Бадамның болашағы жарқын
Үшінші класты бекет мәртебесін алғалы Бадам станциясында жүк айналымы он пайызға жоғарылаған. Болашақта жүк тасқыны бұдан да көтерілуі мүмкін. Себебі, жақын маңдағы индустриалды аймақта 18 кәсіпорынға инвестиция тартылуда.
Индустриялдық аймақта орналасқан трактор құрастыратын зауыт да келешекте өнім бермек. Одан бөлек кірпіш шығаратын «Агро V», «Батсу – Агро» ЖШС, «Бөрте- Милка» сиыр фермасын қосыңыз. Кірпішке қажетті шикізат вагонмен келіп, дайын өнім тұтынушыларға таратылады. Фермадағы ірі қара малға қажетті жем-шөп те теміржолмен келеді. Индустриалды аймақ пен бекеттің арасына 9 км
теміржол тартылмақ.
Станциядан өткен жылы 1055 вагонға жүк тиеліп, 2834 вагоннан жүк түсірілген. Күніне 11 вагоннан есептегенде айына 70-80 вагон жүк тиеліп, тасымалды арттырып отырған «Ордабасы - Нан» ЖШС. Солтүстіктен айына 80-120 вагонмен келетін бидай ұнға айналып, Өзбекстанға кетеді. 2017 жылдың 4 айында 489 вагонға жүк тиеліп, 1143 вагоннан жүк түсірілген.
Сондай-ақ, теміржол арқылы «Ордабасы - Құс» кәсіпорнына да жиі жүк келеді. Жақын маңдағы әскери бөлімге қару-жарақ, сарбаздарға қажетті заттар тиелген вагондар да Бадамнан түсіріледі. «Нұрайыл», «Оңтүстік мұнай сауда», «Б.Е.Б. Ойл» сынды мұнай-газ өнімін жанар май құю бекеттеріне тасымалдайтын мекемелер тағы бар. Халыққа көмір тарататын «АС-Дербес» ЖШС отын базасы да теміржолшылармен жұмыс істейді. Осының бәрі бес кірме жолда тиеліп, түсіріліп және жөнелтіліп тұрады.
– Станцияда екі жүк кассирі бар. Қосымша тағы екі маман керек. Себебі, бірі ауырып қалса, екіншісіне шамадан тыс салмақ түседі. Төрт ауысымға төрт маман кезектесіп түссе, нормаға сай болар еді. Жұмыс процесін компьютерлендірудің тиімділігінде дау жоқ, дегенмен баяғы қағаз құжаттардың бәрін компьютерге салып, қарап отырудың өзі едәуір уақытты алады. Жүк қабылдап-жөнелтуші тек күндіз істейді. Жүк кассирлеріне осы жүк қабылдаушының жұмысы да қосылған. Бұл барлық бекеттерде бар жүйе. Жүк қабылдаушы келген вагонның құжатын компьютерге қарап отырып тексереді, салыстырады. Күнделікті беретін есебі бар. Құжаттарын толтырады. Тура сол жұмыс жүк кассирінің де міндетінде. Олар да жүктің құжатын толтырады. Қаржысын есептейді. Негізі қолды байлайтын жұмыс осы құжат толтыру, – дейді бекет бастысы Серік Елмұратов.
Бадамдағы тоғыз теміржолшының ішінде пойыз құрастырушы жоқ. Мұнда маневр тепловозы болмағандықтан, Қорғасын бекетінің маневр тепловозымен пойыз құрастырушылары бірге келіп, вагондарды ағытып, қосып кетеді. Қорғасыннан келе алмаған жағдайда станция бастығының өзі пойыз құрастырушының міндетін атқарады. Пойыз құрастырушысына қажеттілік туғанымен, әзірге штат мәселесі оңтайлы шешілмей отырған көрінеді. Дегенмен бадамдықтар өндірісі жанданып келе жатқан аймақта тұрған бекеттің болашағы жарқын боларына сенеді.
Динар МЕЙІРМАН, Бадам
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники