Біз жеңбейтін қиындық жоқ...

Новости
18.04.2017, 12:45
3 мин чтения
Семей станциясындағы жүк тасымалы қауіпсіздігін ұйымдастыру бөлімінің жетекші инженері Ләззат Айтмұханованы бүгінде тек Семей жол бөлімшесінің теміржолшылары ғана емес, Ұлттық компания құрамындағы өзге де замандастары жақсы біледі. Ләззат тек өз кәсібінің білікті маманы ретінде ғана емес, теміржолшы жастарды қоғамдық жұмыстарға тартуда белсенділігі жоғары көшбасшылық қабілетімен де танылған талапты жан. Алматыдағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын тәмамдап, Семей жол бөлімшесіне қызметке орналасқанына сегіз жыл болған жас маман бүгінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің Семей жол бөлімшесі бойынша аймақтық өкілі.   Бөлімшедегі теміржолшы жастарды ортақ мақсатта жұмылдыра білген  Ләззаттың іскерлігі мен белсенділігінің арқасында соңғы жылдары семейлік жас теміржолшылардың бастамалары көптің көңілінен шығып, «бәрекелді» дегізіп жүр.   Әсіресе, бес атаулы мереке атап өтілген өткен жыл семейлік жастар үшін сан қырынан танылған ерекше жыл болды десек қателеспейміз.  Республикалық деңгейде өтіп жатқан «Жақсылық жолымен» атты акция Семей өңірінде өте белсенді жүрді. Ләззат Айтмұханова бастаған жастар өткізген «Бала күлкісі станциясы» атты жаңа жобаны бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаевтың өзі қолдап, қайырымдылық шарасының жыл соңына дейін жалғасуына қолдау жасады. Нәтижесінде қаладағы №8 балалар үйінің жеткіншектеріне көп қамқорлық көрсетілді.  – Алғаш бұл бүлдіршіндерді теміржол мұражайын тамашалатып, табиғат аясына серуендетіп көңілдерін аулайтынбыз. Бірде осындай шарадан қайтарда, кішкентай бала «әпкелеп» етегіме жабысып, жібергісі келмеді. Қоштасарда көздерінен мөлт-мөлт еткен жасты көріп, жүрегім ауырып кетті. Содан бері бұл балалар үйін біздің жиі ат басын бұратын орынмызға айналды, түрлі мейрамдарда сыйлықтар тарту етіп, мерекелік концерт қойып, қолдан келген қайырымымызды жасаймыз. Жан жылуына мұқтаж балақайлардың «өскенде теміржолшы боламын» деп бізге ризашылық білдіргенін көрудің өзі неге тұрады?! – дейді өз жұмыстары жайлы пікір бөліскен Ләззат. Бір бұл емес, Семей жол бөлімшесінің тарихында теміржолшы жастар тұңғыш рет өңірдегі көзі тірі соғыс ардагерлерінің үйлерін аралап, қарттардың мүқтажын орындап, әңгімелесіп, көңілдерін көтеріп, сыйлық таратып шықты. – Ләззаттың ұйытқы болуымен жүзеге асқан игі шаралар көп. Өнерлі жастардың басын қосып көркемөнерпаздар үйірмесінің қалыптасуына, семейлік көңілді тапқырлар клубы жұмысының жандануына үлес қосты. Республикалық бәсекелерде жүлделі орындар алып келіп жүр.  Өзі айтпақшы, оның ұраны – «Біз жеңбейтін қиындық жоқ». Қандай іске болсын батыл кірісіп, нәтиже шығарғанша тыным таппайды, ізденімпаз. Өнегелі ісімен мақтан етуге тұрарлық әріптесіміз, –дейді Ләззат жайлы пікірінде Семей жол бөлімшесі кәсіподақ комитетінің төрағасы Асхат Жармұхаметов. Сонымен қатар, Ләззат өзі жетекшілік ететін белсенді жастарды да биіктерге жетеледі. Атап айтсақ, 2013 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ бойынша 17 аймақтық өкілдік ішінен үздік үштік қатарына ілікті. Бұл да семейлік жас сала мамандары үшін бұрын-соңды орын алмаған жетістік болатын. Ләззат өз мамандығы бойынша да қатарының алды саналады. 2012 жылы ІІІ-ші республикалық форумда «Жас кәсіби маман» байқауында «Жүк саласының жас маманы» номинациясы бойынша жүлделі екінші орын алған еді. Таудай талабының арқасында араға екі жыл салып, 2014 жылы аталмыш номинация бойынша бас жүлдені еншіледі. Одан өзге ұлттық компания басшылығы мен бөлімше басшылығынан алған марапаттары бір төбе. «Жас келсе іске» деген нақыл Ләззат Айтмұханова сынды талапты өрендерге арналып айтылғаны сөзсіз. 

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета