Елдік пен ерлікке тағзым

Новости
12.05.2017, 16:10
6 мин чтения
Жеңіс күні қарсаңында «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Ақмола магистральдық желі бөлімшесінің вокзал шаруашылығы ұжымы соғыс ардагері Анна Савицкаяны құттықтап барды. 1926 жылы Украинада дүниеге келген Анна Ивановна фашист басқыншыларынан елін азат етуге қатысып, соғыс аяқталған соң Қазақстанға көшіп келген. Темір жол көлігіндегі қызметін Сілеті станциясында стрелка бұрушыдан бастап, кейін Ақмола станциясына ауысып, зейнетке шыққанша еңбек еткен. Осылай, Тың темір жолының дамуына үлес қосқан соғыс және еңбек ардагері бүгінде сексеннен асып, жүріп-тұруы қиындағаны болмаса, естіп-көруі, сөйлеуі жақсы, тың, қуатты. Вокзал басшылығы соғыс ардагерін құттықтап, гүл шоғымен қатар азық-түлік толы себеттер сыйлады. Мұның алдында қарт майдангерді Аграрлық университеттің студенттері де Жеңіс күнімен құттықтап келіп, азық-түлік қорын әкеп беріп кеткен екен. Анна Савицкая әріптестерінің өзін ұмытпай, жыл сайын құттықтап келіп тұратындарын мақтаныш ететінін жеткізді. «Еліміз тыныш, аспанымыз ашық, мәңгі бейбіт өмір болсын!» деп тілегін білдірді қос майдан ардагері.

Сұлугүл БАКЕСОВА, Астана

Семей Жүк тасымалы бөлімшесі мен жергілікті салалық кәсіподақ басшылығы мерекелік күндер құрметіне орай қала орталығындағы Жеңіс саябағында орын тепкен Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Елдік пен ерлікке тағзым саналатын бұл рәсімге бөлімшеге қарасты барлық мекемелер басшылары мен кәсіподақ комитетінің мүшелері қатысты. Сала қызметкерлерін бөлімше директорының бірінші орынбасары, Құрметті теміржолшы Дәукен Ибраев бастап келген болатын. Теміржолшылар Мәңгілік алау төріне гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен сол бір жылдар мен олардың куәгерлерін еске алды. – Расында бүгінде Семей Жүк тасымалы бөлімшесі бойынша, бүкіл желі бойында небары төрт бірдей соғыс ардагері ғана қалыпты. Қатарлары айтарлықтай сиреп қалған сол жандарға көрсетілер құрмет пен қазіргі таңда бақилық болған ардагерлер есімі ешқашан ұмытылмауы тиіс, – дейді өз пікірінде Дәукен Назанұлы. Сонымен қатар, бұл күні бөлімшеге қарасты барлық қарт майдангерлер зиярат етіліп, әрқайсысына арнайы мерекелік сыйлықтар табысталды.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

 

Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Нәжімеден Ғұбашов Жетібай ауылында тұратын 93 жастағы соғыс ардагерін Жеңіс күнімен құттықтады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ және Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі мен кәсіподақ комитетінің атынан теміржол басшылығы майдангерге ұрпақ үшін жасаған ерлігіне алғыс айтып, бағалы теледидар сыйға тартты. Кеудесі орден, медальға толы Күбір Тлешов ақсақал жас әріптестерін қуана қарсы алды. Дастархан басында емен-жарқын әңгімелескен қонақтар Жетібайда қалған жалғыз соғыс ардагеріне зор денсаулық тіледі. Бұл күні Күбір атаның есігіне тыным болмады. Бес баласы бес жақтан бала-шағасымен әкелерін мерекемен құттықтап келіп жатты. – «Күркіреп күндей өтті ғой соғыс» деп майдангер ақын Қасым Аманжолов жыр-лағандай, алапат соғыс ардагерлері үшін оны еске алу оңай емес. Қанды қырғынды ойласақ жүрек шайлығады. Десек те, алдыңғы толқынның өткен тарихын ұмытпай, құрметтеп жатқандарыңызға рахметімді айтамын, – дейді Күбір Телбайұлы.

Әсел ТАҢАТАРОВА, Маңғыстау 

Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің басшылығы мен кәсіподақ комитеті ардагерлер кеңесінің өкілдерімен бірге соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті.

Ұлы Жеңістің жақындауына үлес қосқандардың бірі Иван Васильев бүгінде 97 жаста. Денсаулығы өзгелермен салыстырғанда әлі тың. Ұзақ жылдар теміржол ауруханасында еңбек еткен майдангер Жеңіс туралы сүйінші хабарды Австрияның Вена қаласында естіпті. Оған ауыр тиетіні майдан шебінде талай боздақтан, бауырларынан айырылуы екен. Ақсақал «Ерлігі үшін», «Будапештті алғаны үшін», «Сталинградты азат еткені үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін» тағы басқа медальдар иегері. Прихно Анастасия Ананьевна да үйде өз бетімен қимылдайды. Немерелері қарайласып тұрады екен. Қариялардың қай-қайсысы да бейбіт өмірден артық ештеңе жоқ, қадірін біліңдер деген өсиет айтады.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Сыр елінің теміржолшылары биылғы Жеңіс тойына аман-есен жеткен жеті ардагерге құрмет көрсетті.

Олардың екеуі Қызылордада, бірі Шиелі станциясында тұрақтаса, ендігі үшеуі Сексеуіл станциясында ұл-қыздары мен немерелерінің ортасында бақытты ғұмыр кешіп жатыр. «Қызылорда жүк тасымалы» бөлімшесінің басшылығы кәсіподақ ұйымы ардагерлерді аралап, жеке-жеке құттықтады. – Жеңістің 72-көктеміне жеткен жеті майдангерге 30 АЕК көлемін-дегі қаржылай сыйақы бөлімше есебінен берілді. «Қазпрофтранс» ұйымының және бөлімше кәсіподағы тарапынан 30 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық пен осындай көлемдегі қаржыға азық-түлік себеті берілді. Бұдан бөлек өзге де көмектер жеңіс солдаттарына жасалып, олардың ұсыныс-тілектері ешқашан ескерусіз қалмайды, – дейді майдангер қарияларды бөлімше басшылығы атынан құттықтай барған кәсіподақ ұйымының басшысы. 

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Сексеуіл станциясы 

Ұлы Жеңістің 72 жылдығымен Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Берік Ақшалов бастаған сала басшылары бірқатар ҰОС ардагерінің шаңырағына бас сұғып, құттықтады 

Алдымен қарт машинист Базарбай Бүрбаевтың шаңырағында болып, 92 жасты алқымдаған ақсақалды құттықтап, әңгімесін тыңдады. 393-ші атқыштар полкінде минометші болған майдангер «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Ерлігі үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Елге оралған соң 1947-1988 жылдар аралығында Жамбыл локомотив депосында машинист болып еңбек еткен. Ал Құрметті теміржолшы Садықбек Егембердиев соғысқа дейін Жамбыл темір жол училищесін бітіріп, 1942 жылы әскерге шақырылады. Саратов қаласында үш айлық курстан өтіп, Сталинград майданына қатысқан. Соғыста Украина, Румыния, Польша, Германия жерлерінде болған. 1945 жылы Франкфурт қаласында соғысты аяқтаған. Ал елге тек 1950 жылы оралады. Соғыстан соң Жамбыл қаласында машинистің көмекшісі, машинист, машинист нұсқаушы, локомотив депосы бастығының локомотив пайдалану жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 1979 жылы зейнетке шығады. Кеудесіне «Сталинградты қорғағаны үшін» және басқа да медальдарды қадаған қарт майдангердің бейбіт өмірде «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» орденімен марапатталады. Айта кетсек, бүгінгі күні Жамбыл жол бөлімшесінде 12 ҰОС ардагері бар екен. Жеңіс мерекесінде олардың барлығына үлкен құрмет көрсетіледі.

Ерман Әбдиев, Жамбыл 

Шымкент жүк тасымалы бөлім-шесінің ұжымы Жеңістің 72 жылдық мейрамына орай соғыс ардагерлеріне дастархан жайып, құрмет көрсетті. 

Бөлімшенің кәсіподақ комитеті ұйымдастырған жиын қариялардың көңілінен шығып, ізбасарларына ризалығын білдірді. Бөлімше басшысы Ермекбай Ерманов қатарлары азайып қалған ардагерлерге бейбіт өмір үшін және елге келген соң теміржол саласының дамуына үлес қосқан еңбектеріне бүгінгі ұрпақ мәңгі қарыздар екенін жеткізді. Жеңіс күнінің құрметіне ардагерлерге 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде сыйақы және «ҚТЖ-ЖТ» АҚ президенті Оралхан Кулаковтың бейне құттықтауы жазылған диск тарту етілді. Теміржолшы ардагерлердің көңілін көтерген бұл сандық бейне құттықтауды арнайы Мәскеуден алдырған екен. Сондай-ақ, М.Тынышбаев атын-дағы ҚазККА филиалы Шымкент көлік колледжінің оқытушылары мен студенттері де соғыс және тыл ардагерлерімен кездесу өткізді. Колледж директоры Ережеп Тойымбетов қарияларды Жеңіс күнімен, ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығымен құттықтап, олардың ерлікпен һәм еңбекпен өрілген өмір жолы жас ұрпаққа мәңгі үлгі-өнеге болатынын жеткізді.

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета