Қазақ деген халықтың баласымын...

Новости
14.03.2017, 15:17

Қырық бес жыл теміржол саласына еңбегі сіңген ардагер, «Құрмет» орденінің иегері, Құрметті теміржолшы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Консультативтік кеңес мүшесі, Семей бөлімшелік ардагерлер кеңесің төрағасы Қырықбай Әлсейітов – наурызда 80 жасқа толып отыр. 1937 жылы Семейдің  Аягөз өзенінің бойында орналасқан 1500 жылдық тарихы бар Қозы Көрпеш – Баян сұлу ескерткішінің маңайындағы Ақбоз ауылында дүниеге келген Қырықбай ақсақал әкесі Әлсейіт пен анасы Қалыш апаның  қырыққа келгенде көрген ұлы болған екен. Арғы-бергі шежіреден әңгіме шерткенде, анау-мынау тарихшыны жолда қалдыратын ағамыз сөз қадірін жақсы білетін жан болғандықтан аз сөйлеп, көп тыңдағанды ұнатады. «Қабдеш Жұмағұловтің «Дарабоз» атты кітабын оқыған боларсыз, онда Ұлы қолбасшы Қабанбай батыр бейнесін тарихи құжаттарға сүйене отырып, шынайы берген. Менің арғы тегім Орта жүз, Найман, Төлегетай, Қаракерей Қабанбай, Бөдес болады», – дегені есте қалыпты бірде ата-тегі туралы сөз болғанда. Бірақ, руға, жүзге бөлінгенді жаны қаламайтын, бар қазақ - бір қазақ дейтін жан еді. Мынау ұлы жүз, анау кіші жүз дегендей әңгіме қозғалған жерде сөзді тиып, өзі жақсы көретін ақын Тұманбайдың: «Қазақ деген халықтың баласымын, Ағы менен көзінің қарасымын. Халқын мақтан ететін өр жерлерде, Салтын сақтап жүретін бабасының...», – деген өлең жолдарын еске салатын.  Бүгінгі таңда теміржолдағы ардагер кеңестерін басқарып отырған ақсақалдар, ата дәстүрінен тамыр тартып, халқымыздың береке-бірлігін сақтау жолындағы бар шараларға қатысып жүрген, бар білген-түйгенін жастарға жеткізіп жүрген аға буын өкілдері. Қай жерде болмасын, салиқалы сөз айтып, теміржолдағы ғана емес, жалпы егеменді еліміздің саясатын қарапайым халыққа жеткізіп отыратын, орынды сөйлеп, өмірлік тәжірибесін көпшілікті ауызбіршілікке жұмылдыруға жұмсап жүрген осындай дана қарттарымыздың бірі өзін еңбекте бағы жанған жандар қатарына жатқызады. «Олай дейтінім, өмір жолымда тек жаны жайсаң еңбек адамдарымен үзеңгілес болдым, шені жоғары бола тұра, адамгершілік пен ізгіліктің  туын көтерген темір жолдың белді-беделді азаматтарымен әріптес, сыйлас болғаным – бағым емей немене?!» дегені есімде.    1959 жылы Ташкент теміржол институтын  бітіріп, Аягөз станциясының паровоз депосына бригадир болып жұмысқа тұрған жас кезін ардагер жиі еске алады. «Қазіргілердің өмірі ертегі ғой шіркін, ол кезде қап-қара түтін, көмір сасыған депо, паровоздардың өзі бізге кереметтей көрінетін, шаршап-шалдығу, жұмыстан жалығу дегенді білмейтінбіз, жаспыз гой...», дейді. Көп ұзамай мастер болған жас маман Аягөз ауданының саяси-қоғамдық  жұмыстарына да белсене араласа бастайды. 23 жасында  партия  қатарына өтіп, өзін білікті маман ретінде ғана емес, ұйымдастыру қабілетінің  ауқымдылығын да таныта бастайды. Семей теміржол бөлімшесінің сол кездегі бастығы Құдайберген Көпжасаров 25 жастағы жас жігітке үлкен сенім артып, 1962 жылы мыңға жуық адам жұмыс істейтін Шар локомотив депосына басшылыққа жібереді. Сенім жүгі әрқашан да ауыр және  салмақты. Сенім  арту  бір  басқа, ал сол  сенімнен шығу – бөлек әңгіме. Өңір басшыларының  жас жігітке таудай сенім артып, теміржолдың жауапты да, күрделі мекемесіне тағайындауының астарында қандай сенім жатқандығының өзі-ақ, Қырықбай  ағаның  да «оңай шағылатын жаңғақ» болмағанын байқатса керек. Шардағы алғашқы қадамын паровоз депосындағы көтерме жөндеу технологиясын игеру жұмыстарынан бастайды. Басты мақсаты – депо жұмысшыларының кәсіптік шеберліктерін арттыру болды. Сонымен қатар, олардың әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу арқылы ғана берілген тапсырмаларды көтеріңкі көңіл күймен сапалы орындауға қол жеткізуге болатынын жас та болса түсінді.  