Маңызды шешімдер қабылданды

Новости
09.06.2016, 17:32
 Жақында ұлттық компанияның Директорлар кеңесі өткізген отырыста кадрлық ауыс-түйістер және алдағы даму жоспары жөнінде бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. Жиынға «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Трансформация және арнайы жобалар жөніндегі басқарушы директоры Адамас Илькявичус төрағалық етті. Компанияны дамыту туралы және ағымдағы мәселелер сөз болған отырыста  қатысушылар Ұлттық компанияны түбегейлі қайта құру, «ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыру барысына тоқталды. Сонымен қатар компанияның басқарма мүшесі Ақболат Жағыпаровтың өкілеттігі мерзімімен бұрын тоқтатылып, оның орнына корпоративтік қамтамасыз ету жөніндегі вице-президент Эрик Имашев сайланды. Бұған қоса «Жолаушылар тасымалы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Бауыржан Орынбасаровтың да өкілеттігі де мерзімінен бұрын тоқтатылып, оны Қанат Алпысбаев алмастырды. Отырыс барысында «Локомотив» АҚ Жарғысы, ұлттық компанияның тәуекелді басқару саясаты, Орталық аппарат қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бойынша өзгерістер, компанияның 2016-2020 жылдарға арналған даму жоспары бекітілді, Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерінің лауазымын бекіту туралы жаңа Бағдарлама жасалды. Бұдан бөлек компанияның 85804 қарапайым акциясын үлестіру бағасы мен үлестіру мәселесі қаралды. Директорлар кеңесінің «ҚТЖ» ҰК» АҚ даму бағдарламасының биылғы бірінші тоқсандағы жұмыс қорытындысы, бірінші тоқсандағы тәуекелді азайту бойынша және қоғам еңбеккерлерінің әлеуметтік жайы туралы есеп берулері тыңдалды. Сондай-ақ, күн тәртібіндегі бір мәселе ретінде қоғамның Корпоративтік хатшысын сайлау мәселесі қаралды. Оған үміткерлерді әрі қарай іздеу үшін рекрутингтік компанияларға шығу туралы шешім қабылданды. Бұрынғы байқауға қатысқан үміткерлердің жетіспеген құжаттарын толықтыру қажеттілігі айтылды.

Гүлнара Елжасова

Новости
25.08.2026
Железнодорожница из Курорт-Борового отметила 100-летний юбилей
Новости
25.08.2026
Более 19,5 млн тонн угля перевезло КТЖ к новому отопительному сезону
Новости
25.08.2026
Более 450 раз машинисты прибегали к экстренным торможениям из-за выхода на пути животных
Регионы
25.08.2026
Узловое совещание прошло в Уральске
Новости
25.08.2026
Реконструкция 72 железнодорожных вокзалов завершена в Казахстане
Новости / Архив
25.08.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №67 от 25 августа 2026 года
КТЖ в лицах
24.08.2026
Главу АО «Теміржолсу» Түсіпбек Қойшығұл проводили на пенсию
Новости
24.08.2026
КТЖ расширяет применение Trip Optimizer и Kinetix
Регионы
24.08.2026
Транспортная прокуратура и полиция провели профилактическую встречу с павлодарскими железнодорожниками
Грузовые перевозки
24.08.2026
Объем грузовых перевозок за 7 месяцев достиг 184,4 млн тонн
Новости
24.08.2026
ТОО «КТЖ – Грузовые перевозки» – «Ақмола» победило в конкурсе «Үздік теміржол ұжымы»
Регионы
24.08.2026
Павлодарские железнодорожники провели профилактическую акцию в детском спортивном клубе
Регионы
23.08.2026
Ж/д вокзал Актобе открылся после реконструкции
Регионы
23.08.2026
Реконструкция вокзала Тобол завершена в Костанайской области
Регионы
21.08.2026
Будущие водители увидели железную дорогу из кабины локомотива на станции Арыс
Пассажирские перевозки
21.08.2026
Пассажирский поезд «Нурлы жол – Аркалык» продолжит курсировать до конца года
Новости
21.08.2026
Рука помощи: ребенок из семьи железнодорожников нуждается в курсе платной реабилитации
Инфраструктура
21.08.2026
Очередной этап модернизации завершен на железнодорожном участке Кандыагаш – Тобол
Регионы
21.08.2026
Вокзалы Акмолинской области меняют облик
Инфраструктура
21.08.2026
Двухпутное движение запущено на перегоне Жетыген – Курозек