«Орда суы» - теміржолшылардың төл өнімі

Новости
30.06.2017, 14:07
Қызылордалық теміржолшылар Экспо көрмесі қонақтары үшін «Орда суы» маркасымен асханалық су шығаруды қолға алды. Қазіргі таңда асханалық судың сараптамадан өткізу, ресми құжаттандыру жұмыстары тәмамдалуда. Алайда алғашқы үлгі нұсқа Қорқыт станциясында орналастырылған «ТазаСу-С» қондырғысынан алынғандықтан жергілікті тұрғындар тек осы суды пайдалануда екен. Судың дәміне әбден үйренгені сонша, қорқыттықтар қазірге таңда күнделікті ас-ауқатқа тек асханалық «Ордасуын» пайдаланып, құбырмен келетін суды тазалық үшін қолдануда екен. Бүгінде түрлі сауда белгісімен сатылымда жүрген сулардан асханалық «Орда суы» еш кем түспей болашақта олармен бәсекелес болатыны байқалуда.   «Теміржолсу-Қызылорда» мекемесі теміржолшылар мен жергілікті бұхараның пайдаланатын ауыз суының сапасын жақсарту мақсатында «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы аясында қыруар шаруа тындырды. Бағдарлама негізінде аймақта сумен жабдықтау жүйелері жаңғыртылып, қайта құрастырылды. Сумен қамту обьектілерінің негізгі құрал-жабдықтары жаңғыртылды. Ауыз сумен қамтудың балама нұсқалары кішігірім станциялар мен бекеттерді қажетті сапалы және үздіксіз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүзеге асырылды. Теміржолшылар пайдаланылатын ауыз судың сапасын арттыру мақсатында Қорқыт станцияға қойылған «ТАЗАСУ-С» құрылғысы ұңғымадан шыққан судың сапасын заманауи қолданысқа лайықтайтын баламасыз құрылғы болып саналады. Себебі жер астынан шыққан ұңғыма суын көп сатылы әдістермен механикалық және ион алмасу сүзгілерімен сүзгіден өткізіп, кері осмосты тазарту арқылы химиялық әдістерсіз-ақ алуға мүмкіндік беретін ақылды құрылғы саналуда. Сыр елі теміржолшыларының «ОРДА» суы қалай дайындалуда, жалпы сатылымға қашан шығарылады, ең бастысы теміржолшылардың суын көріп өзгелерден сүйінші сұрап, жарнамалап, жариялап жаңалығымызбен бөлісу мақатында арнайы Қорқыт станциясына сапар шектік.   «Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС директоры Марат Шайжан жер астынан шыққан судың шипалы ауызсуға  айналғанға дейінгі процесін көзбен көрсетті. Бұған дейін аймақтағы шипалы, асханалық су шығару жұмыстарымен айналысатын кәсіпкерлер негізгі су көзін осы «Тазасу» құрылғысынан өткізілген судан пайдаланып тұтыну құнына мардымсыз ақы төлейді екен. Өндірістік қызметпен қоса мекеме ұжымының әл-аухатын арттыру мақсатында тиісті инстанциялардан келісім алғандықтан Марат Шайжанның мекемеден асханалық су шығару идеясын ұжымы   қызу қолдап, су шығару жұмысы қолға алыныпты. Бірнеше рет лабораториялық және жергілікті сараптама орталықтарынан зерттеуден өткізіліп, таза, пайдалы, қолданысқа тиімді деген баға алған соң «Орда суы» деген ресми атаумен  рәсімделіп,  құжаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын екен.  «Орда суы» шығарылатын «Тазасу-с» қондырғысы 2012 жылдан бері станцияда өндіріске енгізілген екен. Қондырғының өнімділігі сағатына бір текше метр, ұңғыдан 2800 мг/л құрғақ қалдықты 280 мг/литрге дейін тазартады. Станциядағы санитарлық қорғау аймағында құтыларды тазартып, жуып тазалайтын бөлме, суды құтыға құятын және сақтайтын қоймадан тұратын үш бөлмелі құрылыс нысанын салу жұмысы да ұжым жұмысшыларының күшімен атқарылған.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қорқыт станциясы

Новости
20.08.2026
Новую цифровую платформу управления станциями внедряет КТЖ
Инфраструктура
20.08.2026
Железнодорожный путь оздоравливают на перегоне Акшолак–Ушбулак
Новости
20.08.2026
Инженерно-геодезическую практику проходят студенты ALT University в КТЖ
КТЖ в лицах
20.08.2026
Ответственность, команда и развитие: три слагаемых успеха в работе Аиды Иманбаевой
Новости
20.08.2026
Члены согласительной комиссии прошли обучение по рассмотрению трудовых споров
Грузовые перевозки
19.08.2026
Более 19 млн тонн угля перевезено в рамках подготовки к отопительному сезону в Казахстане
Регионы
19.08.2026
Пожарный поезд привлекли для тушения степного пожара в Карагандинской области
Регионы
19.08.2026
Погрузка в Костанайском отделении ГП превысила план
Регионы
19.08.2026
Павлодарские железнодорожники провели 154 профилактические беседы и 80 рейдов
Новости
18.08.2026
Более 2 тыс. водителей приняли участие в акции КТЖ «Безопасный переезд» в шести регионах страны
Регионы
18.08.2026
Рейд в рамках акции «Безопасный переезд» прошел на станции Актасты
Пассажирские перевозки
18.08.2026
Более 7,5 млн пассажиров перевезено поездами КТЖ с начала года
Новости
18.08.2026
Единую цифровую систему мониторинга поставок угля запускают в Казахстане
Новости
18.08.2026
Модернизация железнодорожных вокзалов продолжается в области Жетысу
Новости
18.08.2026
Тренинг по ИИ и вайб-кодингу прошёл в Дирекции перевозочного процесса
Новости / Архив
18.08.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №65 от 18 августа 2026 года
Новости
17.08.2026
Профилактические мероприятия по безопасности на железной дороге прошли в детских лагерях Борового и Алматы
Спорт
17.08.2026
Железнодорожник завоевал серебро на чемпионате Казахстана по пара-пауэрлифтингу
Грузовые перевозки / Цифра недели
17.08.2026
Более 184 млн тонн грузов перевезено на сети КТЖ
Регионы
17.08.2026
Волонтеры-железнодорожники приняли участие в экологической акции в Караганде