Машинистер бригадасымен өткен 100 минут... 

Новости
15.07.2016, 11:12
[gallery columns="1" link="file" size="full" ids="847"]

 

Маңғыстаудан Алматыға бетке алған жолаушылар пойызының Шұбарқұдық станциясына келуіне әлі жарты сағаттай уақыт бар.  Қолдарына «шарманкаларын» ұстаған машинист пен оның көмекшісін тепловоз аялдайтын жерден тосып алдық.   Дәулеткерей Қожабаев бірнеше жылдан соң, амандық болса, құрметті зейнет демалысына шығатынын мақтанышпен жеткізді. Енді ше, машинистің қартайғанша  тепловоз тізгінін ұстап, зейнетке шығуы  әсте де оңай емес біле-білгенге. Біз локомотив шаруашылығында отыз жыл еңбек еткен машинисті құттықтап, «зейнеткерлікке шыққанша шаршамаңыз» деген тілек тіледік.  Көмекшісі Нұрболат Бегиманов, әрине орда бұзар отыздан асса да ұстазынан үйренері көп жас.   Пойыз құрамы келіп тоқтаған соң, Нұрболат дереу тепловозға мініп, өз міндетін орындауға кірісті. Ал машинист Дәулеткерей Қожабаев пойызды жеткізген машинистен құжаттарды мұқият қабылдап алып, техниканың қалыпты жұмыс жасауын егжей-тегжейлі сұрастырып жатыр. Бірнеше минуттан соң  жолаушылар пойызының жүретіні туралы хабарланды...   Бұл өткен жылы болған оқиға. Бүгінде машинист пен көмекшісі екі бөлек бригадада. Дегенмен, депо бастығының рұқсатымен машинистер жұмысымен танысу мақсатында Шұбарқұдықтан Қандыағашқа дейін тепловоз кабинасында  сапар шеккен 1 сағат 40 минут жайлы  әңгімелеудің сәті енді туды.           Көмекшінің тепловоздың дайындығы туралы есебін тыңдап болған соң  машинист, құрамның қозғалатыны туралы ишара танытты. Станция басынан жай жылдамдықпен  жүріп отырып, бірте-бірте жылдамдығын үдеткен пойыз  қалыпты жолға түскен соң машинистпен әңгімеміз қайта жалғасты. – Шұбарқұдық пен Қандыағаш арасы жақын, 85 шақырымдай болады. Көп шаршамайсың. Ал Мақатқа қатынайтын болсақ, 310 шақырымды бағындыруың керек. Жалпы біздің жолдардың өз ауыртпалықтары бар. Мәселен, биіктіктер мен ылдилар жиі кездеседі. Тепловозды да соның ыңғайына қарай басқару керек. Әсіресе тақ бағытта қатынағанда сезіледі, – дейді Дәулеткерей Қожабаев.  Нұрболаттың локомотив депосында машинист көмекшісі болып жүргеніне 10 жылға жуықтапты. – Машинист ретінде тепловоз басқару құқығына ие болдым. Мүмкін болашақта жеке-дара машинист  ретінде де жолға шығып қалармын. Жеке өз басым қандай жұмыс болса да, жауапкершілікпен, адал атқару керек деп түсінемін, – дейді тепловоздың алды-артын айналып келіп, жағдайды баяндап тынбай жүрген машиинст көмекшісі.   – Жолға шыққанда алдымен темір жол өткелдеріне мән береміз. Екі аралықта төрт өткел бар. Ерсілі-қарсылы көліктер өтуі мүмкін. Жолға шығып кететін мал-жан өз алдына бөлек әңгіме, – деген машинист отыз жыл тәжірибесінде талай оқиғаға куә болғанын жасырмады.  – Мына шаш бекерге ағармаған, бала, – деп қойды шамайын сыйпап қойып...              Темір жол өткелдері демекші, биыл «Тальго-Тұлпар» пойыздары қатынағалы өткелдердің барлығында кезекші пайда болыпты.  Шлагбаумдар дер кезінде көлік қозғалысын реттеп отырады.  Біз жүріп өткен аралықта пойыз кесте бойынша екі станцияға аялдады. Шағын ауылдар болғандықтан, сәйкесінше, жолаушылар қарасы да аз. Екі-үш минут тоқтайды да әрі қарай қозғалады. Есесіне, жол бір телімді болғандықтан, қарсы бағыттағы пойыздар бір-бірін өткізіп отырады. Сондықтан  кестеден тыс екі-үш аялдама жасадық. Қалмаққырған станциясына тоқтағанымызда  машинист осы өлкенің тарихын әңгімелеп, табиғат ерекшелігін де сөз етті.  Келесі разъездге аялдап, қарсы бағыттағы пойыз құрамын өткізіп жібердік.   № 36 разъезден қозғала бергенде, пойыз бастығы машинист бригадасына қоңырау шалып, № 5 вагонда 7 жастағы баланың денсаулығы сыр беріп келе жатқанын жеткізді. Машинист көмекшісі  дереу Темір станциясының кезекшісіне хабарласты. Ондағы кезекші Жедел жәрдем көлігінің Қандыағаш станциясынан тосып алатынын жеткізді.   1 cағат 40 минутқа созылған сапарымыз әне-міне дегенше осылай өте шықты.  Қандыағаш станциясына кіріп келеміз. Күн ұясына батып барады. Машинист бригадасына  қай жолға тоқтайтыны хабарланды.Перронда адам қарасы мол. Бірнеше мәрте ысқыртып барып, вокзалдан өтіп барып, созылып зорға тоқтағандай әсер берген құрам «уф» деп дем алғандай болды. Осы жерде бригада ауысады.  Өздерін күтіп алған машинист пен көмекшісіне құрамды табыс еткен  машинистер бригадасы  қош айтысып, локомтившілердің демалыс бөлмесіне кетті.  Ертең келесі жолаушылар пойызын Қандыағаштан Шұбарқұдыққа әкетпек...  

