Ақтау станциясындағы ішкі істер желілік бөлімінің қызмет көрсету телімінде «Абайлаңыз пойыз!» атты жедел профилактикалық іс-шара өткізілді. Оның мақсаты, жасөспірімдер қылмыстарының алдын алу және ескерту, кәмелетке толмағандардың арасында әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың түнгі мезгілде ересектерге ілесіп жүруінсіз  болуын анықтау,  жолаушылар пойыздарының әйнегін сындыру фактілерінің алдын алу екен. Ақтау станциясы ЖІІБ өкілі Серік Оразғалиевтің айтуынша, жедел профилактикалық іс-шара барысында Маңғыстау станциясындағы темір жол бойында кәмелетке толмаған жеті жасөспірім ұсталған. ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы 2 бөліміне сәйкес, екі ата-анаға жасы кәмелетке толмаған балалардың түнгі мезгілде ересектердің қарауынсыз босып жүруіне  байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жазылып, ескерту берілген. Жалпы білім беру  орындарында, құқықтық тақырыпта және темір жол көліктерінің жанында жүрудің қауіпті екендігі жайында 12 дәріс оқылып, оқушылар арасында түсінік жұмыстары жүргізілген екен.

 Анаргүл НОҒАЕВА,  

Маңғыстау