Бекәли АЛТЫН, Шымкент
Жылда қайталанып отыр...
1 мин чтения
Көктемгі тексеру кезінде Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясы бойынша бірқатар кемшіліктер анықталды.
Мәселен, Шеңгелдідегі №237, Монтайтастағы №87, Шағырдағы №98, Талдықұдықтағы №80, Арыс-2 станциясындағы № 55, Састөбедегі №13, Көктеректегі №9, Қорғасын –Черновод теліміндегі №23,17 тіректері мен Жылғадағы Ф-4 деп аталатын айырғыш діңгекте жерге тұйықталған түйіскен желі сымдары тіректен ажырап кеткені анықталған. Қорғасын – Черновод арасындағы №1, Бадам – Қалаштағы бойындағы №202, Дарбаза станциясындағы №94 тіректің әуе және түйіскен желісіндегі оқшаулағыштарының (изолятор) жарылғаны байқалған.
Қорғасын, Бадам, Шеңгелді, Қалаш бекеттерінде түйіскен желідегі секциялы оқшаулағыштар бір ретке келтірілмеген. Дарбаза, Жылға, Қорғасын және Талдықұдықтағы тіректердің түйіскен желісіндегі жіңішке сым ішектер арнайы ілмектерге дұрыс керіліп, жүктелмегені байқалған. Сонымен қатар, Қорғасын, Бадам, Көктерек бекеттеріндегі түнгі жарықтандырылудың әлсіз екені көзге шалыныпты. Айта кетерлігі, бұлардың бәрі жылда қайталанатын кемшіліктер көрінеді. Аталған кемшілікті түзеуге уақыт беріліп, электр мамандары қалпына келтірген.