новости
22.09.2026
В Акмолинской области продолжается уборочная кампания
Новости
22.09.2026
Кедентранссервис представил современный подход к холодовой логистике Казахстана
Новости
22.09.2026
Столичным школьникам напомнили правила безопасности на железной дороге
Новости / Архив
22.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №75 от 22 сентября 2026 года
Грузовые перевозки
21.09.2026
Зерновой штаб КТЖ обсудил вывоз нового урожая в Костанае и Кокшетау
Регионы
21.09.2026
Профком Карагандинского эксплуатационного локомотивного депо провел встречу со студентами
Новости
21.09.2026
Казахстанские железнодорожники приняли участие в Международном фестивале молодежи-2026 в Екатеринбурге
Новости
21.09.2026
Машинист заметил четырехлетнего ребенка одного в степи
Регионы
21.09.2026
Пожарный поезд КТЖ задействовали при тушении крупного пожара в Костанае
Спорт
19.09.2026
Около 700 человек приняли участие в VI марафоне «КТЖ Марафон – участвуй и Ты»
Новости
19.09.2026
Более 320 столичных железнодорожников приняли участие в субботнике
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Международный туристический поезд прибыл из Сианя в Алматы
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Нацперевозчик объявил об осенних скидках до 30% на ж/д билеты
Регионы
18.09.2026
Реконструкция трех железнодорожных вокзалов завершена в Кызылординской области
Грузовые перевозки
18.09.2026
Акмолинский филиал АО «Қазтеміртранс» готов к перевозке зерна в период уборочной кампании
Новости
18.09.2026
Горочную централизацию модернизируют на станции Караганда-Сортировочная
Новости
18.09.2026
КТЖ продолжает реализацию масштабной программы по обновлению вокзалов