Жаңғызтөбеде жүк көбейген 

Новости
14.04.2017, 12:38
2 мин чтения
Семей ЖТ бөлімшесінің Жарма-Шар телімінің 817,1 шақырымында орын тепкен 3-ші класты Жаңғызтөбе станциясы жылды табысты бастады. Оған дәлел, жүк тиеу-түсіру жұмыстары алғашқы тоқсанда жылдық динамикаға сай жоғарылау үстінде. Тіпті, жүк тасымалына тұрақты клиент тарту бойынша жаңа ұсыныстар да көптеп түсуде. Шалғайдағы осынау станцияның жақсы аты жүк және жолаушы тасымалымен танылған. Себебі, Шар мен Жармаға қарай екі бағытта жол тармақталатын станция  қызметін Шығыс аймақтың Жарма, Көкпекті, Тарбағатай, Зайсан сынды  өңірлері түгел  пайдаланады. Келімді-кетімді жолаушы да, тасымалданатын жүктер де көбінесе осы аудандарға тиесілі. Сәйкесінше, мұндағы атқарылар жұмыс та қауырт. –Жүк айналымы жыл санап өсіп келе жатқаны қуантады. Әсіресе, мамыр-қараша айларында қарқынды еңбек орын алады. Негізінен кентте орналасқан мұнай базасы, әскери бөлімдер мен төрт бірдей ірі қылмыстық түзеу мекемелерінің жүктері тиеліп, түсіріледі. Сонымен қатар, бірқатар аудандар тапсырыс берген тыңайтқыштар, техникалар, ауылшаруашылық өнімдері, көмір де осы станциядан түсіріліп-жөнелтіледі. Соңғы жылдарда жүк айналымында, жалпы өндіріс барысында айтарлықтай өсім байқалады, – дейді станция бастығы, Жаңғызтөбе өңіріне әйгілі Нұрғалиевтар династиясының өкілі Азамат Қанапияұлы. Айта кетерлігі, жүк тасымалы бойынша жаңа көкжиектер ашылып отыр екен. Мысалы, өңірдегі іргелі зауыт «KazLime Industries» ЖШС құрылыс өнімдерін, шикі әктас тасымалдау үшін ұсыныс білдіріп отыр. Бұл жоба таяу аралықта жүзеге аспақ. Демек, логистика саласы бойынша станцияға жүк түсірер межелі шаралар жетерлік. Жаңғызтөбеден тиелген  жүк тек республика ішіне  ғана емес, көршілес Ресейге де тарайды.  Станцияда барлық қызмет салаларын қосқанда жүзге жуық теміржолшы бар. Соның шінде станцияда  16 теміржолшы еңбек етеді. Өткен жылды нәтижелі қорытындылаған станциялықтар  296 вагон, 19 027 тонна жүк тиеп, 802 вагон жүк түсірген. Сондай-ақ, маневрлік жұмыстар нәтижесінде 4 82 351 теңгенің таза пайдасы бар. Бұл соңғы жылдардағы жоғары көрсеткіш. Жалпы, станция қарамағында төрт қабылдау-жөнелту және 10 кірме жолдар бар. Уақытпен санаспай еңбек ететін жаңғызтөбеліктер  өз істеріне жауапкершілікпен қарау негізінде кейбір қиындық-кедергіге мойынсынбай жақсы жетістіктерге қол жеткізуде. Атап айтсақ, орталықтандырылмауы себепті бұрмалар қолмен жүзеге асырылады. Сонымен қатар,  Жаңғызтөбе кенті орналасқан үстірт Шығыс аймақ бойынша жел дәлізінің өтінде орналасқандықтан мұнда ауа райы аса қатаң. Жылдың төрт мезгілінде де түрлі қолайсыздықтар орын алып жатады. –Осы жерде туып-өскен жергілікті теміржолшылар үшін мұның бәрі үйреншікті жағдай, сондықтан ең бастысы жүк көбейіп, жұмыс жүрсе, қозғалыс қауіпсіздігін сақтап еңбек етуге дайынбыз, – дейді станция бастығы.

Қуаныш ҚОЖАЕВ,

Семей

Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета