Семинар-тренингтер сериясы – Ақтөбеде

Новости
22.08.2017, 10:37
2 мин чтения
Ақтөбенің жас теміржолшылары үшін кезекті семинар-тренинг өтті. Жүзден астам жастар екі күн Ақтөбеде бас қосып, әдеттегісінше, тренерлер тобы жас басқарушылар мен жоба менеджменті тақырыбы аясында таңдаулы дәрістер оқыды. Екі жылда бір өтетін тренингтер кезінде жастар өздерінің бойында ашыла алмай жүрген қасиеттерін, қабілеттерін тани бастайды. «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей, соңғы жылдары бірыңғай ұлттық компнаияның тұрақты серіктесі болып жүрген дәріскерлер тобы жастармен еркін де ерекше форматта пікір алмасып, оларды жаңа қырынан таныта бастайды. «Ақтөбе жастары алғыр да зерек. Өйткені, мұндай шаралар еліміздің барлық өңірінде өтеді. Ал, Астанада өтетін Жастар форумында есімдері ерекше аталатындардың дені өзге емес, нақ осы өңірден. Сондықтан, біздің тренингтерге қатысып, жетекшілік қабілеттерін арттырып, жоба әзірлеп, саланың дамуына жаңашылдық қосып жүрген жастардың дені Ақтөбеден шығады деп сеніммен айта аламын», – деп бастады алғы сөзін тренерлердің жетекшісі Наталья Бахмутова. Ұлттық компанияның Адам ресурстарын басқару департаментінің менеджері Айжан Сейітбаеваның айтуынша, бүгінде «Қазақстан темір жолы» компаниясында 36 мыңнан астам жас қызмет етеді. «Олардың әлеуетін жоғарылатудан  ҚТЖ басшылық аянған емес. Жастар саясатын жүзеге асыру аясында заманауи әрі тиімділігі мол шаралар қолға алынып келеді. Оған салада жұмыс істейтін жастарды мейлінше көбірек қамтуға тырысамыз. Бүгінде «Жас темір» атты желіде тіркеліп, әркім өзіне жақын бағдарлама аясында сайыстарға қатыса алады. Оларды әрдайым ынталандырып, марапаттап отыру жолға қойылған», – деді Айжан Сейітбаева. Оның айтуынша, былтыр «Болашақ басқарушы» номинациясында Ақтөбеден Руслан Жұмағалиевтің есімі аталды, «Үздік пойыз диспетчері» деп Айдар Жұмағұлов танылды. Азамат Мыңжасаров «Үздік технолог» атанды. «Үздік жас қаржыгер» Толқын Бозтаева да Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің беделді қызметкері. Тізімді әрі қарай толықтыра беруге болады.  Айта кетейік, жас теміржолшыларға арналған секминар-тренингтер сериясы еліміздің 16 қаласы мен ірі станцияларында ұйымдастырылады. Жүзден жүйріктері Астанада өтетін жас теміржолшылар форумына жолдама алып, кейін кадрлар резервіне тіркеледі.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников