Ақтөбе жол бөлімшесі Ардагерлер кеңесінің мүшелері Мұхамбетқали Ділмағамбетовты сексен жылдық мерейтойымен құттықтап барды. Кеңес дәуірі кезінде Жол қатынастары министрінің қабылдауында болып, ел темір жолының мәртебесін Кремльде асқақтатқан аға теміржолшының ерен еңбегін бүгінгі ізбасарлары ұмытпақ емес. – Ол Ақтөбе жол дистанциясында ұзақ жылдар еңбек етті. Беделді, абыройлы азамат. Өткен ғасырдың сексенінші жылдары Қазақстаннан орталық аппаратқа шақырту алып жүрген санаулы теміржолшылардың бірі. Еңбегі еленгені соншалық, оны Мәскеудегі Жол қатынастары министрлігінің өзі үлгі етіп отырған. Мәкеңе құрмет көрсетіп, қолына атаулы сағат та таққан, – дейді Ақтөбе жол бөлімшесі ардагерлер кеңесінің төрағасы Бошық Қуатов.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе