Ерлік осылай туады...
Ұлы Мәртебелі Қауіпсіздік – теміржол көлігінде көздің қарашығындай сақталатын осы бір қасиетті ұғымды қастерлеу барлық теміржолшы үшін заңдылық.
Қарағандылық машинист Ерболат Жүнісов пен көмекшісі Максим Гаюк үстіміздегі жылдың 8 маусымында төтенше жағдайға тап болды...
Әдеттегідей, №83 Қарағанды – Мәскеу бағытындағы жолаушылар пойызын жүргізіп келе жатқан машинист Ерболат Жүнісов көмекшісімен екеуі Астана станциясына кіреберісте, өздері бағыт алған жолда №238 жолаушылар пойызымен бетпе бет келеді. Уақыт күндізгі 11 сағат 12 минутты көрсетіп тұрған. Машинист көмекшісі Максим Гаюк жол бос емес, пойыз тұрғанын, яғни бағдардың дұрыс дайындалмағанын хабарлағанда машинист Ерболат дереу тежегішке жармасып пойызды тоқтатып үлгереді...
Осылай, сын сағатта сасқалақтамай, салиқалы да сауатты әрекет етіп, кәсіби біліктілік таныта білген Ерболат Жүнісов пен М. Гаюк екі жолаушы пойызының соқтығысуын болдырмай, темір жол көлігіне өз өмірлері мен денсаулықтарын аманаттап табыстаған жолаушыларды діттеген жеріне дін аман жеткізді. Ерлік емей, немене?!
Кейіпкеріміз Ерболаттың темір жол саласында жұмыс істеп жатқанына он бес жылдың жүзі болыпты. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген қанатты сөз осы Жүнісовтер әулетіне арналып айтылса керек.
-Әкем Балғабай машинист. Таяу арада зейнетке шығады. Әкемнің ізін мен де, інім де жалғастырдық. Бір үйден үш машинистпіз. Әзірше, інім машинист көмекшісі, оның да арманы машинист болу, – деп сыр шертті машинист жігіт.
Ағадырда туып өсіп, сол жерде еңбек жолын бастаған Ерболат 2013 жылдан бері Қарағанды сұрыптау локомотив пайдалану депосының электровоз машинисі. Әкесінің тәрбиесімен депода өтетін техникалық сабақтардан үнемі қалмай, білімін жетілдіріп отыру - Ерболаттың басты қағидасының бірі. Қолы боста күрес және теннис сияқты спорт түрлерін ермек етіп, өсіп келе жатқагн үш баласының тәрбиесімен айналысады. «Кім білген, менің де балаларымның бірі өскенде машинист мамандығын таңдар...» деп армандайды.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников