Көлік логистикасының көшбасшысы – Қорғаста

Новости
21.06.2017, 15:31
2 мин чтения
Өткен сенбі ҚР Премьер-министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин мен DP World компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Сұлтан Ахмед бин Сулайем «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА мен «Қорғас» ХКЫО нысандарын аралады. Жоғары мәртебелі қонақтар жанында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев пен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов та болды. Көлік логистикасының әлемдік лидері саналатын  DP World компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Сұлтан Ахмед бин Сулайем Қазақстанға Астана экономикалық форумы мен халықаралық «New Silk Way» бизнес-форумына қатысуға келген болатын. Мәртебелі мейман қазақстандық көліктік-логистикалық хабты өз көзімен көруге ықылас танытқаны белгілі болды. Сапар барысында А. Мамин мен С. Сулайем Алтынкөл станциясында болып,  қазақ-қытай халықаралық мемлекеттік шекаралық өткелі тұсында орналасқан станцияның техникалық мүмкіндігімен де танысқан. Станция бастығы Жандос Ұнтақбаевтың мәлімдеуінше,    биылғы қаңтар, мамыр аралығында Алтынкөл станциясы арқылы 163 контейнерлік пойыз өткен. Ол өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда жеті есеге жоғары көрсеткіш. Станциядағы  инфрақұрылым арқылы тәулігіне 20 контейнерлік пойыз өткізуге болады. Қонақтар АЭА Құрғақ порты аумағында, мониторингілік орталықта да болды. Қазіргі таңда АЭА логистикалық және индустриялық алаңдарында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА БК» АҚ Бас директорының орынбасары Хишам Белмааши  АЭА даму болашағы мен инвестициялық қызметі туралы баяндады. «Қорғас» ХШЫО жобасы мен бас жоспары, шекараның қазақстандық бөлігіндегі инвестициялық нысандар да көрсетілді. Оның ішінде орталық алаң, қолөнершілер қалашығы, бизнес орталығы, көп салалы ғимарат, сауда орталығы бар. Султан Ахмед бин Сулайем «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Еуразиялық құрлықта логистикалық жүйені дамытып, бизнесті өркендетіп, инвесторларды тартатын инфрақұрылымы бар, болашағы зор жоба екендігін  атап өтті. Айта кетерлігі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен DP World компаниясы 2013 жылы сәуірде «Қорғас-Шығыс қақпасы»  АЭА бірлесіп басқару бойынша ынтымақтастық Келісіміне қол қойған. Енді инвестициялық әріптестікті әрі қарай дамытуға мүдделі.

Ирина БЕКТИЯРОВА, Алтынкөл

Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре