Биологиялық бақта немесе табиғатпен танысу
Семей теміржолшыларының балаларына арнап жергілікті салалық кәсіподақ ұйымы тағы бір ерекше сый жасады. Қазақстан кәсіподағы қызметінің 25 жылдығымен орайластырылған шарада балалар Ертіс өзенінің ортасындағы әсем аралда орын тепкен биологиялық орталыққа саяхат жасады.
Бұл күні теміржолшылар мен олардың балалары үшін орталыққа кіру, ондағы хайуанаттар әлемімен танысу тегін болды. Бір күндік танымдық шара барысында балалар уақытының тиімді өтуі үшін аталмыш биологиялық орталықта арнайы экологиялық дәрістер де өткізілді. Балдырғандар тек тордағы аң-құсты тамашалап қана қоймай, олардың төлдерін, балапандарын қолдарына ұстап, жақын танысуға да мүмкіндік алды. Бұл ретте, тасбақа, ақ тышқан, қоян көжектері балалардың ерекше сүйсінісін туғызды.
Бірқатары пони жылқысына мініп серуендесе, енді бірі пәуескемен әсем бақ ішін армансыз аралады. Балалар үшін сайқымазақтар да өнер көрсетті, суретке түсті.
Аталмыш шараның бел ортасында балақайлар қызық-қуыныштарына ортақтасып, салалық кәсіподақ басшысы Алик Досановпен бірге демеушілік көрсетуші биологиялық орталық директоры Валерий Николаевич та жүрді.
– Теміржолшылардың балалары үшін бүгін осындай сый әзірледік. Қаланы қыдыртып, театрға немесе киноға баруды жылда көріп жүр. Бұл жолы балалар бір сәтке болсын қала өмірінен жырақтап, табиғатпен етене араласып, жан-жануарлар әлемімен жақын таныссын дедік. Бұл іс олардың бойларында ізгі қасиеттер қалыптастырады, - пікір білдірді орталық басшысы.
Осылайша, жазғы каникулдың бір күнін биологиялық бақта тамаша өткізген балалар мен олардың теміржолшы ата-аналары салалық кәсіподақ басшыларына алғыстарын жаудырып жатты.
Бұл күні ауа-райы да тамаша болды. Табиғат аясында күні бойы серуендеп, бұғы, еліктер мен таутайлаққа тәттілер беріп, әткеншек теуіп, қызыққа қаныққан балалар киви дәмі бар балмұздақ жеп тарасты.
Қуаныш Қожаев, Семей
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники