Өз отаныма оралдым

Новости
07.03.2017, 14:43
Астана ірілендірілген жол дистанциясының кадр бөлімінің маманы Дана Абулхиянованың туған жері Ресейдің Омбы қаласы. 2011 жылы бала кезден естіп өскен атамекені Қазақстанға оралған бойжеткен өзін отаныма оралдым деп санайды. Елордаға алғаш келгенде әсем қала алғашқыда тосырқай қарсы алғандай болғанымен, келе-келе  әбден бауыр басып,  бүгінде өзін өмір бойы осында тұрып келе жатқандай сезінеді екен. – Ата-анам әлі де Омбыда тұрады, мұнда туыстарым бар.  Кезінде ата-бабаларымыз осы жақтан, Ерейментаудан қоныс аударған екен. Мамандығым заңгер. Астанаға келер алдында қазақ тілін үйрену үшін бірнеше ай курсқа бардым. Өйткені, өмір бойы орыс мектепте оқып, араласатын ортам орыс тілді болғандықтан ана тілінен білетінім аз еді. Жұмыс іздегенімде  осы жол дистанциясы мені бірнеше ай тәжірибелік сынақтан соң, кадр бөліміне қабылдады. Қуанышымда шек болмады. Өз туған тілімді терең меңгергім келіп, аудармамен де айналыса бастадым, бүгінде жетістігім жаман емес, – дейді мақтанышпен жас маман. Бүгінде жолшылардың жұмысқа қажетті құжаттарын дайындауды еркін меңгеріп кеткен Дана, аз уақытта теміржолға бауыр басып кеткені сонша,  қалған өмірін осы саламен байланыстырғысы келеді. Соның айғағы ретінде ол екінші жоғары оқу орны – Алматыдағы жол қатынастары университетіне сырттай оқуға түсіп, биыл жол инженері мамандығын алып шықпақ. – Қанша дегенмен, туған жерің, Омбыны сағынбайсың ба? – деген сауалымызға: – Әрине, сағынамын. Омбыда қазақтар аз болғандықтан ба, ауызбірліктері өте мықты. Тіпті кейбір салт-дәстүрлер сол жақта берік сақталып, аталып өтетінін байқадым. Бірақ, кішкентай күнімнен ата-анам, әжелерім атамекеніміз Қазақстан туралы айтатын әңгімелері ертегідей естілетін. Сондықтан, сол отаныма оралған мен бақытымды осыннан тапқым келеді, басқа елді аңсамаймын, – деп аяқтады сөзін Дана. Райхан РАХМЕТОВА, Астана
Новости
20.08.2026
Новую цифровую платформу управления станциями внедряет КТЖ
Инфраструктура
20.08.2026
Железнодорожный путь оздоравливают на перегоне Акшолак–Ушбулак
Новости
20.08.2026
Инженерно-геодезическую практику проходят студенты ALT University в КТЖ
КТЖ в лицах
20.08.2026
Ответственность, команда и развитие: три слагаемых успеха в работе Аиды Иманбаевой
Новости
20.08.2026
Члены согласительной комиссии прошли обучение по рассмотрению трудовых споров
Грузовые перевозки
19.08.2026
Более 19 млн тонн угля перевезено в рамках подготовки к отопительному сезону в Казахстане
Регионы
19.08.2026
Пожарный поезд привлекли для тушения степного пожара в Карагандинской области
Регионы
19.08.2026
Погрузка в Костанайском отделении ГП превысила план
Регионы
19.08.2026
Павлодарские железнодорожники провели 154 профилактические беседы и 80 рейдов
Новости
18.08.2026
Более 2 тыс. водителей приняли участие в акции КТЖ «Безопасный переезд» в шести регионах страны
Регионы
18.08.2026
Рейд в рамках акции «Безопасный переезд» прошел на станции Актасты
Пассажирские перевозки
18.08.2026
Более 7,5 млн пассажиров перевезено поездами КТЖ с начала года
Новости
18.08.2026
Единую цифровую систему мониторинга поставок угля запускают в Казахстане
Новости
18.08.2026
Модернизация железнодорожных вокзалов продолжается в области Жетысу
Новости
18.08.2026
Тренинг по ИИ и вайб-кодингу прошёл в Дирекции перевозочного процесса
Новости / Архив
18.08.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №65 от 18 августа 2026 года
Новости
17.08.2026
Профилактические мероприятия по безопасности на железной дороге прошли в детских лагерях Борового и Алматы
Спорт
17.08.2026
Железнодорожник завоевал серебро на чемпионате Казахстана по пара-пауэрлифтингу
Грузовые перевозки / Цифра недели
17.08.2026
Более 184 млн тонн грузов перевезено на сети КТЖ
Регионы
17.08.2026
Волонтеры-железнодорожники приняли участие в экологической акции в Караганде