Бәсеке бастауы білімде
Мамырдың 10 мен 25 аралығында Семей жүк тасымалы бөлімшесінде білікті мен білімділер сайысы өтті. Онда теміржолшылардың ПТЭ - техникалық пайдалану ережелері, ИДП – пойыздар қозғалысы мен маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулық, ИСИ – сигнал беру жөніндегі нұсқаулық талаптарын білу деңгейлері сынға түсті.
Бұл өзара пікір алмасуға, білімді шыңдауға, шығармашылық қатынастарға толы жарты ай болды. Бөлімшенің өндірістік оқыту нұсқаушысы Жанар Ерғасенова Семей, Жаңасемей, Аягөз, Шар, Дегелең станцияларының теміржолшыларын қамти отырып сайыс өткізудің кестесін түзген. Болат жол мамандары үш конкурстық талап бойынша бақтарын сынап, атқарып жүрген міндеттеріне сай білім жарыстырды.
Мамыр айының 10 жұлдызында Семей станциясында бөлімшенің өндірістік - техникалық бөлімінің бастығы Гүлнәр Төлеуханова шымылдығын түрген білімділер бәсекесі кестеге сай айдың 22-23 күндері Семей вагон пайдалану депосында өтті.
Сайыстың бірінші күні аға вагон қараушы Рауан Бұзаухаевтың ауысымындағы «Тапқырлар» тобы мен аға вагон қараушы Бекболат Мұстафин жетекшілік ететін «Қырандар» командасы бақ сынасты. Талапқа сай бірыңғай киім киген командалар сұрақ-жауап сайысында салалық ережелерге қатысы білім-біліктерін көрсетуге тырысты. «Үй тапсырмасы» кезеңінде түрлі өнерлерін көрсеткен екі жақ та қаражаяу еместерін танытты. Білімділер бәсекесінің бірінші күнін қорытындылаған төрешілер «Қырандар» тобы 120, «Тапқырлар» тобы 100 балл алғанын жария етті.
Теміржолшылардың екінші күнгі теке-тірестері де қызықпен, тартысқа толы болды. Бұл күні Мейрам Өтелбеков басқаратын «Ұландар» мен Жұмабек Бекбосыновтың «Алғырлар» тобы жарыс көрігін қыздырды. Әділ қазылар алқасы сайыстың алғашқы турының нәтижесі бойынша жалпы дайындықтың жаман еместігін атай отырып, бірыңғай киім үлгісін сақтамаған «Ұландар» тобына ескерту жасап, ұпай сандарын шегергендерін айтты. Сұрақ-жауап кезеңінде «Ұландар» сапынан Андрей Подпорин, Жәнібек Құрамысов, «Алғырлар» қатарынан Сәуле Алпысбекова, Асқар Құрымбаевтар білім деңгейлерінің жоғары екендігін байқатты.
Екі күнге созылған білім сайысының қорытындысында қазылар алқасының шешімімен 1-орын 120 ұпай жинаған «Қырандар», 2-орын 119 балл алған «Алғырлар» тобына бұйырды, ал 3-орынды «Ұландар» мен «Тапқырлар» бөлісті.
Қатысушылар Мақтау қағаздары мен ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.
Дәл осындай сайыс Семей станциясында да өтті. Онда 4 топ қатысып өнерлерін ортаға салды. 1-орынды «Три богатыря» командасы иеленсе, екінші сатыдан «Стрелка», ал «Магистраль» компандасы үшінші орыннан көрінді.
–Аталмыш сайысқа бүгінгі күнге дейін он үш мекемеден 200-ден астам теміржолшы қатысты. Мұнда талай жаңа таланттың жолы ашылып, бөлімшенің кадрлық резерві болашағы зор, мүмкіндігі мол, өскелең буынмен толыға түсті, – дейді бөлімшенің өндірістік оқыту нұсқаушысы Жанар Рахымбердіқызы.
Ал маусым айында бөлімше бойынша жарысқа қатысушы мекемелердің арасында ақтық сайыс өтіп, онда «Үздік техникалық кабинет», «Үздік бейнефильм» сайыстарының нәтижесі шығарылмақ.
Ерлан Ғазез, Семей
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники