Басты ұстаным – сақтық шаралары
Түркістан мен Майлытоғай станциялары арасындағы екі жүзден астам шақырымды алып жатқан телім бойындағы теміржол нысандары мен жергілікті тұрғындарды электр қуатымен қамтып, жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысының сақталуына қызмет жасайтын Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясының Шиелі станциясындағы аудандық электр жүйесі мекемесі.
Өткен жылы Шиелі ауданаралық электр жүйесі ұжымы жыл басынан бері телімдердегі КТСМ-02, СОБ және АЛСН құрылғыларын қуат көзімен қамтамасыз ету, оларға техникалық күтім шараларын жүргізу және пойыз қозғалысының қауіпсіздігін сақтау жұмыстарын кінәратсыз, ақаусыз аяқтаған. Шиелілік электриктер белгіленген іс-шараларды өз уақытында орындаған. Мәселен, электр құрылғыларына техникалық күтім жасау жұмыстарына біркісідей атсалысып, автобұғаттау мен ток көзі құрылғыларының жоғары кернеу желісінің 129,54 шақырымын қыркүйек-қазан айларында 2423,36 шақырымын жыл басынан бері бақылаудан өткізген. Жоғары кернеулі (ВЛ) автобұғаттаудың әуе өтпелерін ИТР (инженерлі-техникалық жұмыс тобы) қатысуымен 162,9 шақырымы тексеріліп, бақыланған.
–Телімдердегі техникалық тексеріс барысында жоғары қуатты электр бағаналары құрылғыларының жай-күйі тексерілсе, қыркүйек, қазан айларында 215 дана, жыл басынан бері 533 дана ЭО постыларының кіріс панельдеріне негізгі және қосалқы ток көздерінен берілетін куат күштері өлшемнен өткізілген. Сонымен қатар қыркүйек-қазан айларында15 дана жоғары кернеулі (ВЛ) автобұғаттау фидерлерінің ток көздеріне қосылып-ажыратылуы тексерілді. Телім бойында электр қуатының іркілісін болдырмау үшін құрылғыларды техникалық баптау шараларымен қатар ағымдық күтім жұмыстары уақытылы жүргізілуде, – дейді аудандық электр жүйесі басшысы Алмат Үмбетов.
Шиелі станциясындағы аудандық электрмен қамтамасыз етушілердің мемлекет мүлкін өз заттарындай күтіп ұстап, оларға уақытылы техникалық күтім жасап, ағымдық жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізетіндері байқалады. Және де тұтынушыға электр қуатының іркіліссіз, қажетті нормада жеткізілуі үшін құрылғыларға қосымша күтім жасау шараларын сапалы атқару ұжымда қалыптасқан дәстүр. Жалпы алғанда ұжымның әрбір мүшесі өзінің кәсіби міндетін кемшіліксіз атқаруға дағдыланған. Қауіпті кәсіп иелерінің басты ұстанымы – сақтық шаралары.
0Қосымша атқарылған жұмыстардың сапында темір-бетонды электр бағаналарының 15 данасының техникалық жағдайы байқаудан өтті, 20 дана ПОНАБ КТПО-ларды тексеруден өткізу, теміржол өткелдерінің 90 дана жарықтандыру шамдарын бақылап, істен шыққан жарық беру жүйелерін жаңасымен алмастыру, темір жол нысандарындағы 162 жарық беру бағаналарына техникалық күтім жасалып, 797 изоляторлар жаңартылды, 3,750 км электр желілерін ауыстыру, 0,5 км электр желісін тартып байлау және электр қуатының таратылуына кедергі келтіретін 0,21 км аумақтағы ағаш бұтақтарын кесу секілді жұмыстар сырт қарағанда көзге көрінбейді, бірақ орындалуы тиіс шаралар, – дейді шиелілік ұжым басшысы.
Дегенмен, осы қарапайым тірліктің тыңғылықты жүргізілмеуі қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына себепші болатындықтан аса мұқияттылықты қажет етеді. Сондықтан «жұмыстың үлкен-кішісі болмайды» ұстанымы ұжымда берік орныққан.
Сабырхан НӘДІРБАЙ, Шиелі
Суретті түсірген Өмірбай Түменбай
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета