Ұлан ОРАЗ
Жолаушылар тасымалы артқан
1 мин чтения
Жыл басынан бергі өткен 4 айдың қорытындысы бойынша биыл елімізде жолаушылар тасымалының көлемі артып отыр.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған мерзім ішінде жолаушылар тасымалының айналымы 4 млрд 587 млн жолаушы-км-ді құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 1,2 пайызға артық. Сонымен қатар жөнелтілген жолаушылар саны 6 млн 30 мыңды құрап, былтырдан 45 мың жолаушыға артық шыққан. Әсіресе, «Тұлпар-Тальго» пойыздары бойынша жолаушылар айналымы артып, 209 пайызды құраған. Бұл өткен жылдан екі есеге көп. Енді 5 айдың көрсеткішінде жолаушылар айналымының көлемі 1,6 пайызға, тасымал 7,6 млн жолаушыға артады деп күтіліп отыр.