Күн тәртібінде – тежегіш тақырыбы
Семей локомотив пайдалану депосында локомотив, вагон және қозғалыс шаруашылығы қызметкерлерінің қатысуымен автотежегіштерді пайдалану жөнінде конференция өтті.
Оған локомотив пайдалану деполарының машинистері және вагон пайдалану деполарының вагон қарап-жөндеушілері қатысып, тежегіштерді пайдалануға қатысты нұсқау талаптарының бұзушылықтарын талқылады. Нұсқаушы-машинист Ерлан Сәрсекенов бұл туралы нақты деректер келтірді. Ал вагон депосының нұсқаушысы Қуат Шалтаевтың айтуынша, вагон пайдалану депосының мамандары мен локомотившілердің арасында тежегіш жұмысына қатысты түсініспеушілік жиі орын алады. Жиында осы мәселе көп сөз болып, ортақ мәмілеге келіп, шешімін табу жолдары қарастырылды.
– Жылжымалы құрамның автоматтық тежегіші ерекше жағдайда пайдаланылып, қозғалыс жоғары жылдамдықта болғанда, қолайсыз ауа райында, үзіліссіз жұмыста, пойыздың ауыр салмағында пойыздың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Ол үшін ең басты талап – тежегіш құрылғының сапалы жөндеуден өтуі, – деді Семей локомотив пайдалану депосының директоры Дәулет Ыдырысов.
Әлемде темір жол көлігінде автоматикалық-пневматикалық тежеуіш пайдаланылады. Бұл тежеуіш магистральдық темір жол қысымының төмендеуі немесе жоғарылауы кезінде пойызға тіркелген вагон тежеуіштерін басқарады. Жылжымалы құрамда тежеуіш құрылғысын пайдалану, жөндеу, оған қызмет көрсету үшін бұл құрылғыны машинистер бес саусағындай меңгеруі керек. Локомотив пайдалану депосының бастығының сөзіне қарағанда, автотежеуішті дұрыс басқару пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және апатсыз жұмыс істеуге кепілдік береді. Осы ретте, локомотившілерге автотежеуіштерді басқару жөніндегі жергілікті нұсқаулық талаптарын бұлжытпай орын-дау абзал.
Ал, тежеуішті техникалық тексеруден өткізу және жөндеу жұмыстары туралы қатысушыларға вагон депосының бастығы Әсет Сүлейменов баяндап берді. Сонымен қатар қосалқы бөлшектердің жетіспей жатқандығын, соған қарамастан қолда бар мүмкіншіліктерді пайдаланып, тығырықтан шығу жолдарын қарастырып жатқанын да жасырмады.
Пойыз құрамаларына негізінен қызметтік, толық қызметтік және шұғыл қызметтік тежегіш түрлері қолданылады екен. Мысалы алдыңғысы жылдамдықты тексеру үшін қолданылса, екіншісі тезірек тоқтауға, ал соңғысы оқыс жағдайда, тосыннан болған кедергі кезінде қолданылады.
Жиынға қатысушылар осындай басқосулар жиі өткізілсе, локомотившілер мен вагоншылар арасындағы ортақ проблемаға айналған мәселелердің шешімін табуға септігін тигізеді деген пікір білдірді.Конференцияға қатысушылардың ұсыныстары хаттамаға енгізіліп, жергілікті жердің құзырындағы мәселе-лер шешімін тауып, ал басқа маңызды мәселелер есепке алынып, жоғарғы органның қарауына жіберілетін болды.
Шара соңында жыл басынан бергі төрт айда өз мамандықтары бойынша нәтижелі жұмыс көрсеткен бірнеше машинист пен вагоншы мақтау қағаздарымен марапатталды.
Ерлан ҒАЗЕЗ
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета