Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Қомақты қаржы қолды болды
1 мин чтения
Осы айдың басында Шымкент станциясындағы Желілік ішкі істер басқармасының кезекшілік бөліміне «Атырау – Алматы» пойызында орын алған ұрлық оқиғасына қатысты шағым түскен.
Алматы облысының 50 жастағы тұрғыны аталған жолаушылар бағытында құжаттары мен ақша салынған әмиянын ұрлап кеткен бейтаныс адамға қатысты шара қолдануды өтініп, шағым жазады. Зардап шегушінің айтуынша, әмиянында 1 015 000 мың теңгесі болған.
Арыз түскен бойда Шымкент станциясындағы ІІЖБ криминалдық полиция бөлімі бастығының басқаруымен жедел топ құрылады.
– Жедел іздестіруге жұмылған топқа Сүйіндік Исатаев, Қанат Сахарбеков сынды полиция майорлары жетекшілік етіп, қылмыскер көп ұзамай құрықталды. Яғни, 1964 жылы туылған Шымкент қаласының азаматы кінәсін мойындап, ұрлаған ақшаны үйінің ауласына жасырғанын айтты. Аталған факті ҚР ҚК 188 - бабы бойынша сотқа дейінгі тексеру ресстіріне тіркеуге алынды,– дейді Шымкент станциясындағы ЖІІБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Бауыржан Жанетов.