Қамданған қапы қалмайды...
Биылғы қыс еліміздің солтүстік пен шығыс өңірлерінде қалың түскен қармен күрес, әсіресе көлік жолдарының мамандарын әбігерге салуда. Қалыптасқан үрдіс бойынша теміржолшылар қармен күрес шараларына жұдырықтай жұмылған.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ Ақмола тасымалдау бөлімшесі жылдағыдай облыстың қала және аудан көлеміндегі жергілікті билігіне елді мекендерді қардан тазалау жұмыстарынада көмек беруде. Қазіргі таңда сондай жұмыстардың бір легі Атбасар қаласында жүргізіліп жатыр. Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі директорының орынбасары Вячеслав Мироновтың айтуынша, бұл өңірде қалың қарлы қыстан кейін көктем жеткенде сел басу қаупі туатын үш станция бар екен. Олардың қатарында Атбасар, Ақкөл, Бурабай станциялары бар. Сол себепті мұнда қазірде тек темір жол станцияларында ғана емес, жақын қалалар мен ауылдарда да қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
-Қармен күресті, тау боп үйілген қарды тазалауды көктем келгенде бастаймыз ғой деген болмайды. Ол кезде тым кеш болатынына өткен жылдардың тәжірибесі көз жеткізді. Біз, теміржолшылар жыл сайын осы қаңтар және ақпанның аяғына дейін қар тазалаумен айналысамыз, биыл жергілікті әкімдікке де көмектесудеміз. Бүгінде Атбасар станциясының басы қардан түгел тазартылды. Біз өзімізге тиесілі аумақты және 50 метрге дейін іргелес жатқан бөлінген жолақты уақытылы қардан тазалап отырмыз. Қыс басталғалы Атбасар станциясынан 82760 текше метр қар шығарылды, - деп ақпар берді В. Миронов.
Атбасар қаласы көктемде барлық су ағындары осында әкеп құятындай жерде орналасқан. 2014 жылы мұнда өте күшті су тасқыны болған, сондықтан жүк тасымалы бөлімшесі мен әкімдік және төтенше жағдайлар қызметі бірлесе қаланы су басып кетудің алдын алып отыр. Бөлімше қызметкерлері мүмкіндіктеріне қарай арнайы қар тазалайтын техникалармен әр күн сайын қарды жинап, қала сыртына апарып төгеді.
-Биыл біз 450 кг жарылғыш зат бөлдірдік. Керек жерінде қатқан мұзды тез бұзу үшін соларды пайдаланамыз. Біздің міндетіміз – көктем келгенде судың темір жол көпірлерінен кедергісіз ағуын қамтамасыз ету, - дейді В. Миронов, - Әкімдік те нақты жұмыстар жүргізіп жатыр. Олар еріген қар суы үшін дамбалар салу жұмыстарын күшейтуде.
Иә, қармен күрес бүгінгі таңдағы ең басты науқан болып отыр. Таяуда Атбасарда темір жол және жергілікті әкімдік, ТЖ департаментінің қатысуымен жоспарлама жиын болған. Онда қармен күрес мәселелері мен оларды шешу жолдары талқыланған. Мұндай кездесулер Ақкөл және Бурабай станцияларында да өткізілмек.
Динара ЗАЙТОВА
Райхан РАХМЕТОВА
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета