Отандық өнім өлшемі – сапа стандарты
Новости
23.05.2017, 10:58
Ақтөбе рельсарқалық зауытына маңызды қонақтар келді. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ трансформация және арнайы жобалар жөніндегі басқарушы директоры мен тәуелсіз директорлар отандық рельс өндірісімен танысып, сонымен бірге, Ақтөбе теміржол вокзалында болып, өңірдегі жүк тасымалы бөлімшесінің басшылығымен кездесті.
«Самұрық-Қазына» ФНБ» АҚ трансформация және арнайы жобалар жөніндегі басқарушы директоры Илькявичюс Адамас Олегас пен тәуелсіз директорлар Кристиан Кун, Серік Святов, Вильгельм Бендер және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ стратегиялық жоспарлау және инновациялар жөніндегі комитет хатшысы Асхат Катренов бастаған қонақтар зауыт цехтарын аралап, рельс өндірісімен танысты.
Зауыт директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Константин Волков рельс шығару процесімен таныстырды. Алғашында 1200 градус пеште қыздырылып, арнайы ұзын қондырғыға жіберілген өнім сегіз-тоғыз рет қыздырылған күйі ұзартылуы керек екен. Пешке кіріп шыққан сайын шикізат 20 пайызға ұзарады. Ең соңғы сатысында металға рельс формасы беріледі. Оны кейін үлкен көлемдегі сумен суытылып, сегіз метрлік шикізаттан 100 метрден астам рельс шығарады. Арнайы машинада рельске таңба соғылады. Бұл таңба – рельстің төлқұжаты іспетті. Өндірістің келесі сатыларында рельстің бойынан тесіктер жасалады, қапталдары тегістеледі. Зауыт директоры орынбасарының айтуынша, ұзын рельстің екі қапталынан екі метрден рельс кесіледі. Өйткені, дәл осы шеткі жағында дефект-ақаулар жиі ұшырасады екен. Зауыттың өндірістік қуаттылығы 350-400 мың тоннаға дейін барады.
«Біз ең алдымен сапаға мән беретінімізді ерекше атап айтқым келеді. Бүгінде танымалдығы, соған сай сұраныс та артып келе жатқан отандық өнімнің өлшемі – жоғары сапа стандарты болуы қажет деп санаймыз», дейді Константин Волков.
Зауыт басшысы қонақтарды химиялық-физикалық сапа зертханасына да кіргізді. Әрбір өнімнің сапа стандарты туралы айтылып, оларды тексеру барысы көрсетілді. Экологиялық тұрғыда атқарылып жатқан шаралар жайы сөз болды.
Өндіріс барысымен танысып шыққан қонақтар зауыт басшылығымен үстел басында кездесті.
«Бүгінде 50 мың тоннаға жуық өнім Қазақстанның ішкі нарығына жөнелтілсе, Өзбекстанға 15 мың тонна өнім жіберіп отырмыз. Бұрын рельсті Ресейден алып келген өзбектер енді жылына 15-20 мың тонна өнімді тікелей бізден алатын болып жатыр», – деген зауыт директорының тағы бір орынбасары Марат Ибрагимов «Ресей темір жолы» компаниясы да Ақтөбеден сынама ретінде 50 мың тонна рельс сатып алмақ екенін жеткізді. Олар Ресей аумағының климаты әртүрлі телімдеріне қазақстандық өнімді төсеп, сынап көрмек екен.
Сондай-ақ, зауыт басшылығы атап өткендей, Ақтөбе рельсарқалық зауытына санаулы күнде Түркіменстан делегациясы келу керек екен. Түркімендермен де тәжіктермен де рельс өнімдерін сатып алу жөнінде келіссөздер жүргізу жоспарланып отыр екен.
Рельс шығаруға қажетті шикізат барысы да сөз болды. Өнім сапасының 70 пайызы шикізат сапасына байланысты екені анық. Сол себепті, шикізат жеткізушілерді таңдағанда да сапа стандарттарына айырықша мән берілетіні айтылды.
Екі күндік сапар аясында қонақтар бүгінде жөндеу, қайта құру жұмыстары жүріп жатқан Ақтөбе теміржол вокзалын көрді. Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі басшылығының қабылдауында болып, теміржолдағы ахуалмен танысты.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Новости
20.08.2026
Новую цифровую платформу управления станциями внедряет КТЖ
Инфраструктура
20.08.2026
Железнодорожный путь оздоравливают на перегоне Акшолак–Ушбулак
Новости
20.08.2026
Инженерно-геодезическую практику проходят студенты ALT University в КТЖ
КТЖ в лицах
20.08.2026
Ответственность, команда и развитие: три слагаемых успеха в работе Аиды Иманбаевой
Новости
20.08.2026
Члены согласительной комиссии прошли обучение по рассмотрению трудовых споров
Грузовые перевозки
19.08.2026
Более 19 млн тонн угля перевезено в рамках подготовки к отопительному сезону в Казахстане
Регионы
19.08.2026
Пожарный поезд привлекли для тушения степного пожара в Карагандинской области
Регионы
19.08.2026
Погрузка в Костанайском отделении ГП превысила план
Регионы
19.08.2026
Павлодарские железнодорожники провели 154 профилактические беседы и 80 рейдов
Новости
18.08.2026
Более 2 тыс. водителей приняли участие в акции КТЖ «Безопасный переезд» в шести регионах страны
Регионы
18.08.2026
Рейд в рамках акции «Безопасный переезд» прошел на станции Актасты
Пассажирские перевозки
18.08.2026
Более 7,5 млн пассажиров перевезено поездами КТЖ с начала года
Новости
18.08.2026
Единую цифровую систему мониторинга поставок угля запускают в Казахстане
Новости
18.08.2026
Модернизация железнодорожных вокзалов продолжается в области Жетысу
Новости
18.08.2026
Тренинг по ИИ и вайб-кодингу прошёл в Дирекции перевозочного процесса
Новости / Архив
18.08.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №65 от 18 августа 2026 года
Новости
17.08.2026
Профилактические мероприятия по безопасности на железной дороге прошли в детских лагерях Борового и Алматы
Спорт
17.08.2026
Железнодорожник завоевал серебро на чемпионате Казахстана по пара-пауэрлифтингу
Грузовые перевозки / Цифра недели
17.08.2026
Более 184 млн тонн грузов перевезено на сети КТЖ
Регионы
17.08.2026
Волонтеры-железнодорожники приняли участие в экологической акции в Караганде