«Кез келген рационализаторлық ұсыныс  өндіріске пайда әкелуі тиіс...»

Социум
16.09.2016, 18:20
Темір жолда өнертапқыштық жоғары бағаланғалы бері, техникалық шығармашылықпен айналысатын мамандардың қызығушылығы артуда. Арыс белгі беру және байланыс дистанциясының рационализаторы Мейрамбек Мұсахановтың  өндірістік салаға арнаған 35 жылының соңғы 20 жылы өнертапқыштықпен тығыз байланысты. 1980 жылдан Арыс белгі беру және байланыс дистанциясының бақылап, өлшеу қосынында (КИП) аға механик болып еңбек еткен ол 1996 жылы кеңсе жұмысына ауысып,  техникалық құжаттарды реттеумен айналыса бастаған соң, шығармашылықпен айналысуға ден қойып, рационализаторлық жұмысқа деген қызығушылығы артыпты. Сол кезден бастап, темір жолдың жұмысын жеңілдеткісі келгендерді айналасына үйіріп, талай эобюаларды дүниеге келтірген. Бүгінде бақылап, өлшеу қосынындағы механик,  транзистор, диот, т.б. қажетті құрылғыларды жөндейді.    –  Өнертапқыштық ұсыныстарды жандандыру соңғы он шақты жылда көп ілгері жылжыды.  Цехқа барғанда  көп жігіттер өздері ойлап тапқан жұмыстарын маған көрсететін болды. Сосын екеулеп оны қағазға түсіріп жетілдіреміз, құжатын туралаймыз. Бұрын өнертапқыштық жұмысыңды тиынмен бағалайтын. Ал, тиынға  ешкім басын ауыртқысы келмейді. Кейін, қомақты қаржы төлейтін болғасын жігіттер де қимылға көшті. Бірақ, менің ұстанымым – кез-келген рационализаторлық ұсыныс  өндіріске пайда әкелуі тиіс. –Ендеше, сол ұстанымымызға сай келетін бір мысал келтірсеңіз? –Мысалы, біздің бөлімшенің Арыс – Түркістан телімі электрленбегендіктен, пойыздар тепловоз тартымымен жүреді. Электр тартымы пен тепловоз тартымының айырмашылығы көп. Тепловоз жүргенде рельс арасында тізбектер болғандықтан, рельстің қысымы арқылы пойыздың жүріп бара жатқанын Шымкентте отырған диспетчерлер көріп отырады. Рельстің арасындағы муфтдан, яғни кішкене қорапшадан екі сым шығып, екі рельске қосылады. Пойыз сағатына 60-80 км жылдамдықпен жүргенде әлгі сым шығып кете береді. Егер рельстегі қысым байқалмаса, диспетчерге мына жол бос сияқты болып көрінеді. Ал шынында пойыз кетіп бара жатыр... Сондықтан, екінші жағынан шығып кете берген соң, қосқыш сымның басындағы резинкасын ыңғайлап кесіп, гайка сомынмен тартқыздық. Ол бір нәтижелі жұмыс болды. Бүгінде Арыс – Түркістан арасы толығымен осы әдіспен жұмыс атқарады. Бұл өнертапқыштық жұмыс электрленбеген телімдер үшін өзекті деп танылып, бірден қабылданды. Шымкент бөлімшесі бойынша тек Арыс – Түркістан телімі ғана тепловоз тартымымен жүреді, ал Қызылордадан бастап батыстың бәрі осы тәжірибені түркістандықтардан көріп, өздеріне жасап алды, – деген Мейрамбек Исабекұлы дистанцияда техникалық шығармашылықпен айналысатын Нұрғали Балғабаев, Нұрбол Түймебеков, Алмас Қонысов, Орысбай Қияшев, Якуда Жақсыбай, Қалдыбай Қирабаев сынды әріптестерінің жұмысын жоғары бағалайтынын айтып өтті. –Жастардың бойындағы ізденіске көңіліңіз тола ма? –Жастардан байқайтыным, техникалық әдебиетті оқуға уақыт арнамайды. Содан келіп ойлап тапқан дүниесінің қиюын келтіруге, жазуға келгенде білімі жетіңкіремей, қанша күн еңбектеніп тапқан жобасын іске асырарда қиналады. Сосын, өндірісте жиі қолданатын заттардың айтылуы басқа да, кітап бойынша техникалық тілде жазылуы бөлек. Оның үстіне техникалық шығармашылықты жетілдіргісі келгендерге бұл саладағы кітап,  журнал, сайт, қала берді құжаттың бәрі орыс тілінде болғанының да кедергісі бар. Қазақы өңірде өскен балалар ойындағы жұмысын орысша техникалық тілде жазып жеткізуге  қиналады. Сондықтан, алынбайтын қамал жоқ екенін ескеріп,  жастар тілі мен ой-өрісін дамыта беру үшін темір жолға қатысты техникалық әдебиетті көбірек оқыса деймін, – дейді маман. 

Динара БАЛҚЫБЕКОВА,  Арыс

Регионы
04.09.2026
Акция «Безопасный переезд» прошла в Кызылординском регионе
Регионы
04.09.2026
Лучших работников контактной сети определили в Карагандинском регионе
Регионы
04.09.2026
Нейсколько рейдов в рамках акции «Безопасная железная дорога» прошли в Павлодарском регионе
Новости / Архив
04.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №70 от 04 сентября 2026 года
Новости
03.09.2026
На 100 железнодорожных вокзалах завершены строительно-монтажные работы
Новости
03.09.2026
Локомотивные бригады КТЖ предотвратили 39 ДТП на ж/д переездах
Новости
02.09.2026
Завершена стыковка главного пути новой линии «Кызылжар — Мойынты»
Регионы
02.09.2026
Железнодорожный вокзал Жем открылся после реконструкции в Актюбинской области
Регионы
02.09.2026
Более 60 водителей получили разъяснения о правилах пересечения ж/д переездов в Алматинском регионе
Интервью
02.09.2026
Своевременная доставка угля – один из ключевых факторов энергетической устойчивости страны
Трансформация
02.09.2026
Глава государства предложил ускорить создание современного транспортно-логистического каркаса Евразии
Регионы
01.09.2026
Железнодорожный вокзал открылся после реконструкции на станции Достык
Регионы
01.09.2026
Реконструкция вокзала Жаланашколь завершена в области Абай
Новости
01.09.2026
КТЖ призывает школьников соблюдать правила безопасности вблизи железной дороги
Грузовые перевозки
01.09.2026
КТЖ перевезло более 1 млн тонн зерна с начала нового сезона
Социум
01.09.2026
Волонтеры КТЖ собрали школьные наборы для 730 первоклассников с отдаленных станций
Новости / Архив
01.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №69 от 01 сентября 2026 года
Новости
31.08.2026
Еще четыре ж/д вокзала открылись после реконструкции в регионах Казахстана
Социум
31.08.2026
Более 8 тысяч детей железнодорожников отдохнули в лагерях Казахстана
Регионы
31.08.2026
Обновленный железнодорожный вокзал открылся в Костанае