Салаландыру саясатына ден қойған
Социум
16.09.2016, 18:14
Маңғыстау облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын профилдендіру, яғни салаландыруға байланысты Маңғыстау политехникалық колледжінде "Теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару" мамандығы бойынша биылғы жаңа оқу жылында оқу орнына студент қабылдау жүргізілмеген.
Дегенмен аталған мамандық бойынша 2,3,4 курстарда білім алушы студенттер оқу мерзімі аяқталғанша білімін Маңғыстау политехникалық колледжінде жалғастыратын болады. Ескеретін жайт, 2016-2017 оқу жылында темір жол мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде жергілікті бюджет есебінен 125 орын, арнайы мамандандырылған және студенттердің тәжірибеден өтуі үшін оқу өндірістік базасы бар М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Ақтау көлік колледжіне бөлінді.
Аймақтағы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Альмара Сүлименованың айтуынша, облыста 26 техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері жұмыс істейді. Қазіргі таңда жұмыспен қамту нарығына шолу, жергілікті жердегі мамандарының жұмысқа орналасу деңгейіне талдау жасау арқылы оларды салаландыру, сұранысқа ие қажетті мамандықтарды көбейту, керісінше сұранысқа ие емес мамандықтарда оқытуды азайту, оңтайландыру бойынша біріктіру жұмыстары қарастырылуда екен.
─ Биылдан бастап біраз мамандықтар қысқартылып, салаландыру жұмыстары өткізілді. Себебі, әр колледж өз бағытымен сабақ беруі тиіс. Және үш бағыттан аспауы керек. Мысалы, энергетикалық колледждің бағыты энергетика. Ал, ол жерде қаржыгерлер мен есепші мамандарды, тіпті бағалаушыларды да дайындайтынбыз. Бейімдеу жұмыстарын осындай себептерге байланысты жүргіздік. Тағы бір себебі, біздің бүкіл колледждеріміз көп салалы болып кетті. Мұндай жағдайда әрине, білім беру мекемелерінің сапасы төмендейді. Бірақ, бейімдеу шараларын жүргізгеннен кейін бізде мемлекеттік тапсырыс төмендеп қалды. Бітірушілерді жұмыспен қамту жағы да қиындау болып тұр. Қазіргі нарықта мұқтаждық болмаса мемлекеттік тапсырысқа отырғыза алмаймыз. Үстіміздегі жылдың мамыр айында мәслихатта «Техникалық қызмет көрсету саласына кадрлардың жоғары даярлығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасау» туралы тақырыпта қоғамдық тыңдау өткізілген болатын. Сонда айтылған ұсыныстар бойынша колледждерге қатысты бірталай оңтайландыру шаралар қабылданды, – дейді Альмара Қасымханқызы.
Айта кетерлігі, салаландыру жұмыстарының нәтижесінде, Қарақия кәсіптік колледжінде «Кеме жасау және кеме машиналары мен механизмдеріне техникалық қызмет көрсету» деп аталатын жаңа мамандық «Кеме жөндеуші слесарь», «Кеме құбыр июшісі» біліктіліктерімен ашылған. Керісінше, жауыннан соңғы саңырауқұлақтай көбейіп кеткен қаржы және құқықтану мамандықтары мемлекеттік тапсырыстан алып тасталыныпты.
Әсел ТАҢАТАРОВА, Маңғыстау
Регионы
04.09.2026
Акция «Безопасный переезд» прошла в Кызылординском регионе
Регионы
04.09.2026
Лучших работников контактной сети определили в Карагандинском регионе
Регионы
04.09.2026
Нейсколько рейдов в рамках акции «Безопасная железная дорога» прошли в Павлодарском регионе
Новости / Архив
04.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №70 от 04 сентября 2026 года
Новости
03.09.2026
На 100 железнодорожных вокзалах завершены строительно-монтажные работы
Новости
03.09.2026
Локомотивные бригады КТЖ предотвратили 39 ДТП на ж/д переездах
Новости
02.09.2026
Завершена стыковка главного пути новой линии «Кызылжар — Мойынты»
Регионы
02.09.2026
Железнодорожный вокзал Жем открылся после реконструкции в Актюбинской области
Регионы
02.09.2026
Более 60 водителей получили разъяснения о правилах пересечения ж/д переездов в Алматинском регионе
Интервью
02.09.2026
Своевременная доставка угля – один из ключевых факторов энергетической устойчивости страны
Трансформация
02.09.2026
Глава государства предложил ускорить создание современного транспортно-логистического каркаса Евразии
Регионы
01.09.2026
Железнодорожный вокзал открылся после реконструкции на станции Достык
Регионы
01.09.2026
Реконструкция вокзала Жаланашколь завершена в области Абай
Новости
01.09.2026
КТЖ призывает школьников соблюдать правила безопасности вблизи железной дороги
Грузовые перевозки
01.09.2026
КТЖ перевезло более 1 млн тонн зерна с начала нового сезона
Социум
01.09.2026
Волонтеры КТЖ собрали школьные наборы для 730 первоклассников с отдаленных станций
Новости / Архив
01.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №69 от 01 сентября 2026 года
Новости
31.08.2026
Еще четыре ж/д вокзала открылись после реконструкции в регионах Казахстана
Социум
31.08.2026
Более 8 тысяч детей железнодорожников отдохнули в лагерях Казахстана
Регионы
31.08.2026
Обновленный железнодорожный вокзал открылся в Костанае