Әке аманатын орындаған теміржолшы
Новости
06.06.2016, 11:09
Кеңестік тоталитаризм үстемдік құрған өткен ғасырдың 30-шы жылдары қазақ халқы қынадай қырылып, ұлтымыздың оқыған, білімді, көзі ашық зиялы қауым өкілдерінің ғана емес, қарапайым шаруа, момын адамдардың да тағдыры тәлкекке түсті.
Осы аласапыран дүрмекте теміржолшы, Астана Ірілендірілген жол дистанциясының диспетчері Азамат Маратұлы Базеновтың атасы Базен Махметовтың да репрессия тырнағына ілігіп, арты дерексіз кеткен еді. «Халық жауының» баласы деген ат таңылған ұлы Марат саяси қуғын-сүргін құрбандары ақталғанға дейін қаншама жыл қиындық көрді. Былтыр дүние салған ол өле-өлгенше із-түссіз кеткен әкесі жайында қандай да бір ақпарат табу үшін жер-көкті шарлап іздеп, ештеңе таба алмай, тауы шағылған екен. Күдерін үзбеген Марат әке іздеуді жалғастыра беруді балаларына аманаттап кеткен екен. Міне атасы Базен туралы немересі Азамат осы жылы мамыр айында тың деректердің көзін тапты. Бір көңіл толқытарлығы, бұл қайғылы болса да бір адамның тағдыры жайлы мәлімет 31 мамыр – Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында табылып отыр. Әкесінің өмір бойы қол жеткізе алмаған аманатын орындаған теміржолшы атасы жайлы ҚР ІІМ Ақпараттық-аналитикалық орталығы Арнайы мемлекеттік мұрағатынан тапқан құжаттармен оның өзімен жүздескендей сезімде қолдары дірілдей отырып танысыпты.
Теміржолшыға берілген мұрағаттық анықтамада Шығыс Қазақстан облысы, Ертіс ауданында 1905 жылы дүниеге келген Базен атаны айыптау туралы мұрағаттық қылмыстық іс ҚР ІІМ Арнайы мемлекеттік мұрағатында жатқандығы туралы жазылған. Сол кездегі Сталин ауданы, Бестөбе кенорынында кеншілік кеңестің хатшысы, кәсіподақ мүшесі болған оның молда, байдың баласы, білімі орта екендігі, отбасылық жағдайы, яғни, әйелі Сара, 8 жасар қызы Шакен, 2 жастағы ұлы Марат жайлы, тұтқынға алынған кезде жеке үйінің болғандығы туралы анкеталық жазбалар бар. Сондай-ақ онда Базен Махметовке халық арасында контрреволюциялық ұлтшылдық бағытта үгіт жүргізіп, кен орнынан орыстарды қуып шығуға қазақтарды үгіттеді, табындарды жоюға шақырып, малды қасақана шығынға ұшыратты деп кінә артылғаны жазылыпты. Оны 1937 жылы 7 сәуірде Сталин аудандық ІІХК тұтқынға алады. Іс қағаздарында сол жылдың күзінде ол ату жазасына кесіліп, бар мүлкі тәркіленеді. Базин Махметовті тергеу хаттамасында оның әкесі екеуінің 1929 жылға дейін 2000 бас отары, жер телімі және жеке екі мешіттерінің болғандығы, сол себепті кулак ретінде қудаланып, сотталып айдаудан қашып кеткені көрсетілген. Тергеу сұрақтары мен жауаптардың хаттамасында Базен Махметов жоғарыдағыдай өзіне артылған кінәнің бәрінің жалған екендігін айтады. Алайда басты мақсат елдің сүттің бетіне шыққан қаймақтарынан құтылу болғандықтан озбыр саясат Базен секілді көзі ашық қазақ азаматтарының сөзін қаперге де алмаған. Артында қалған жары мен балалары сол бір саяси қуғын сүргін зардабын өмір бойына өздерімен бірге арқалап кетті.
–Біз бұған дейін атамызды іздегенде Махметов Базен деп іздеп келдік. Ал құжаттарда ол Базин деп жазылған екен. Әкемнің аманатының орындалғанына көзіме жас ала отырып қуандым. Тектілер тұқымынан шыққан ата-бабаларым туралы кешегі буын ештеңе айта алмаса, мен бүгінгі кезде олармен мақтанатынымды жеткізгім келеді. Ендігі мақсатым – атамның қайда жерленгенін анықтап, сақталса фотоларын алу. Сол үшін Ресей федерациялық қауіпсіздік қызметіне арыз жаздым. Бұл арызым да қанағаттандырылса, атамыздың басына барып зиярат етіп келу арманымыз, – дейді Азамат Базенов.
Райхан РАХМЕТОВА
Новости
13.06.2026
Музей истории железных дорог Казахстана открыт в Астане
Новости
12.06.2026
Вокзалы станций Аул и Белагаш открыты после реконструкции
Грузовые перевозки
12.06.2026
Экспорт казахстанского зерна и муки вырос на 13% за сезон
Грузовые перевозки
12.06.2026
Более 3 млн тонн продукции агропромышленного комплекса направлено в Китай
Регионы
12.06.2026
Заседание молодёжного совета профсоюза железнодорожников прошло в Усть-Каменогорске
Новости
12.06.2026
Показательный комиссионный месячный осмотр прошёл на станции Сороковая
Новости
12.06.2026
Талгат Алдыбергенов обратился к трудовым коллективам
Новости / Архив
12.06.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №45 от 12 июня 2026 года
Регионы
11.06.2026
Пожарный поезд станции Актобе принял участие в республиканском учении «Өрт – 2026»
Новости
11.06.2026
АО «Теміржолсу» отремонтировало более 1000 объектов железнодорожной инфраструктуры
Новости
11.06.2026
Студенты Международного университета Астаны ознакомились с работой КТЖ
Регионы
11.06.2026
Илецкие железнодорожники провели экологические акции ко Дню окружающей среды
Регионы
11.06.2026
Лучших по профессии определили в Карагандинском эксплуатационном вагонном
Новости
10.06.2026
Церемония награждения детей работников КТЖ прошла в Астане
Новости
10.06.2026
Около 160 энергосберегающих мероприятий проведено в дочке КТЖ
Новости
10.06.2026
Топ-5 неочевидных штрафов на железной дороге: что важно знать пассажирам
Социум
10.06.2026
Строительство детсадов, спорт, помощь ветеранам и профориентация: как КТЖ реализует социальную политику
Регионы
10.06.2026
Действия при выявлении пассажира с опасной инфекцией в поезде отработали в Павлодаре
Новости
10.06.2026
Столичные железнодорожники обменялись опытом по содержанию зданий
Новости
10.06.2026
КТЖ призывает соблюдать правила безопасности на железнодорожных переездах