Асқар Ақтілеу, Шұбарқұдық – Қандыағаш 

Регионы
24.07.2026
Еще два железнодорожных вокзала открылись после реконструкции в Акмолинской области
Регионы
24.07.2026
Профилактический рейд по безопасности на железной дороге прошел на перегоне Уральск – Жилаево
Новости
24.07.2026
При строительстве линии Мойынты – Кызылжар выполнено 93% земляных работ
КТЖ в лицах
24.07.2026
Почетный железнодорожник Игорь Сенчугов отметил 80-летний юбилей
Интервью
24.07.2026
АО «Кедентранссервис»: новые возможности для логистики Казахстана
Регионы
24.07.2026
Павлодарские железнодорожники приняли участие в учениях по тушению пожаров
Новости / Архив
24.07.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №56 от 24 июля 2026 года
Регионы
23.07.2026
Железнодорожной вокзал станции Жетысу открылся после реконструкции
Регионы
23.07.2026
Павлодарские железнодорожники разъяснили владельцам скота правила выпаса животных
Регионы
23.07.2026
Подготовку к отопительному сезону обсудили в Семейском отделении грузовых перевозок
Грузовые перевозки
23.07.2026
Более 157 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ за полгода
Регионы
23.07.2026
На 15,4% выросли контейнерные перевозки в Костанайском регионе
Регионы
22.07.2026
Реконструкция железнодорожных вокзалов завершена в Мангистауской и Павлодарской областях
Новости
22.07.2026
Минтранс поручил перевозчикам до конца года обеспечить пассажирские поезда доступом к интернету
Регионы
22.07.2026
Новые модульные здания для железнодорожников установлены на станциях Екибастуз-1 и Майкайын
Новости
22.07.2026
Семь поездов временно перестанут останавливаться на вокзале Алматы-1 из-за реконструкции
Новости
22.07.2026
ЕЭК отложила введение обязательных навигационных пломб в странах ЕАЭС до 2028 года
Новости
21.07.2026
Единое информационное пространство ЦЖС: все корпоративные сервисы — в одном месте
Спорт
21.07.2026
Железнодорожник поднял флаг КТЖ на вершине Эльбруса
Новости
21.07.2026
Пожарный поезд КТЖ принял участие в тушении пожара в Алматы