Теміржолшы туралы ән туды

Новости
30.05.2017, 18:50
2 мин чтения
Болашақ теміржолшылар даярлайтын Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің оқытушысы Амангелді Мырзалиев «Теміржолшы мамандар» атты әннің тұсауын кесті. Амангелдінің өзі де  осы оқу орнын «Тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сосын жоғары оқу орнын бітірген. Теміржолшылар өмірімен жақсы таныс. Оған әншілік қасиет әкесінен дарыса керек. Қызылорда облысының Арал ауданында туып-өскен жігіттің  әкесі кезінде жақсы музыкант болған, Алматыда «Жігер» фестиваліне қатысып, лауреат та атанған екен. –Алайда, әкем өнерін әрі қарай дамытуға мүмкіндік таппай, бауырларына қарайласып, отбасылық себептермен ауылда қалыпты. Есесіне, біз, балалары, мектеп жасымыздан ән салып, музыкаға әуес болып өстік, – дейді Амангелді.   Теміржолшылар туралы әннің туу тарихына келсек, бірде Ақылбек Жеменейдің мұнайшыларға арнаған әнін естіп, неліктен теміржолшылар туралы ән жазбасқа  деген ой мазалаған автор былтырғы жылы музыкасын жазып, нотаға түсіріпті.     –Алайда, құрғақтай орындай салмайсың ғой. Сондықтан, Алматыға барып таныс жігіттерге аранжировкасын жасаттым. Сөйтіп жүргенде көктем болды. Санаулы күн бұрын колледждегі концерттердің бірінде алғаш рет орындадым. Әріптестерім жақсы қабылдады. Сазды, ырғақты, теміржолға қатысты шараларда орындауға болатын ән деп баға берді, – дейді Амангелді. Бүгінде Амангелдініңқоржынында бірнеше ән бар. Ақтөбенің мерейтойына арнап жазған әнін де жұртшылық жылы қабылдады. Жас жігіт  махаббат, сезім тақырыптағы әндерден гөрі отан, ел, мамандыққа қатысты патриоттық сипаттағы туындыларды ұнататын көрінеді.  Бірнеше әнін интернеттен жүктеп алуға болады.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники