Ер болса,  Еркінбектей болсын!

Новости
29.08.2017, 10:39
2 мин чтения
 Қалпына келтіру. Демек, бүлінгенді бүтіндеп, қирағанды қайта жинау. Осындай қайырымды да сауапты істі жүзеге асырушылар кім дейсіз гой? Әрине, кенеттен туындаған қауіп-қатермен бетпе-бет келетін, «теміржолдың жедел жәрдемі» деген жанама аты бар Қалпына келтіру пойызының мамандары. Еркінбек Сартмолдаев – Достық станциясындағы қалпына келтіру пойызының кран машинисі. Бұл мамандық одан темірдей тәртіп пен үнемі сергектікті қажет етеді. Ол темір жол көлігі жүйесіне 1992 жылы келді, өрт сөндіру пойызының тынымсыз қызметінде жақсы мектептен өтті, ал 2001 жылдан бері аталған бөлімшенің кран тізгінінде. Бұл жерде оған босаңсуға жол жоқ. Күндіз жиналуға 30 минут, ал түнде 40 минут беріледі. Достық қалпына келтіру пойызы Төтенше жағдайлар қызметімен қоян-қолтық жұмыс істеп, қызметін мінсіз атқаруда. –Мен жұмыс істеген жылдарда оқыс оқиғалар аз болмады. Әрине, әрбір оқиға орнына үлкен бір үреймен жетесің. Жұмысымызды бітіргенде ғана мойнымыздай жүк түскендей жеңілдеп қаламыз, – дейді Еркінбек Төлеуханұлы. Қалпына келтіру пойызының сарбаздары жылжымалы құрамның соқтығысып қалған және рельстен шыққан салдарын жоюмен ғана емес, табиғи апат кезінде адамдарға көмек берумен де айналысады. Олардың көпір жасағымен бірлесе көпір ауыстырған, өзге бөлімшелерге шұғыл көмек берген, техникалармен жұмыс істеу шеберліктерін шыңдаған оқу-жаттығулар өткізген кездері де болды. Осындай өмірлік тәжірибелер Еркінбектің өз жұмысын бес саусағындай меңгерген майталман маман болып қалыптасуына көмектесті, бүгінде ол өз қызметін абыроймен атқарып жүрген азаматтар қатарында.   «Техниканың аты техника, темірден жаралғанмен оның істен шығатын кезі болады. Сондықтан қандай жағдайға да маман дайын болу керек. Осы жұмыстың арқасында мен өз бойымда жинақылық, байбаламға бой алдырмайтын байсалдылық қасиеттерін шыңдадым. Біздің жұмыс темірдей тәртіпті, ережелер мен нұсқауларды қатаң сақтауды, қызмет бабында сыйластықты талап етеді. Қазір біздің бөлімшеде де өзгелердегідей жаңа технологиялар  енгізіліп жатыр, техниканың ағымдық күтімі мен жөндеуіне көңіл бөлінген, үш айда бір рет қалпына келтіру пойызын сынақтан өткізіп тұрамыз», – дейді Еркінбек Сартмолдаев. Кран машинисінің ерен еңбегі еленіп, ол салалық жарыстың қорытындысы бойынша «Кәсібі бойынша үздік» төсбелгісімен марапатталды.  Ең бастысы Еркінбекке өзінің жұмысы өте ұнайды. Үнемі қозғалыста, ал тынымсыз тірлік өмір өрнегін айшықтай түседі.

Елена ҚОЛДАСБАЕВА,

Достық станциясы

Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане