Тазалық айы жүріп жатыр 

Новости
21.04.2017, 17:23
 Астана станциясына қарасты тораптық теміржол мекемелері өткен сенбіде жаппай сенбілікке шығып, тазалық жұмыстарын бастап жіберді.   Астана станциясы, ВП-18, НОРП-5, Ірілендірілген Астана жол дистанциясы, Елорда вокзалы, ЛВЧДР-9, ВЧД-8, «Қала маңы тасымалы» АҚ Ақмола аймақтық телімі, ТЧЭ-11, ТЧР-11, ЭЧ-8 қызметкерлері өз мекемелерінің тұсындағы аумақтарды, болат жол бойларын қоқыстан тазарту, ағаш түптерін әктеу, техникалық ғимараттарды жөндеу, сырлау, жол жиектерін  әктеу, қауіпсіздік және белгі беру сызықтарын сырлау жұмыстарымен айналысты. –Табиғат ана жаңарып, жасарып жатқанда, қыстан қар астында жиналып қалған қоқыстарды тазалап, айналымызды мұнтаздай етіп ұстау үшін осындай шаралар керек. Теміржолшылар да бүкіл ел атсалысып жатқан сенбіліктерге бір адамдай қатысып, тазалық айына атсалысуда. Мұндай жұмыстар әсіресе, бөгде заттар қауіпсіздікке нұқсан келетін теміржол үшін аса маңызды. Сол себепті бізде тазалық жұмыстары тек сенбілікте емес ұдайы жүргізіледі, – дейді Астана станциясының бастығы Әділет Айтбек. Сенбілікте барлығы 14 техника жұмылдырылып, соның күшімен 38, 17 тонна қоқыс шығарылған, сондай-ақ 306 ағаштың түбі әктеліп, бірнеше өндірістік ғимараттар жөндеуден өткізілген. Қалпына келтіру пойызының ұжымы 110 шаршы метр жолды тегістеп, станция жолының екі алқымын тазалаған, сонымен қатар 0,03 тонна металл жинаған. «Вагон-сервис» АҚ жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Ақмола филиалының жұмысшылары кіреберіс жолдардағы 497 км белгі беру құрылғыларының айналасын қоқыстан тазартқан. Тазалық жұмыстары Ұлттық компания президенті Қ. Алпысбаевтың 2016 жылғы 3 қарашада бекітілген №157 «Қармен күрес және аумақты санитарлық тазалау» туралы бұйрығына сәйкес орындалды.

Райхан РАХМЕТОВА Сурет Астана станциясы архивінен

Новости
28.04.2026
Всемирный день охраны труда отметили в КТЖ
Регионы
28.04.2026
Железнодорожники Усть-Каменогорска провели конкурс-викторину по охране труда
Регионы
28.04.2026
Круглый стол по охране труда прошел в Екибастузской дистанции пути
Регионы
28.04.2026
Всемирный день охраны труда отметили в Карагандинском филиале ВЖДО
Новости
28.04.2026
Семинар по охране труда с участием железнодорожников прошел в Астане
Новости
28.04.2026
Весенний комиссионный осмотр локомотивов стартовал в ТОО «КТЖ – Грузовые перевозки»
Новости
28.04.2026
Показательное технологическое «окно» по капитальному ремонту ж/д пути проведено на перегоне Астана – Сороковая
Новости / Архив
28.04.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №32-33 от 28 апреля 2026 года
Новости
27.04.2026
Реализацию ключевых железнодорожных проектов обсудили в области Абай
Новости
27.04.2026
Транспортные полицейские провели акцию «STOP-трафик» в пассажирских поездах
Новости
27.04.2026
Проинспектирован ход строительства железнодорожной линии «Бахты – Аягоз»
Регионы
27.04.2026
Десять железнодорожных вокзалов модернизируют в области Абай
КТЖ в лицах
24.04.2026
Верность профессии, дисциплина и наставничество: история мастера производственного обучения Ташкента Шариева
Регионы
24.04.2026
Уральские железнодорожники собрали 80 кубометров мусора на субботниках
Новости
24.04.2026
Неделя благополучия прошла в Центре диагностики пути
Новости
24.04.2026
KTZ Express и CRCT усиливают сотрудничество по развитию Среднего коридора
Новости
24.04.2026
Более 1577 км железнодорожных путей обновят в 2026 году в Казахстане
Новости
24.04.2026
Казахстан построит 5 тыс. км железных дорог в ближайшие 4 года
Новости / Архив
24.04.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №31 от 24 апреля 2026 года
Спорт
23.04.2026
Сильнейших армрестлеров среди железнодорожников определили в Павлодаре
MyQaz.kz