Жезқазған: тұйық станциядан – транзиттік дамуға

Новости
15.08.2017, 11:42
4 мин чтения
Еліміздің басты байлығының бір, мыс кенін игеру үшін Жезқазғанға сонау 1936 жылы теміржол тартылған екен. Кезінде бүкіл кеңестер одағына тасымалданған жез кенінің арқасында атағы шартарапқа  жайылған қала өңірдің жер асты байлығын иегеруге орасан зор еңбегі сіңген қазақ ғалымы Қаныш Сәтпаевтың есімімен тығыз байланысты. Бірақ, содан бері тек кен тасымалын қамамасыз етіп келген тұйық станцияның бағын ашқан Жезқазған – Бейнеу теміржолы болды...  Тоқсаныншы жылдары өндірісі күрт төмендеп, тасымалы мүлде тоқтаған қала облыс орталығы мәртебесінен айрылған соң  бір шетте елеусіз қалғандай, тым-тырыс күй кешіп жатқандай еді.  Қарағанды облысының бір қаласы болып қалған  өңірдегі тұйық станцияға бүгінде қайнаған қызу тіршілік қайта оралғанын көзіміз көрді. 2012 жылы Елбасының тапсырмасымен Солтүстік – Оңтүстік, Шығыс - Батыс арасындағы жүк ағынын оңтайландыру мақсатында салынған Жезқазған-Бейнеу темір жолы станцияның ғаан емес, бүкіл қаланың тынысына қан жүгіртіп, дамуына тың серпін берді. Екі жылдан кейін қолданысқа берілген жаңа темір жолдар елдің транзиттік әлеуетін арттырып қана қоймай, Орталық пен Батыс Қазақстанның дамуына, аудандардың экономикалық белсенділігіне өз үлесін қосатыны күтілген болса, бүгінде ол толық жүзеге асуда деп сеніммен айтуға негіз бар.  Жезқазған – Бейнеу теміржолы пайдалануға берілген үш жылға шолу жасап көрелік. Бүгінде жүк және жолаушылар пойызы  күрт артқан Жезқазған - 7 жолдан тұратын бірінші класты станция. Жаңа бағыт ашылғалы бері бұл жолмен айына 287 транзиттік пойыз қатынап тұр екен. Бұл дегеніңіз тәулігіне 5 контейнерлік пойыз. Соның есебімен жүк ағыны 103 пайызға артты. Сонымен қатар өткізгіштік және өңдегіштік қасиеті 133 пайызға, жүк тиеу 127 және түсіру 101,  ал вагон айналымы 103,6 пайызға өскен. Жалпы, биылғы 22 тамызда пайдалануға берілгеніне 3 жыл толатын жаңа телімнен осы уақыт аралығында жалпы 1556 пойыз жүріп өткен екен. –Тек жүк тасымалы емес, жолаушы тасымалы да жанданған. Бұрын бар болғаны бір жолаушылар пойызы қатынаса, бүгінде біздің вокзалдан 5 жолаушылар пойызы жүреді. Жолаушылар айналымы тәулігіне 1056 адамды құрайды. Жаңа жолдың ашылуына орай №617-618 Жезқазған-Қызылорда-Жезқазған пойыздары қатынауда. Бұған қоса ЭКСПО-2017 көрмесінің өтуіне орай аптасына екі рет біздің үстімізден халықаралық қатынастағы Астана-Душанбе жолаушылар пойызы жүреді, – дейді станция бастығы Медет Смағұлов. Станция бастығының мәліметінше, бүгінде станция өміріндегі ең елеулі жаңалық – былтыр шілде айынан бастап станцияны дамытуды қайта құру бойынша жұмыстар жүріп жатыр екен. Содан бері станцияның 7 жолы қайта салынып, қолмен басқарылатын 23 бұрмаға демонтаж, курбелді тұтқамен аударылатын электр желісімен жабдықталған 36 бұрмаға монтаждау жұмыстары жасалып біткен. 8,16 жалпы пайдаланыстағы жолдардың демонтажы аяқталыпты. «Қазақмыс» корпорациясы БК, «Жезқазған цветмет» ЖШС-не кіреберіс жолдарының түйіскен жері аустырылған. Қазірде бағыттама бұрмалары мен жобалық бағалауға дейінгі жол телімдерін түзеу бойынша жұмыстар жасалуда екен. Жарықтандыру жұмыстары енді аяқталып,  сонымен бірге станция жұмысы үшін салынған аса маңызды  нысан ЭЦ посты ғимаратының ішкі әрлеу, сырлау жұмыстары жүргізіліп жатқанын көрдік. Жол шаруашылығын дамытуды қайта құру жұмыстары аяқталған соң «Эбилог» жүйесі арқылы микропроцессорлық орталықтандыру жүйесі енгізілмек көрінеді. Жалпы қызметіне келсек, станцияда жүк, транзиттік және жолаушылар пойыздарын қабылдау-жөнелту жұмыстары жүргізіледі. Жөнелту алдында оларға техникалық және коммерциялық қызмет көрсетіледі. Кіреберіс жолдарда вагондарды жинау, жуу және беру жұмыстары станция қызметіне кіреді. Жаңаарқа локомотив пайдалану депосы маневр жұмыстарын жүргізеді. Вагон жағдайына  Қарағанды вагон депосының ТҚКҚ мен вагондарды дайындау және техникалық өткізу пункті жауапты. Станцияда қозғалысшылармен бірге оншақты құрылымдық мекемелер филиалдарының теміржолшылары да сала жұмысына өз үлестерін қосуда екен.   –Әзірге қиындық келтіретіні – бағыттама бұрмаларының қолмен бұру арқылы басқарылатыны. Бірақ бұл уақытша қиындық. Қайта құру жұмыстарының бірінші кезеңі біткесін бәрі де өз орнымен болады. Сонымен қатар станция кезекшілері де қайта құру жұмыстарына байланысты ешбір таблосыз, мониторсыз, тек рация арқылы жұмыс істеуде. Бүгінде ұжымда 86 адам бар. Оның бесеуі – станция кезекшісі болса, 13 адам – пойыз құрастырушы. Барлығымыз станцияға кіргеннен шыққанға дейінгі 60 км жолдың бабына да, ондағы қозғалыстың қауіпсіздігіне де бірдей жауаптымыз, – дейді станция бастығы.  Станцияның дамытуды қайта құру жобасының екінші кезеңінде станция жолдарының санын арттыру жоспарланған. Себебі бұл аса маңызды бағытпен ендігі жерде тасымал көлемі болашақта бүгінгіден әлденешеге артатыны анық. Осының өзінде қаншама жұмыс орындарының ашылуына септігі тиген  жаңа жол 100 мыңға жуық халқы бар Жазқазған қаласы мен айналадағы жергілікті тұрғындардың теміржол көлігімен қатынасын жақсартып, елдің әлеуметтік ахуалына оң ықпал етіп отыр. Жезқазғаннан Қызылордаға дейін  Қоскөл, Байқоңыр, Қарсақпай, Көктал... сынды ірілі-ұсақты 8 бекет ашылып, қанша адам жұмыспен қамтылғаны өз алдына бөлек тақырып.

Райхан РАХМЕТОВА

Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников