Шалғайдағы станциялар абаттандырылуда 

Новости
19.05.2017, 11:51
2 мин чтения
Шығыстағы Семей жүк тасымалы бөлімшесі бойынша елімізде өтетін «ЕХРО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай бірқатар жұмыстар қолға алынған.  Соның ішінде ерте көктемнен басталған жоспарлы жұмыс бөлімшеге қарасты станциялар мен жол айрықтарының сыртқы келбетін талапқа сай ету болатын. Себебі, халықаралық көрмеге шетелдерден теміржол арқылы келетін қонақтар осы жолдың үстімен өтеді. Өйткені, Елорданы Қытай, Ресей және Монғолиямен жалғайтын күре жол осы Семей бөлімшесімен өтеді. Сондықтан,  «сырт көз сыншы» демекші, желі бойындағы Ұлттық компанияға тиесілі нысандар мен ғимараттарды, станция перрондарын тиісті нормалар мен талаптарға сай ету мақсатында қарқынды жұмыс жүргізілуде. Яғни, бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаевтың 18 наурыздағы №15 өкімі негізінде станциялар мен жол айрықтарындағы барлық салалық мекемелерге тиесілі қызметтер жүктелініп, міндеттері белгіленген. Атап айтсақ, ең шалғай жатқан Жүзағаш жол айрығынан Ауыл және Дегелең станцияларына дейінгі аралықтағы шағын станция-разьездерде бұрын-соңды болмаған тазалық және абаттандыру жұмыстары  жүргізілуде. Мәселен, Таңсық станциясы бойынша бұл іске ЭЧ-18 бен ВЧДЭ-23 мамандары жауапты болса, Жарма станциясында ДС пен ПЧ-40 теміржолшылары абаттандыру, әрлеу жұмыстарын жандандыруда.      –Мұндай шаралар осыдан екі жыл бұрын Семей темір жолының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізілген болатын. Алайда, бұл жолғы жұмыстың жөні бөлек. Тек бөлімше ғана емес, ел намысы сынға түсер шақта теміржолшылар аянып қалмауда, – дейді Семей ЖТ өндірістік-техникалық бөлімнің басшысы Гүлнар Төлеханова. Қазіргі күні барлық 53 станциялар мен жол айрықтарына әрлеу мен абаттандыру, көгалдандыруға қажетті материалдар жеткізілген. Жұмыс күші жеткілікті. Ал жүргізіліп жатқан шаралар басшылықтың қатаң қадағалауында.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета