«Кез келген рационализаторлық ұсыныс өндіріске пайда әкелуі тиіс...»
Әлеумет
16.09.2016, 18:20
Темір жолда өнертапқыштық жоғары бағаланғалы бері, техникалық шығармашылықпен айналысатын мамандардың қызығушылығы артуда.
Арыс белгі беру және байланыс дистанциясының рационализаторы Мейрамбек Мұсахановтың өндірістік салаға арнаған 35 жылының соңғы 20 жылы өнертапқыштықпен тығыз байланысты.
1980 жылдан Арыс белгі беру және байланыс дистанциясының бақылап, өлшеу қосынында (КИП) аға механик болып еңбек еткен ол 1996 жылы кеңсе жұмысына ауысып, техникалық құжаттарды реттеумен айналыса бастаған соң, шығармашылықпен айналысуға ден қойып, рационализаторлық жұмысқа деген қызығушылығы артыпты. Сол кезден бастап, темір жолдың жұмысын жеңілдеткісі келгендерді айналасына үйіріп, талай эобюаларды дүниеге келтірген. Бүгінде бақылап, өлшеу қосынындағы механик, транзистор, диот, т.б. қажетті құрылғыларды жөндейді.
– Өнертапқыштық ұсыныстарды жандандыру соңғы он шақты жылда көп ілгері жылжыды. Цехқа барғанда көп жігіттер өздері ойлап тапқан жұмыстарын маған көрсететін болды. Сосын екеулеп оны қағазға түсіріп жетілдіреміз, құжатын туралаймыз. Бұрын өнертапқыштық жұмысыңды тиынмен бағалайтын. Ал, тиынға ешкім басын ауыртқысы келмейді. Кейін, қомақты қаржы төлейтін болғасын жігіттер де қимылға көшті. Бірақ, менің ұстанымым – кез-келген рационализаторлық ұсыныс өндіріске пайда әкелуі тиіс.
–Ендеше, сол ұстанымымызға сай келетін бір мысал келтірсеңіз?
–Мысалы, біздің бөлімшенің Арыс – Түркістан телімі электрленбегендіктен, пойыздар тепловоз тартымымен жүреді. Электр тартымы пен тепловоз тартымының айырмашылығы көп. Тепловоз жүргенде рельс арасында тізбектер болғандықтан, рельстің қысымы арқылы пойыздың жүріп бара жатқанын Шымкентте отырған диспетчерлер көріп отырады. Рельстің арасындағы муфтдан, яғни кішкене қорапшадан екі сым шығып, екі рельске қосылады. Пойыз сағатына 60-80 км жылдамдықпен жүргенде әлгі сым шығып кете береді. Егер рельстегі қысым байқалмаса, диспетчерге мына жол бос сияқты болып көрінеді. Ал шынында пойыз кетіп бара жатыр... Сондықтан, екінші жағынан шығып кете берген соң, қосқыш сымның басындағы резинкасын ыңғайлап кесіп, гайка сомынмен тартқыздық. Ол бір нәтижелі жұмыс болды. Бүгінде Арыс – Түркістан арасы толығымен осы әдіспен жұмыс атқарады. Бұл өнертапқыштық жұмыс электрленбеген телімдер үшін өзекті деп танылып, бірден қабылданды. Шымкент бөлімшесі бойынша тек Арыс – Түркістан телімі ғана тепловоз тартымымен жүреді, ал Қызылордадан бастап батыстың бәрі осы тәжірибені түркістандықтардан көріп, өздеріне жасап алды, – деген Мейрамбек Исабекұлы дистанцияда техникалық шығармашылықпен айналысатын Нұрғали Балғабаев, Нұрбол Түймебеков, Алмас Қонысов, Орысбай Қияшев, Якуда Жақсыбай, Қалдыбай Қирабаев сынды әріптестерінің жұмысын жоғары бағалайтынын айтып өтті.
–Жастардың бойындағы ізденіске көңіліңіз тола ма?
–Жастардан байқайтыным, техникалық әдебиетті оқуға уақыт арнамайды. Содан келіп ойлап тапқан дүниесінің қиюын келтіруге, жазуға келгенде білімі жетіңкіремей, қанша күн еңбектеніп тапқан жобасын іске асырарда қиналады. Сосын, өндірісте жиі қолданатын заттардың айтылуы басқа да, кітап бойынша техникалық тілде жазылуы бөлек. Оның үстіне техникалық шығармашылықты жетілдіргісі келгендерге бұл саладағы кітап, журнал, сайт, қала берді құжаттың бәрі орыс тілінде болғанының да кедергісі бар. Қазақы өңірде өскен балалар ойындағы жұмысын орысша техникалық тілде жазып жеткізуге қиналады. Сондықтан, алынбайтын қамал жоқ екенін ескеріп, жастар тілі мен ой-өрісін дамыта беру үшін темір жолға қатысты техникалық әдебиетті көбірек оқыса деймін, – дейді маман.
Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Арыс
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды
Әлемде
02.09.2026
Қытайдың CRRC компаниясы шығарған пойыз Румынияда жолаушы тасымалдай бастады
Трансформация
02.09.2026
Мемлекет басшысы Еуразияның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруды ұсынды
Аймақтар
01.09.2026
Жетісу облысында Достық вокзалы жаңарту жұмыстарынан кейін қайта ашылды