Салаландыру саясатына ден қойған

Әлеумет
16.09.2016, 18:14
Маңғыстау облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын профилдендіру, яғни  салаландыруға  байланысты Маңғыстау политехникалық колледжінде "Теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару"  мамандығы бойынша биылғы жаңа  оқу жылында оқу орнына студент қабылдау жүргізілмеген. Дегенмен аталған мамандық бойынша 2,3,4  курстарда білім алушы студенттер оқу мерзімі аяқталғанша білімін Маңғыстау политехникалық колледжінде жалғастыратын болады. Ескеретін жайт, 2016-2017 оқу жылында темір жол мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде жергілікті бюджет есебінен 125 орын, арнайы мамандандырылған және студенттердің тәжірибеден өтуі  үшін оқу өндірістік базасы бар М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Ақтау көлік колледжіне бөлінді. Аймақтағы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Альмара Сүлименованың айтуынша, облыста 26 техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері жұмыс істейді.  Қазіргі таңда жұмыспен қамту нарығына шолу, жергілікті жердегі мамандарының жұмысқа орналасу деңгейіне талдау жасау арқылы оларды салаландыру, сұранысқа ие қажетті мамандықтарды көбейту, керісінше сұранысқа ие емес мамандықтарда оқытуды азайту, оңтайландыру бойынша біріктіру жұмыстары қарастырылуда екен. ─ Биылдан бастап біраз мамандықтар қысқартылып, салаландыру  жұмыстары өткізілді. Себебі, әр колледж өз бағытымен сабақ беруі тиіс. Және үш бағыттан аспауы керек. Мысалы, энергетикалық колледждің бағыты энергетика. Ал, ол жерде қаржыгерлер мен есепші мамандарды, тіпті бағалаушыларды да дайындайтынбыз. Бейімдеу жұмыстарын осындай себептерге байланысты жүргіздік. Тағы бір себебі, біздің бүкіл колледждеріміз көп салалы болып кетті. Мұндай жағдайда әрине, білім беру мекемелерінің сапасы төмендейді.  Бірақ, бейімдеу шараларын жүргізгеннен кейін бізде мемлекеттік тапсырыс төмендеп қалды. Бітірушілерді жұмыспен қамту жағы да қиындау болып тұр. Қазіргі нарықта мұқтаждық болмаса мемлекеттік тапсырысқа отырғыза алмаймыз. Үстіміздегі жылдың мамыр айында мәслихатта «Техникалық  қызмет көрсету саласына кадрлардың жоғары даярлығы мен бәсекеге  қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасау» туралы тақырыпта қоғамдық тыңдау өткізілген болатын. Сонда айтылған ұсыныстар  бойынша колледждерге  қатысты бірталай оңтайландыру шаралар қабылданды, – дейді Альмара Қасымханқызы. Айта кетерлігі, салаландыру жұмыстарының нәтижесінде, Қарақия кәсіптік колледжінде  «Кеме жасау және кеме машиналары мен механизмдеріне техникалық қызмет көрсету» деп аталатын  жаңа мамандық «Кеме жөндеуші слесарь», «Кеме құбыр июшісі» біліктіліктерімен ашылған. Керісінше, жауыннан соңғы саңырауқұлақтай көбейіп кеткен қаржы және құқықтану мамандықтары мемлекеттік тапсырыстан алып тасталыныпты.

 Әсел ТАҢАТАРОВА, Маңғыстау

 
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды
Әлемде
02.09.2026
Қытайдың CRRC компаниясы шығарған пойыз Румынияда жолаушы тасымалдай бастады
Трансформация
02.09.2026
Мемлекет басшысы Еуразияның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруды ұсынды
Аймақтар
01.09.2026
Жетісу облысында Достық вокзалы жаңарту жұмыстарынан кейін қайта ашылды