Машинист мәртебесі

Новости
04.08.2017, 16:45
3 мин чтения
Тәуліктің қай мезгілі болмасын  «шарманкасына» керек-жарағын салып,  жұмысқа дайын отыру – барлық машинистерге тән ерекшелік. Бұл  қазақылық машинист Жақсылықтың да отыз үш жылдан бері бойына сіңген қасиет. Е, түтіні будақтап соншама вагонды сүйреп бара жатқан алып тепловозды жүргізуді  армандамаған  қазақ ауылында бала болмаған шығар. Жақсылық та мектеп бітірген бойы Қазалыдағы техникалық училищеде  алты ай оқып, білдей  «машинист көмекшісі» деген куәлік алған күні бала күнгі арманына қол жеткізгендей қуанған. 1984 жылы Жиенқұловтар әулетінен тұңғыш болып теміржолға түрен салды. , – Жаңалық Маханұлын алғаш депоға келген кезінен жақсы танимын. Жұмыс кезінде қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына  қатысты бірнеше мәрте қиын жағдайларға тап болып, тығырықтан шыға білген шеберлігі де есімде. Кәсіби жауапкершілікті бәрінен жоғары қоятын азамат бүгінде ұжымның мақтанышы, – дейді Қызылорда локомотив пайдалану депосы директорының орынбасары Ізбасхан Сүйінов. Қазалы айналым депосында жүк құрамалары машинистерінің көмекшісі міндетін абыроймен атқарған Жаңалық Мұханұлы 2010 жылы Павлодар қаласында біліктілік санатын арттыру курсынан өтіп 2-санатты машинистке деген құжат алады. Алғаш тепловоздың оң жағына отырғанда өзіне артылған сенімді сезіне білген Жаңалық әлі күнге дейін жұмысқа келгенде ең басты мақсат қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға қырағы болу деген ұстаныммен қаруланды және де мұны күнде қайталайтыны дағдыға айналған.  Өзімен қатар депода машинист көмекшілері болып жұмыс жасайтын баласы Қуаныш пен тетелес інісі Жаңабайға да осы ұстанымды үйретуден жалыққан емес, олардың жұмыс тәртібіне өзін жауапты сезінеді.   – Он жылдан астам уақыт депоның №5 маневр колоннасында машинист-нұсқаушы, яғни инструктор болып қызмет жасап келемін. Колоннадағы 20 машинист бригадасының жұмыс тәртібіне жауаптымын. Машинист бригадаларының әр бір сапарына тыңғылықты дайындық жасаймыз. Ең бастысы қозғалыс қауіпсіздігінің сақталу ережелеріне ықтият болу, қырағылық, техникалық қауіпсіздік, сеніп тапсырылған кәсіби қызметке адалдық бұл машинистердің, жалпы теміржолшының міндеті. Инструктор колоннадағы тәртіп, жұмысқа дайындық, еңбек тәртібінің сақталуына жауапты. Техниканың тілін білу инструктордың кәсіби шеберлігіне сын. Машинист телімдердегі әр участоктың белгіленген жылдамдығын сақталуын аса мән беру керектігі әр сәт сайын қайталап отырамыз… Осылай, бала күнгі алып құрамаларды жүргізетін машинист болу арманым орындалды, – дейді машинистер колоннасының жетекшісі Жаңалық Жиенқұлов. Өндірістен қол үзбей жоғары білім алды. Өз кәсібіне деген адалдығы, жүктелген қызметті асқан жауапкершілікпен орындай білетін шеберлігі үшін 2005 және 2011 жылдары «Локомотив» АҚ президенті мен «Локомотив» АҚ филиалы Қызылорда локомотив пайдалану депосы директорының Құрмет грамотасын иеленіп, колоннасы үздіктер қатарынан көрінді.  Жаңалық басқаратын №5 коллонна мысалы, 2015 жылы 332,2 тонна, 2016 жылы 411,7 тонна дизель отынын үнемдеп, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік және қозғалыс қауіпсіздігін сақтау шараларын мінсіз атқарған.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қазалы

Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников