Спорт мерекесі мәреге жетті

Новости
05.09.2017, 12:10
2 мин чтения
Жадыраған жаздың соңғы айы, соңғы күндері... Бір аптаға созылған «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның жазғы спорт түрлері бойынша республикалық спартакиадасы мәреге жетті. Ерік-күш   пен еркіндіктің мерекесі Жер жәннаты Көкшенің Бурабайына он төрт жол бөлімшесі мен әуе, су және авто көлік түрлерінен 150 ден астам  кіл жүйрік спортшыны жинап, спорттың алты түрінен аламан жарыс өткізді. Қазақстанның салалық темір жол, автомобиль, әуе және су көлігі кәсіподағы қызметкерлерінің 25 жылдығына арналған республикалық жарыс Ақмола аймағындағы Жақсы-2 спорт базасында, Бурабай ауданында өтті. Жаздың аяқталғанына қарамастан, тамыздың соңғы күндері жарысқа қатысушыларды ыстық ауа-райымен қуантты. Солтүстікке келген оңтүстік өңірдің азаматтары жанға жайлы жылы күнде, өздерін өз үйлерінде жүргендей сезінетіндерін жеткізді. Біреулері солтүстіктің салқын желі мен жаңбырынан қорқатындарын да жеткізді, бірақ та ашық аспан тартысты жарыстың жайлы өтуіне септігін тигізді.   Теміржолшылар жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті, әсіресе, оларға шара өтіп жатқан жер ұнады. –Бізге табиғаты сұлу Бурабай баурайында болып, оның әсем келбетін көру және уақытты тамаша өткізу мүмкіндігі туды. Бұл бір жағынан кезектен тыс демалыс болды, біз бұл жерде ой мен дене еңбегін қажет ететін жұмыстан босап және уақытымызды ауасы мен суы жанға шипалы аймақта өткізіп жатырмыз, – деп қуаныштарымен бөлісті жарысқа келген қонақтар. Республикалық спартакиадаға Ұлттық құрама төрешілері мен түрлі спорт бойынша төрешілер алқасы қазылық етті. Әрбір жарыс алдында қатысушыларға ережелер толық түсіндірілді. Жарысқа еліміздің 14 аймағынан қатысты. Әр команда құрамында 11 адамнан болды. Спартакиада кір тасын көтеру, дартс, жеңілатлетикалық кросс, волейбол, үстел теннисі, жеңілатлетикалық эстафеталық жүгіру сияқты спорт түрлерінен өтіп, аламан жарыста бар өнерін салған аймақ иелері, яғни ақмолалық теміржолшылар  намысты қолдан бермей, топ жарып, жүлделі бірінші орынды иемденді.  

Рашида МҰХАМЕТҚАЛИЕВА

Суретті түсірген Игорь Черников

Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане