ЭКСПО қонағы – балалар

Новости
08.08.2017, 10:16
2 мин чтения
Күллі әлем көз тіккен көрмені көріп, тамашалауға асыққан адамдардың аяғы әлі басылған жоқ. Солардың қатарында жазғы демалыстарын тиімді пайдаланған жас жеткіншектердің де қатары мол. Өткен аптада теміржолшылардың балалары да елорда қонағы болды. Бүгінде «ҚТЖ»ҰК»АҚ  мен «Самұрық-Қазына» АҚ -ның  «Туған елге саяхат» атты жобасы аясында экскурсиялық  тур өтіп жатыр. Бұл бірегей жобаға теміржолшылардың 150 баласы мен шығарма жазу байқауынан үздік шыққан 50 жас жеткіншек қатысуда. 10 күнге созылған турда бұл жасөспірімдер 2 тамыз бен 12 тамыз аралығында Қазақстанның 4 қаласын аралауы жоспарланған. Бұл турды олар Астанадан бастады. – Бұл жобаның мақсаты – балалардың патриоттық сезімін ояту. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жасөспірімдер осындай жобалар арқылы туған елге саяхаттап, елдің көрікті жерлерімен танысып, көкжиектерін кеңітпек. Оған қоса, өздеріне көптеген достар таппақ. Турды біз бас қаладан бастаған себебіміз,  Астанада әлем көз тіккен ЭКСПО көрмесі өтіп жатыр. Мұнда ҚТЖ-ның да павильоны бар. Біз балаларды осы көрмеге арнайы әкеліп, таныстырып жатырмыз,-деп мәлімет берді  лагерь тәрбиешісі Самал Әбілбек. Жан-жақтан жиналған жасөспірімдер Ұлттық компания павильонын тегіс аралады. Мұнда олар «Жаңа Жібек жолы» орталық интерактивті үстелін қызықтап қарады. Сондай-ақ  «Теміржол машина жасау ісі», «Логистикалық инфрақұрылым: қазақстандық көліктің Батыс және Шығыс қақпасы», « Астана халықаралық әуежайы мен «Нұрлы жол» жаңа темір жол вокзалы» «GE виртуальды шынайылық жүйесі», «Темір жол көлігінің энергия үнемдеудегі үлесі» экспозицияларын тамашалады. Көрмені аралау барысында жас жеткіншектер өздерін қызықтырған сан сұраққа жауап алып, теміржолшылардың костюмін киіп естелікке суретке түсті. – Мен Семей қаласынан келдім. Әкем-теміржолшы. Астананы аралап, ЭКСПО көрмесін көріп қуанып жүрмін. Көптеген достар таптым. Көңіл-күйім керемет! Бізге осындай жақсы дүниелерді көрсетіп жатқан ұйымдастырушыларға рахмет айтамын, -деп ой бөлісті Ердос Еркежанұлы    Күнұзаққа көрмені тамашалаған жастар кешкісін би алаңында бас қосты. ҚТЖ-ның оқу орталығында флешмоб билеген жас патриоттар кеш соңында арман-тілектерін айтып, көкке шар ұшырды. Еліміздің бас қаласынан бастау алған «Туған елге саяхат» жобасы  Қазақстанның Ақтау, Түркістан, Алматы сынды қалаларында жалғасын таппақ.

Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ

Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК

Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников