Жаңа терминалдан аттанды

Новости
06.06.2017, 15:36
2 мин чтения
   Кеше елорда халықаралық әуежайының жаңа терминалы «Аэрофлот» авиакомпаниясының Мәскеу – Астана рейсімен келген бірінші жолаушыларын қарсы алды. Сондай-ақ, әуежай қызметкерлері Мәскеуге жаңа терминалдан ұшқан бірінші рейске қызмет көрсетті. «Астана әуежайы жаңа терминалының ашылуын барлығы асыға күтті, енді халықаралық авиажелілердің жолаушыларын қарсы алып, шығарып салып отырмыз. Бүгін Ташкент (Өзбек авиажелілері) және Франкфурт (Lufthansa) қалаларына халықаралық ұшулар жоспарланып отыр. Астана әуежайының дамуы, елорданың әлем қалалары арасында  басты байланыстырушы буын – Орталық Азия аймағының аймақтық хабы болуға мүмкіндік береді. Бұл жобаның қысқа уақытта сәтті іске асырылуына команда барлық күш-жігерін салды» – деді Астана халықаралық әуежайы басқармасының төрағасы Паоло Ричиотти. Оның айтуынша, бұл әуежай хаб принципі бойынша салынған. Бұл қағиданың маңызды факторы, ол транзиттік уақытты үнемдеу екен. Біз кеден және шекаралық бақылау органының өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс жүргіздік. Бәлкім, біздің атқарған жұмысымызды бағалау үшін әлі уақыт керек шығар. Мұнда 2020 жылғы Еуропа стандарттарының үдесінен шығатын багажды тексеріп өткізетін соңғы буынның біріктірілген жүйесі енгізілген. Бұл дегеніміз, қазір Қазақстан  бүкіл Еуропаның алдында. Ұрлық-қарлықтан мықты қорғаныс бар, бейнекамералардың көптігінен әуежайда «өлі» аймақ жоқ деуге болады. Енді біз екі терминалдың арқасында күніне 12 рейске дейін қызмет көрсете аламыз. Сонымен қатар біз бүкіл әлемде қолданып отырған  «Тыныш әуежай» қағидасына сүйеніп отырмыз, – деп түйіндеді сөзін  Астана халықаралық әуежайы басқармасының төрағасы Паоло Ричиотти. Мәскеу – Астана рейсімен келген бірінші жолаушылар қатарындағы мәскеулік Потап есімді жолаушы, Астанадағы жаңа терминалдың қызмет көрсету сапасына, құрылымына жоғары баға берді. «Мен бизнесіме қатысты Астанаға іссапармен жиі келемін. Бүгін жаңа терминал арқылы бірінші рет өтіп отырмын. Қызмет көрсету сапасы ұнады. Багажды да көп күтпедім. Жаңа терминал өте заманауи. Елорда мәртебесіне сай», – деді ол. Ал Берлинде тұратын Мәрлен және Динара есімді ерлі-зайыптылар Мәскеу арқылы ұшып келіп, Астанада осындай еуростандарттағы жаңа терминалдың бой көтергеніне шын қуанып жатқандарын білдірді. «Біз ата-анамызға қыдырып келе жатырмыз. ЭКСПО-2017 көрмесіне орай осындай заманауи нысандардың салынып жатқаны қуантады». Еске сала кетсек, Астана халықаралық әуежайы жаңа терминалының ашылуы Мемлекет басшысының қатысуымен осы жылдың 31 мамырында өтті. Заманауи жолаушылар терминалының құрылысы 2014 жылғы қарашада басталып, биыл  мамыр айында аяқталды. Жаңа терминал 47 000 шаршы метр аумақты алып жатыр, жылына 8,2 млн жолаушыға дейін қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Ол кәсіпорынның бұрынғы қуатын 2,5 есеге арттырып отыр.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники