Құрық портында құрылыс қарқынды

Новости
21.07.2017, 16:40
2 мин чтения
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жетекшісі Қанат Алпысбаев Құрық портындағы паромдық кешеннің екінші фазасындағы нысандардың  құрылыс барысын тексерді. Құрық порты экономикалық маңызды әрі транзиттік тасымалдау нысанының бірі. Оның болашағы бірнеше саланың дамуына серпін беріп, артық шығын мен уақытты үнемдеп, алыс-беріс пен логистикалық қарым-қатынасты жақсарта түспек. Сондықтан мұндағы әрбір құрылыс, жасалып жатқан әрбір жұмыстың белгіленген кестеден кешікпей орындалу барысымен танысқан Ұлттық компания басшысы қысқы мезгілдерде қатты соғатын теңіз толқынының паромның қозғалысына кедергі келтірмеу үшін жасалып жатқан тетраподтарды, оған тастардың қалай жеткізілетінін, шығыс молындағы жұмыстарды, теңіз түбінен тастардың шығару үдерісін де көрді. Сондай-ақ, порт арқылы еліміздің және транзиттік  жүктердің келіп-кету сәтіне де куә болды. Үстіміздегі жылдың басында іске қосу кешенінің бірінші кезегінің қолданысқа  берілуі коммерциялық қызметке кірісіп, жүк вагондарымен бірге паромды тәулік бойғы режимде өңдеуге мүмкіндік берген болатын. Биылғы жылдың алты айындағы деректерге сүйенсек, 118 кеменің кіруі жүзеге асырылып, 510 мың тонна ауыстырылып тиелген.    Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында Құрық порты құрылысының екінші фазасы  –  автомобиль өткелі жүзеге асырылған. Қазіргі кезде паромдық кешеннің автомобильге қатысты нысандары бой көтеруде. Автомобильді пирске арналған  теңіз айдыны түбін тереңдету жұмыстары жүргізілуде, ол жүк автокөлігін ауыстырып тиеуді қамтамасыз етпек. Сонымен қатар портқа Батыс жақтан кіре берісін кедергілеу құрылыстары жүргізілуде. Ал сыртқы электрмен жабдықтау желісі үшін 35 км сым тартылған. Бұдан бөлек, көлік шаруашылығы мен әлеуметтік мақсаттағы нысандар салынуда. «Құрық портындағы паромдық кешен  «Нұрлы» жол бағдарламасы аясында салынып жатыр және Транскаспий бағытында Қазақстанның экспорттық және транзиттік әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Біздің порт арқылы жүкті жеткізу жылдамырақ. Сондықтан екінші кезектегі нысандарды салу бойынша жұмыстарды  белгіленген мерзімде бітіру өте маңызды», – деп атап өтті Қанат Алпысбаев. Шын мәнінде, Құрық портындағы паромдық кешен, Әзербайжандағы Алят жаңа портындағы терминалдар, сондай-ақ, осы жылдың соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс Баку – Тбилиси – Ахалкалаки – Карс темір жол желісі, Босфор бұғазы арқылы өтетін Мәрмәрай темір жол туннелі Каспий теңізі арқылы қазақстандық тауарлардың еуропа нарығына тіке шығуын қамтамасыз етпек. Ал өз кезегінде, темір жол, макроаймақтық порт инфрақұрылымдарының дамуы ел экономикасына едәуір мультипликативті тиімділік әкелмек.  

Шахида ЖҰМАН, Маңғыстау  

Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников