Қозғалыс жиілігі артқан

Новости
28.07.2017, 10:41
2 мин чтения
 Қандыағаш станциясы тоғыз жолдың торабы саналғандықтан, бұрын да қозғалыстан кенде емес еді. Бүгінде қозғалыс тіпті жиілеп, арылы-берілі ағылған әсіресе жолаушы пойыздары көбейген.  -Жоспарды орындадық. Көрсеткіштер алдыңғы жылдармен салыстырғанда жақсарып келеді. Қазірдің өзінде барлық параметр бойынша жағдай әлдеқайда жақсы. Оның үстіне, осы жылы жолаушылар пойыздары саны артты. Соған орай жұмыс көлемі де бұрынғыдан көбейген, - дейді Қандыағаш станциясының басшысы Нұрибай Сәрсенов. Станция басшысының  айтуынша, мекеме сұрыптау станциясымен, вагон және локомотив шаруашылықтарымен қойын-қолтық жұмыс істейді.   Станция арқылы EXPO-2017» көрмесіне орай үш жұп, яғни алты жолаушылар пойызы өтіп жатыр екен. Қыркүйек айының алғашқы онкүндігіне дейін қатынайтын жолаушы құрамдары арқылы  Қандыағаш арқылы  аталмыш көрмеге лек-легімен кетіп жатқан жолаушы да көп көрінеді.  Орал, Атырау, Маңғыстаудан  шыққан пойыздар Астананың жаңа «Нұрлы жол» вокзалына барады.   Нұрибай Сәрсеновтың айтуынша, жолаушылар пойыздарымен қатар жүк пойыздары да артқан. Мәселен, жол құрылысы жұмыстары көлемінің артуына байланысты Ақтөбе облысының Мұғалжар, Шалқар аудандарынан қиыршық тас тасымалданып жатыр. -Күніне 30-40 вагон қиыршық тас Байғанин ауданы Қарауылкелді станциясына жіберіледі. 40-50 вагон Мақат станциясына жөнелтіледі. Облыс аумағында автомобиль жолдары салынып, қиыршық тас тасымалдануда.  Сәйкесінше, жүк тасымалы көлемі де артты. Қандыағаштан күніне 10 вагон силикат жөнелтіледі. Сырттан әктас келеді. Жеке адамдар Маңғыстаудан қиыршық тасты да теміржол арқылы  тасымалдайды. «Вернал Ойл» компаниясы да ай сайын 15-20 вагон мұнай композиттерін тиейді. Мұғалжар мен Бершүгір станцияларынан жөнелтілген вагондар Қандыағаш станциясының басында сұрыпталады, - дейді Нұрибай Сәрсен.  Бүгінде теміржолшылар алдында отандық вагон паркін пайдалану мәселесі өзекті. Өзге елдердің вагондарын пайдалану үлесі әлі де болса көбірек. Сондықтан, қазақстандық вагондар үлесін 60 пайыздан шамамен 80 пайызға арттыру көзделуде. Айта кетейік, бүгінде Қандыағаш станциясында 265 адам еңбек етеді. Шалқар-Тассай теміржол тармағынан үш маман осында қызмет ауыстырыпты. Бүгінде олар айлық сынақтан өтіп жатыр екен. -Бүгінде станция жұмысы толық автоматтандырылып келеді. Сигналистер орталықтандырылған жүйемен жұмыс істейді. Станция жұмысы бір сәтке де тоқтамайды, - дейді мекеме басшысы.  

Асқар Ақтілеу, Қандыағаш

Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников