Құрметтеп шығарып салды

Новости
10.06.2016, 11:11
Ақтөбе жол бөлімшесі аумағындағы Бас пошта экспедициясының ұжымы он төрт жылын жолда хат-хабар тасымалына арнаған пошта экспедиторы  Әділ Ізмағамбетовті  салтанатты жағдайда құттықтап, сый-сыяпатын табыстап, көп жылғы еңбегінің зейнетін көруге шығарып салды. – Сіз біз үшін жай әріптес болмадыңыз. Осында құбыр жарылса да, жүгірдіңіз, есіктің топсасы шығып қалса да, құрал-сайманыңызды алып, жүгіріп келе қоясыз, осындағы қыздар мен жігіттерге аға бола білдіңіз, – деп жылы лебізін білдірді пошта экспедициясының басшысы Рахметулла Наукенов. Пайғамбар жасына толып отырған пошта қызметкеріне алғыс хаттар табысталып, әріптестері ақ тілектерін жаудырды. Ақтөбе жол бөлімшесі мен кәсіподақ басшылықтарының құттықтау хаттары оқылды. –Мен үшін қызық өмір енді басталғандай. Ойымда жүрген жоспарлар көп. Ғылым саласына қатысты пайымдарым бар. Игіліктің ерте-кеші жоқ демей ме...– дейді зейнеткер ағамыз. Ағамыздың жас шағында әдебиет, өнер саласына да жақын болғанын білдік. Ұзақ сонар жырларды нақышына келтіріп жатқа айтып, талай той-домалақта жас келіндерге беташарын орындаған екен. Тіпті қара домбырасын арқалап, Алтынбек Қоразбаев жетекшілік еткен тараздық өнер ұжымымен де талай өңірді аралапты. –Ақтөбе өңіріне көшіп келіп, жұмысбасты болғаннан бері домбыраны қолға көп алмаппын. Кейде шағын той-томалақтарда әу деп қоямын, – деген кейіпкеріміз пошта экспедициясында еңбек еткен он төрт жылында талай жақсы-жайсаңмен жолдас болғанын мақтанышпен айтады. – Жұмысымды алғаш келген күннен ұнаттым. Жалақысының аздығына қарамадым. Айына төрт мәрте жолға шығатынбыз. Біздің жұмысымыздың да өзіндік жауапкершілігі бар. Маңызды құжаттарды, хат-хабарды уақытылы жеткізу керек. Жұмысыңды абыроймен орындағанға не жетсін?!

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Новости / Архив
28.07.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №57 от 28 июля 2026 года
Регионы
27.07.2026
Семинар по пожарной безопасности завершился практическими учениями в Алматы
Регионы
27.07.2026
«Руки вверх» и «Ирина Кайратовна» выступят на Дне работников транспорта в Экибастузе
Новости
27.07.2026
В КТЖ усилили меры пожарной безопасности и готовность к ЧС
Новости
27.07.2026
КТЖ призвало пассажиров соблюдать правила безопасности на железнодорожном транспорте
Регионы
27.07.2026
Условный пожар потушили в вагоне мобильного диагностического комплекса на станции Сороковая
Регионы
27.07.2026
Доску почёта лучших железнодорожников открыли в Павлодарском регионе
Регионы
27.07.2026
Вокзал Сарыбель открылся после реконструкции
Новости
27.07.2026
Миллионный контейнер отправлен по маршруту Россия – Казахстан – Китай
Новости
27.07.2026
Касым-Жомарт Токаев: железнодорожные перевозки между Казахстаном и Россией достигли 92 млн тонн
Новости
27.07.2026
Президентам Казахстана и России представили цифровые проекты в сфере торговли и логистики
Регионы
24.07.2026
Еще два железнодорожных вокзала открылись после реконструкции в Акмолинской области
Регионы
24.07.2026
Профилактический рейд по безопасности на железной дороге прошел на перегоне Уральск – Жилаево
Новости
24.07.2026
При строительстве линии Мойынты – Кызылжар выполнено 93% земляных работ
КТЖ в лицах
24.07.2026
Почетный железнодорожник Игорь Сенчугов отметил 80-летний юбилей
Интервью
24.07.2026
АО «Кедентранссервис»: новые возможности для логистики Казахстана
Регионы
24.07.2026
Павлодарские железнодорожники приняли участие в учениях по тушению пожаров
Новости / Архив
24.07.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №56 от 24 июля 2026 года
Регионы
23.07.2026
Железнодорожной вокзал станции Жетысу открылся после реконструкции
Регионы
23.07.2026
Павлодарские железнодорожники разъяснили владельцам скота правила выпаса животных