Кемшілікке кеңшілік жоқ

Новости
25.04.2017, 11:31
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде көктемгі комиссиялық байқау қорытындысы бойынша жиын өтті. Барлық мекеме басшылары мен жауапты мамандар  қатысқан жиында бөлімше директоры Бөріхан Беркімбаев көктемгі байқау біраз  кемшіліктерді анықтағанын айтты. Алдымен  сөз кезегін алған бөлімше директорының бірінші орынбасары Амантай Жайлығұлов  тексеру анықтаған кемшіліктер  туралы жан-жақты сараптама жасады, кінәлілердің атын атап, түсін түстеп берді. Амантай Жиенбайұлының айтуынша, станция басшылары, олардың орынбасарлары өз қызметтерінің жауапкершілігін жіті сезінбейді. Мәселен, жекелеген станция басшылары, жұмысты тексеру кезінде бірде-бір кемшілік таппайды. Сөйлесу регламенті сақталмайды, комиссиялық айлық сапасыз жүргізіледі,  ДУ-67 журналы дұрыс толтырылмайды, кадрлардың техникалық білімі төмен, т.т. Атырау вагон пайдалану депосы басшылығы тарапынан қауіпсіздікті ұйымдастыру, қадағалауда кемшілік  бар. Көктемгі тексеру комиссиясының жоспарланбаған бақылауы кезінде вагондарды бір адам ғана тексеріп жүрген жайттар орын алған. Мысалы 70 вагонды 20 минут аралықта тексеріп болу міндеттелсе, жалғыз вагон қараушының бұл уақытты еңсере алмасы белгілі. Бұдан өзге Атырау локомотив пайдалану депосы тарапынан да кемшіліктер тізбектеліп айтылды. Машинистерде жайбасарлық бар. Бүгінгі таңда Тальго пойызының жолда жүру кестесі, машинистер тарапынан өте қырағылықты, жауапкершілікті талап етеді. Осыны машинистеріміздің ескере бермейтіні қауіп төндіреді. –Биыл біздер тексеру кезінде Сағыз, Мақат, Құлсары белгі беру және байланыс дистанцияларында да көп кемшілікті анықтадық. Әсіресе, Құлсары дистанциясының жұмысы сын көтермейді. Олардың міндетіне  бұрын Бейнеу учаскесіне дейінгі  телім тиесілі болса, бүгінде жаңа жолдың есебінен Мақат – Бейнеу – Тассай учаскелері болып ұзарып, жұмыс ауқымы кеңейгендіктен, игере алмай жатқан сыңайлы.  Дегенмен де, теміржолда қатаң талап, темір тәртіп  үдесінен шыға білу міндет. Бұдан өзге, комиссия қауіпсіздікке қатысты да бірқатар кемшіліктер анықталды. Қағаз жүзінде болғанмен, іс жүзінде жасалмаған істер бар болып шықты, – деді  «Атырау жүк тасымалы»бөлімшесі директорының бірінші орынбасары  Амантай Жайлығұлов. Сонымен қатар, Ганюшкино, Мақат, Сағыз станцияларына қатысты біраз сын-ескертпелер айтылды. Комиссия құрамын әсіресе, белгі беру және байланыс дистанцияларында орын алған кемшіліктер таңғалдырып отыр. –Белгі беру және байланыс дистанцияларында биыл көп кемшілік анықталды. Бұл жерде білікті, көп жылдық тәжірибесі бар мамандар отыр. Ендеше неге кемшілік орын алуда, бұның себебі неде? Әскерилендірілген теміржол қызметінің жұмысы тіпті сын көтермейді. Олар теміржол бойындағы қауіпсіздіктің бірден-бір сақшысы болуы міндетті. Өздеріңіз білесіздер, Ақтөбедегі жағдайдан соң, елімізде сары жолақ қауіпті белгісі енгізіліп, қауіпсіздікке аса мән берілуде. Бүгінде әлем бойынша лаңкестікпен күресуде. Осы тұрғыда, жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асыратын теміржол саласы сақтықты екі есе қатаң қадағалауы қажет. Сіздерде ішкі тәртіп жоқ. Теміржол саласында ұрлық-қарлықтың жиі орын алуы сондықтан, – деген бөлімше директоры кемшілікке кеңшілік болмайтынын, келеңсіздіктерді 1 ай уақыт ішінде түзетуге, әр сала бойынша  қауіпсіздікті күшейтуге  тапсырма берді. 

Нарғыз ҒАБДУЛЛИНА, Атырау

Новости
20.08.2026
Новую цифровую платформу управления станциями внедряет КТЖ
Инфраструктура
20.08.2026
Железнодорожный путь оздоравливают на перегоне Акшолак–Ушбулак
Новости
20.08.2026
Инженерно-геодезическую практику проходят студенты ALT University в КТЖ
КТЖ в лицах
20.08.2026
Ответственность, команда и развитие: три слагаемых успеха в работе Аиды Иманбаевой
Новости
20.08.2026
Члены согласительной комиссии прошли обучение по рассмотрению трудовых споров
Грузовые перевозки
19.08.2026
Более 19 млн тонн угля перевезено в рамках подготовки к отопительному сезону в Казахстане
Регионы
19.08.2026
Пожарный поезд привлекли для тушения степного пожара в Карагандинской области
Регионы
19.08.2026
Погрузка в Костанайском отделении ГП превысила план
Регионы
19.08.2026
Павлодарские железнодорожники провели 154 профилактические беседы и 80 рейдов
Новости
18.08.2026
Более 2 тыс. водителей приняли участие в акции КТЖ «Безопасный переезд» в шести регионах страны
Регионы
18.08.2026
Рейд в рамках акции «Безопасный переезд» прошел на станции Актасты
Пассажирские перевозки
18.08.2026
Более 7,5 млн пассажиров перевезено поездами КТЖ с начала года
Новости
18.08.2026
Единую цифровую систему мониторинга поставок угля запускают в Казахстане
Новости
18.08.2026
Модернизация железнодорожных вокзалов продолжается в области Жетысу
Новости
18.08.2026
Тренинг по ИИ и вайб-кодингу прошёл в Дирекции перевозочного процесса
Новости / Архив
18.08.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №65 от 18 августа 2026 года
Новости
17.08.2026
Профилактические мероприятия по безопасности на железной дороге прошли в детских лагерях Борового и Алматы
Спорт
17.08.2026
Железнодорожник завоевал серебро на чемпионате Казахстана по пара-пауэрлифтингу
Грузовые перевозки / Цифра недели
17.08.2026
Более 184 млн тонн грузов перевезено на сети КТЖ
Регионы
17.08.2026
Волонтеры-железнодорожники приняли участие в экологической акции в Караганде