Аз уақыт аралығында депо жұмысшыларының  арасында жас басшы туралы оң пікірлер қалыптаса бастайды. ... Бірақ, өмір дегенің – күрес. Қандай да болмасын жаңа бастама қашан да қарама-қайшылықтарға толы болатыны заңды құбылыс шығар. «Жаңадан келген жас басшы бекітілген қаржыны жоспар бойынша емес, оңды-солды басқа арнаға бағыттап жатыр» деген алып-қашпа әңгімелер көбейіп, Қ.Әлсейітовке  үлкен айып тағылады. Домалақ арыз Мәскеуге дейін жетіп, жан-жақтан тексерушілер қаптайды. Егжей-тегжейлі тексеріс қорытындысы депо басшылығының жасаған тірліктерінің  бәрі  жұмысшылардың  әлеуметтік  жағдайларын жақсарту мақсатына жұмсалғандығын көрсетеді. Тіпті ойламаған жерден депо жұмысына оңтайлы баға беріліп, жас басшының батыл бастамасы басқаларға үлгі ретінде ұсынылады. Уақыт өте сол оқиға өмірінің бір белесі ретінде жеке тарихының  деректі бір парағына айналып, үлкен сабақ та болғаны анық.  Қазақ теміржолының басшылығы  қайсар мінезді  жігерлі жас басшыны тағы сынап көруді шешсе керек, 1966 жылы Атыраудың шөл даласы Құлсары – Мақат өңірінде жаңадан ашылған  Мақат  локомотив депосына басшы етіп жібереді.  Батыс өңіріндегі Маңғыстау, Мақат, Гурьев  локомотив деполарын бір жерге топтастырып, оған басшылық етуді бір қолға тапсырған басшылық кадр таңдауда тағы қателеспеген екен. Қ. Әлсейітовтің істі ұтымды ұйымдастыра білу шеберлігінің арқасында  өңірде локомотив шаруашылығының  жұмысы аяққа тұрып, дамуға бетбұрыс жасағанын көз көргендер айтады.  Өзіне тапсырылған сенім жүгін әркезде де адал атқарып отырған азамат мұнымен тоқтап қалмай, әрі қарай да өсу баспалдағымен жоғары өрлейді. 1973-1982 жылдары Гурьев  бөлімшесі мен Қазақ теміржолының  локомотив шаруашылығының бас инженері, кейіннен Алматы теміржолы басқармасының Семей бөлімшесі бастығының орынбасары, бас инженері  қызметтерін үлкен абыроймен атқарып, 2007 жылы  зейнет жасына шыққанша жемісті еңбек етеді.  Бірақ, зейнетке шықса да қарап отыруға мұршасын келтірмей, табиғатынан сергек те белсенді ақсақалға бөлімшенің ардагерлер кеңесін басқару ұсынылады.  Міне, күні бүгінге дейін өңірдегі ардагер-зейнеткерлердің бары мен жоғын түгендеп келе жатқан жайы бар. Оған қоса, он жылдан астам уақыттан бері ҚТЖ президентінің  жанынан  құрылған Консультативтік кеңестің тұрақты мүшесі. Қырықбай аға жарты ғасырға жуық өмірінде өзімен қызметтес болған әріптестер мен замандастарын ылғи да есіне алып, олардың ғибратты істерін кейінгі жастарға үлгі етіп айтудан жалыққан емес. Олардың қатарында Қазақстан теміржолының қадау-қадау тұлғалары болған азаматтар: Ж.Омаровтың, Қ. Көпжасаровтың, Р.Тұрғамбаевтың, А. Омаровтың, Н.Исингариннің, А.Селбаевтің, М.Хамзиннің, П.Синицаның, А.Стародубтың, Қ.Самбетовтің, Г.Гайнутдиновтің, Б.Шормаковтің, Қ.Мұхамеджановтің, Т.Бадамбаевтің есімдері жиі аталып,  олардың адами келбеттері мен азаматтық тұлғалары,  өндірісті басқарудағы ерекше тәсілдерін  аңыздай етіп айтады.  –Біздер «Кітап – мәңгілік қазына» дейміз. Ол рас. Ауызба ауыз айтылған естелік бір басқа да, қаламмен жазылған дерек бір басқа. Менің айтып отырған әңгімем ертең-ақ ұмыт болады, ал  тасқа жазылған  дерек өшпейді, тарихта қалады. Осы ретте біздің замандасымыз, белгілі қайраткер, экономика ғылымдарының докторы Н.Исинғариннің теміржолдың арғы-бергі шежіресін жасап жатқан ерен еңбегіне баға жетпейді. Еңбегі ескерусіз қалған қаншама тарихи тұлғалар есімін тірілтіп, ұмыт болған тарихи оқиғаларды қалпына келтірді. Жоғарыда атап өткен менің ұстаздарым, замандас әріптестерім теміржол тарихындағы тарихи тұлғалар, олардың есімі ешқашан ұмыт қалмай, ұрпақтар жадында мәңгі жасауы тиіс, – дейді ақсақал.     Алдыңғы буын ағалар ғана емес,  бірқатарына ұстаз болса, бірқатарымен сыйлас, әріптес аға болған кейінгі толқын інілері де Қырықбай ағаның әңгімесіне арқау болады. Олар: Б.Оспанов, А.Қажығұлов, Т.Датбаев, М.Шакенов, М.Әміров, М.Ибраев, С.Төлепов, М.Тілеубаев сынды локомотив деген алып шаруашылықтың «жілігін шағып, майын ішкен» азаматтар.  Бұл азаматтардың бәрі де кезінде  Семей бөлімшесінде қанаттарын қатайтып, кәсіптік шеберліктерін шыңдаған екен.  –Мен көп жылдардан бері Консультативтік кеңестің мүшесімін, өздерің білесіңдер. Біздің Қазақстан теміржолында бүгінгі таңда шамамен есепте тұратын 44000-нан астам зейнеткер бар. Сол жылдардан бері бір байқағаным, дәл ҚТЖ-дай ардагерлер қоғамына ерекше назар аударып, қамқорлық жасайтын бірде-бір компания жоқ. Сол ардагер-зейнеткерлердің ем-домы тағы басқасына жыл сайын қаншама қаржы бөлініп отырғанын көргенде еріксіз риза болып, көңілің толады. Әріге бармай-ақ қояйын, өткен жылдың өзінде Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекелік шараларын өткізу барысында 300-ден аса ардагерлер «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президентінің Алғыс хатымен марапатталып, мерекелік медаль тақты. ҚТЖ басшылығы бізбен тұрақты кездесіп, кеңесіп, пікірімізді сұрап тұрады. Сол үшін барлық Ардагерлер кеңесі атынан «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығының атына ерекше ризашылығымды  білдіргім келеді. Бүгінгі басшылыққа келген жастар да өз ұрпағымыз. Ардагер ағаларының жылы лебізі оларға да жетуі керек деп ойлаймын, – деп санайды ардагер. Қазақтың «жақсы адам қартайса, жазып қойған хатпен тең» деген даналық сөзі Қырықбайдай абыз ағаларымызға қарап айтылғанына еріксіз тәнті боласыз. Сексеннің сеңгіріне көтеріліп отырған ардагерге мықты денсаулық тілей отырып, баянды ғұмырыңыз бақытты күндерге толы болсын демекпіз.

Жұмагүл Әлжан, «Құрметті теміржолшы» атағының иегері

Новости
29.04.2026
Снизилось количество ДТП на железнодорожных переездах
Новости
28.04.2026
Всемирный день охраны труда отметили в КТЖ
Регионы
28.04.2026
Железнодорожники Усть-Каменогорска провели конкурс-викторину по охране труда
Регионы
28.04.2026
Круглый стол по охране труда прошел в Екибастузской дистанции пути
Регионы
28.04.2026
Всемирный день охраны труда отметили в Карагандинском филиале ВЖДО
Новости
28.04.2026
Семинар по охране труда с участием железнодорожников прошел в Астане
Новости
28.04.2026
Весенний комиссионный осмотр локомотивов стартовал в ТОО «КТЖ – Грузовые перевозки»
Новости
28.04.2026
Показательное технологическое «окно» по капитальному ремонту ж/д пути проведено на перегоне Астана – Сороковая
Новости / Архив
28.04.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №32-33 от 28 апреля 2026 года
Новости
27.04.2026
Реализацию ключевых железнодорожных проектов обсудили в области Абай
Новости
27.04.2026
Транспортные полицейские провели акцию «STOP-трафик» в пассажирских поездах
Новости
27.04.2026
Проинспектирован ход строительства железнодорожной линии «Бахты – Аягоз»
Регионы
27.04.2026
Десять железнодорожных вокзалов модернизируют в области Абай
КТЖ в лицах
24.04.2026
Верность профессии, дисциплина и наставничество: история мастера производственного обучения Ташкента Шариева
Регионы
24.04.2026
Уральские железнодорожники собрали 80 кубометров мусора на субботниках
Новости
24.04.2026
Неделя благополучия прошла в Центре диагностики пути
Новости
24.04.2026
KTZ Express и CRCT усиливают сотрудничество по развитию Среднего коридора
Новости
24.04.2026
Более 1577 км железнодорожных путей обновят в 2026 году в Казахстане
Новости
24.04.2026
Казахстан построит 5 тыс. км железных дорог в ближайшие 4 года
Новости / Архив
24.04.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №31 от 24 апреля 2026 года
MyQaz.kz