Жанармай шығыны  – жұмыс көлемінің артуы 

Новости
29.08.2017, 10:31
2 мин чтения
Семей ЖТ бөлімшесі бойынша биылғы жылдың басты ерекшелігі пойыз тартымының артуы болып отыр. Ал, аталмыш мәселе бірінші кезекте отын-энергетикалық ресурсқа ықпал етіп отыр. Бұл тарапта тоқталар жайт, ағымдағы 6 айдың өлшемі бойынша отын жұмсаудың үлес салмағы 25,52 кг/10 мың т.км. брутто бола тұра, жұмсалғаны 28,19 кг/10 мың т.км. бруттоны құрапты. Осы жайтқа тереңірек үңілген мамандар бұл көрсеткішке ықпал еткен бірқатар позитивті жайттарды анықтапты. Атап айтсақ, дизель отынының артық жұмсалуының негізгі себептерінің бірі – бөлімше бойынша жүк айналымының брутто көрсеткішінің ұлғаюы болып отыр. Биылғы есеп еселеп өсіп, 113,8 пайызға артқан. Тағы бір қосымша себеп, қозғалыстағы шаруашылық түрлері көбейген. Оның ішінде жол техникаларының тепловоздармен жұмыс жүргізуі әлдеқайда артыпты. Бір бұл емес, дизель отынын жұмсау бойынша жолаушылар пойызында да артық мөлшер тіркеліпті. Ал, оған ықпал еткен жайт – қосымша №67/68 жолаушылар пойызын күнделікті айналымға қосу болған. Бір ғана осы  тарапта 49 тонна жанармай артық жұмсалғаны анықталыпты. Сол тәрізді маневрлік қозғалыс бойынша да жанармайды артық жұмсау байқалады. Дегенмен, оған да позитивті себеп бар. Өйткені, өткен жарты жылдық бойынша жүк айналымының артуы себепті маневрлік локомотивтер саны 3,1 бірлікке көбейген. Яғни, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда көрсеткіш анағұрлым жоғарылап, жанармай 182 тоннаға артық жұмсалыпты. Отын шығыны бойынша жоспардан тыс жүзеге асқан, алайда, оң ықпал еткен жайттар қатарын әлі де толықтыра түсуге болады. Мәселен, ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында автомобиль көлігінен теміржолға ауыстырылған жүктердің де көлемі айтарлықтай өскен. Тек осы орайда ғана 32,4 мың тоннаның жүгі тасымалданғанын ескерсек, оған жұмсалатын жанармай да өсетіні белгілі. Жалпы, отын-энергетикалық ресурс бойынша басы артық шығынға орын берілген жоқ. Қол сұғу оқиғасы  тіркелмеген. Қауіпсіздік үшін барлық тепловоздар энергетикалық отын тартымын автоматтандырылған басқару жүйесі сынды жаңашыл аспаппен жабдықталған. Бұл жанармай жұмсаудың есебіне адам факторының араласуына жол бермейді.   Жарты жылдық көрсеткіш бойынша отын-энергетикалық ресурстың жұмсалуына жүргізілген сараптама осы тәрізді бірқатар жайттардың анықтап, базбір фактілерді нақтылап берді. Ескерерлігі сол, жұмсалатын шығындар бойынша мұндай ерекшеліктер соңғы жылдары тіркелмеген болатын. 

Қуаныш Қожаев, Семей

Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане