Сыр елінің бас қақпасы

Новости
14.07.2016, 16:39
Темір жол бойы қашан тыныш болған. Ал апта басы дүйсенбі ең жауапты күн. Қызылорда станциясы бастығының жұмыс бөлмесіне таңғы сағат 8-ден жиналған  теміржолшылар өткен аптаның қорытындысын жасап, алдағы жұмыс аптасының міндет-жоспарларын белгіледі. Станция бастағы Ерлан Айдаров өткен аптада жұмыста салғырттық жасаған бір-екі вагон құрастырушыға, жүк қабылдап-жөнелтушілерге шүйлігіп, алдағы уақытта кәсіби жауапкершіліктерін арттыруды міндеттеді. Көктемгі комиссиялық байқау мен сенбілікке қатысты шаралар пысықталып, жауапты тұлғалар белгіленді. Сағат таңғы 9 болмай жұмыс орындарына тараған станциялықтар үшін тағы бір жұмыс аптасы қауырт басталды. Станция бастығы бірінші кезекте өндірістік жарақатсыз еңбек өнімділігін арттырып, қозғалыс қауіпсізідігін сақтай отырып Ұлттық компания мақсат еткен тапсырмаларды орындау басты назарда ұстанатынын жеткізді. Өткен жылды жүк тиеу мен жөнелтуде жоспарды артығымен орындаған  станциялықтар  ағымдағы жылдың жоспарын орындауға күш біріктіріп,  алғашқы үш айлық 226 вагонға жүк тиеу межесін 371 вагонға жеткізіп, жоспарды 137 пайызға орындап, 20627 тонна жүк тиеген екен. 2188 вагоннан 187870 тонна жүк түсіріріліп үш айлық жоспары 150,88 пайызға атқарылыпты. Наурыз айындағы 139 вагонға жүк тиеу жоспары 100,71 пайызға орындалып, 8130 тонна жүк тиелген. Өзге де көрсеткіштер 98,84 пен 121,16 пайыз арасында орындалуда екен. -Жүк тасымалын арттыру мақсатында станцияның тұрақты клиенттері мен бірге жаңадан кәсіпкерлерді тарту үшін ұжым болып жұмыс жасаудамыз, арнайы құрылған жұмыс тобы облыстағы танымал кәсіпорындармен келісім жүргізіп, барлық мүмкіндіктердің ұсынылатын айтып түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Жұмыс барысында жіберілген кемшіліктер дер кезінде талқыға салынып, оның қайталанбауына немесе екінші бір теміржолшының сол қателікті қайталамауы үшін түсіндіру жұмыстарын өткіземіз. Тәжірибелі, білікті мамандар тарапынан қосымша техсабақтар өткізіп, ұжымдастардың білім білігін арттыруға күш саламыз,-дейді станция бастығы Ерлан Айдаров. Станцияның 16 жолы мен қосымша кірме жолдар қазіргі таңда жүк түсіру-тиеу жұмыстарына қызмет жасап тұр. Станцияның қос алқымы аралығындағы қозғалыс пен тыныс-тіршілікті үнемі бақылауда ұстау ұжымның күнделікті жұмыс үрдісіне айналған. Станция штатындағы 100-ден аса теміржолшының жұмыс жасауына толық жағдай жасалған. Жұмыс киімін ауыстыратын, душ қабылдайтын, тамақтанатын, жұмыстан бос уақытта спортпен шұғылданатын бөлмелері жылы, таза, жайлы қажетті нәрселермен жабдықталған.  Ерлан Айдаров Қызылорда станция іргесіндегі 10-бекет маңында «Нұрлы жол» бағдарламасымен жүзеге асырылғалы жатқан бірнеше жобалармен қатар Әйнек зауытының құрылысының жеделдете жүргізіліп жақын күндерде өндіріске қосылатындығы, аймақтағы Шалқия кенішінің жандануы станциясының бүгінгі тіршілігіне екінші тыныс беріп аймақ өндірісінің өркендейтініне сенімді.

Сабырхан НӘДІРБАЙҰЛЫ, Қызылорда

Спорт
08.08.2026
Гульжан Аманова завоевала бронзу в турнире по шахматам
Спорт
08.08.2026
Железнодорожник из Алтынколя победил в турнире по шахматам на Спартакиаде
Спорт
08.08.2026
Сборная КТЖ заняла второе место по арқан тарту на Спартакиаде
Спорт
08.08.2026
Әнел Жеңісқызы завоевала серебро для сборной КТЖ на XI Спартакиаде АО «Самрук-Қазына»
Спорт
08.08.2026
Сборная КТЖ пополнила медальную копилку серебром Ирины Радзевич
Спорт
08.08.2026
Железнодорожница принесла серебряную медаль для КТЖ
Спорт
08.08.2026
Очередное золото КТЖ на XI Спартакиаде АО «Самрук-Қазына» принес пловец
Спорт
08.08.2026
Еще один пловец-железнодорожник принес КТЖ золото на XI Спартакиаде АО «Самрук-Қазына»
Спорт
08.08.2026
Еще одну медаль завоевало КТЖ на XI Спартакиаде АО «Самрук-Қазына»
Спорт
08.08.2026
Первое золото КТЖ на XI Спартакиаде «Самрук-Қазына» завоевали пловцы
Регионы
07.08.2026
После модернизации открыт ж/д вокзал Аркалыка и назначен новый пассажирский поезд
Новости
07.08.2026
Санитарные помещения обновляют на вокзале «Нурлы жол»
Новости
07.08.2026
Для ж/д перевозок одежды, обуви и бытовой техники начали использовать навигационные пломбы в ЕАЭС
Регионы
07.08.2026
Железнодорожники спасли тонущую в Алаколе девушку
Новости
07.08.2026
Реконструкция вокзала Астана-1 ведется по графику
Новости
07.08.2026
Железнодорожники напомнили 150 детям правила безопасности в поездах и вблизи путей
Новости
07.08.2026
Порт Курык обработал почти 885 тысяч тонн грузов за полгода
Новости / Архив
07.08.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №62 от 07 августа 2026 года
Новости
06.08.2026
Вопросы противодействия коррупции обсудили в КТЖ
Регионы
06.08.2026
Памятник легендарного электровоза ВЛ60 появился в Сары-Шагане