Көліктегі инновация – болашаққа қадам
Ұлттық компания «Көліктегі инновация – болашаққа қадам» атты 5-ші рационализаторлар конференциясында саланың үздік рационализаторын марапаттады.
Компаниядағы өндірістік үдерісті көтерудің тиімділігін арттыру мақсатындағы рационализаторлардың шығармашылық әлеуетін пайдалану және оны ынталандыруға бағытталған шарада Компанияның бас инженері Батыр Қотырев инновациялық үдерісті басқарудың құрамдас бөліктері – идеяларды басқару, оның ішінде еңбеккерлердің іскерлік рационализаторлық идеяларын жинау және ортақ банкін жасақтау болып табылатынын жеткізді.
–Бұл өз кезегінде өндіріске тиімді технологиялық және басқару шешімдерін орналастыру арқылы адами капиталдың дамуына ықпал етеді. Ұлттық компания тобында 2016 жыл қорытындысы бойынша 1200 рационализаторлық ұсыныс тіркеліп, өндіріске табысты енгізілді. Компанияда белсенді рационализаторлар саны 1300, – деді ол.
Компанияның техникалық саясат және реттеу департаментінің директоры Талғат Қанатбаевтың айтуынша, Компанияда рационализаторлық және өнертапқыштық ұсыныстарды қолдау мен ұйымдастыру «ҚТЖ» ҰК» АҚ инновация мен білімді басқару жүйесінің бір парасы болып саналады. Ондағы мақсат идеяларды ынталандыру, жинақтау, оларға қолайлы орта қалыптастыруға негізделеді.
«Қазіргі таңда Бағдарламаны жүзеге асырудың қосымша жобалары қабылдануда. Оның ішінде жолаушылар және жүк тасымалының табыстылығын көтеру, логистикалық бизнес, теміржол инфрақұрылымының тиімділігі, корпоративтік басқару мен әлеуметтік блок, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары бар», – деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы Автоматтандыру және сандық жүйеге көшіру дирекциясының директоры Серік Төлебаев.
Конференция барысында Компанияның 35 белсенді рационализаторына «Үздік рационализатор» кеуде белгісі табыс етілді. Осылайша, Компанияда 100 жаңашыл еңбеккер осы абыройлы атақты иемденсе, олардың сегізі екінші мәрте құрметті атақты жеңіп алды. Оның сыртында Компаниядағы рационализаторлық белсенділікті тұрақты қолдап келе жатқан сегіз үздік құрылым аталып өтілді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өнертапқыштық және рационализаторлық жүйеден «Үздік техникалық шешім» аталымы бойынша 26, «Үздік техникалық шығармашылықты ұйымдастырушы» аталымымен 13 жеңімпаз марапатталды.
Ұлттық компанияның ғылыми-техникалық ақпарат және сараптау орталығының директоры Наталья Смольянованың айтуынша, Компания республикалық «Рационализатор.kz» байқауының белсенді қатысушысы болып табылады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ еңбеккерлері бірнеше рет «Үздік техникалық шешім» аталымы бойынша рационализаторлық байқаулардың жүлделі орындарын алып келеді. Конференция қызметіне «Укрзализныця» АҚ Техникалық саясат пен даму департаментінің директоры Владимир Шиш қатысты. Оның ойынша екі ел арасындағы тәжірибе алмасу теміржол саласының тиімділігін көтереді. «Теміржол магистральдық желісін рационализаторлық ұсыныстарсыз дамыту мүмкін емес. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен рационализаторлық саладағы тың жетістіктерімен Украина теміржолына қажетті жүйелерін танып білдім», – дейді В. Шиш. Компанияда теміржолшылардың инттелектуальдық әлеуетін дамыту мен инновациялық ұсыныстарын қолдауға басымдық берілген. Рационализаторлық қызметтер өндіріске жаңа техникалар мен ілгері бастайтын технологияларды енгізу, өндіріс көрсеткішін көтеріп және материалдық ресурстарды үнемдеуге жеткізеді.
Райхан РАХМЕТОВА Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников