Бәсекелестік талабы – баға және жылдамдық

Новости
08.09.2017, 13:38
Халықаралық жолаушылар форумының бірінші сессиясы жолаушылар тасымалының болашағына арналып, оның барысында нарықты дамыту және реттеудегі мемлекет рөлі, халықаралық жолаушылар қатынасын дамыту келешегі, жолаушылар тасымалының экономикалық тиімділігін арттыру әлеуеті, жолаушылар тасымалын ұйымдастыру тәсілі мен инновациялық формалары қаралды. Жиынға қатысушылар Көлік байланысын қайтсек жоғалтып алмаймыз? Қатаң бәсекелестік жағдайында халықаралық жолаушылар тасымалын сақтау қажеттілігі бар ма, сынды сұрақтарға жауап іздеді. Достастыққа қатысушы елдердің  Темір жол көлігі кеңесі дирекциясының төрағасы Петр Кучеренко жолаушылар кешені жұмысының қорытындысына тоқтала отырып, тасымалданған жолаушылар санына қатысты сараптама соңғы бес жылда теміржолшылардың 42 млн-нан астам жолаушыны жоғалтқанын айқындап бергенін мәлімдеді. Оның айтуынша, осы кезде теміржол көлігінің басты бәсекелесі авиаторлар Ресей мен ТМД елдері арасындағы қатынаста, қазіргі экономикалық дағдарысқа қарамастан, аз ғана жолаушысынан айырылған.  «Мәселен, 2012 жылы авиация 7,8 млн жолапушы тасымалдаса, темір жол көрсеткіші 18,8 млн болатын. ал 2016 жылы сандар теңесіп, сәйкесінше 6,3 млн адамды құрап отыр» деген дирекция төрағасы, соңғы жылдары халықаралық жолаушылар пойыздары қозғалысының мөлшері екі еседен артыққа кеміп кеткенін, десе де, Алматы – Ташкент, Самарқан – Астана жаңа халықаралық қатынастарының ұйымдастырылып, Минск – Вильнюс қатынасында жұп пойыздардың артып жатқанын мысалға келтірді. «Биыл бірінші рет темір жол әкімшіліктері Кеңестің 65-ші отырысының бекітілген шешіміне орай, бірыңғай тәртіп бойынша халықаралық қатынастағы пойыздар қатынауының экономикалық тиімділігіне қатысты есеп-қисап жасады. Жалпы нәтиже оң. Пайда тапқан жолдар қатарында Ресей, Қазақстан, Украина, Беларусь, Литва республикалары бар. Ал Латвия, Эстония, Әзербайжан республикаларының темір жол әкімшіліктері шығынға шықты» деді Петр Кучеренко. Сонымен қатар ол халықаралық жолаушылар пойыздарын ұйымдастыру барысында шығындар өсіміне әкелетін бірқатар факторларды атап өтті. Бірінші, бұл қосымша құн салығы (ҚҚС) екен. Ол жүріп өтетін жолдар бойынша жалпы шығынның 40% дейінгі көрсеткішін құрап және бұл мәселенің заң деңгейінде шешілмей отыруына байланысты өзіндік құнның өсіміне әкелуде екен. Ал жолдар мен тасымалдаушылардың оның орнын толтыру мүмкіндігі жоқ, өйткені, жол жүру билеттері ҚҚС жоқ Мемлекетаралық жолаушылар тарифіне сәйкес рәсімделіп сатылады екен. Шығындар өсіміне әкелетін екінші фактор ретінде Петр Кучеренко үстеме шығындарды атап, бұл көрсеткіш жүріп өтетін жолдар бойынша жалпы шығынның 30% дейінгі мөлшерін құрайтынын жеткізді. «Егер ҚҚС мәселесі үкіметтік деңгейдегі шешімді қажет етсе, үстеме шығындар деңгейі бізге теміржолшыларға байланысты. Кеңестің 63-ші отырысында халықаралық жолаушылар тасымалына қатысты есепайырысуларда үстеме шығындарды оңтайландыру қажеттілігі туралы шешім қабылданды.  Меніңше, темір жол әкімшіліктері арасында бұл көрсеткішті тікелей шығындарға қатысты 120% асырмау керек немесе түбегейлі алып тастау керек. Үстеме ақыны өтеу бойынша қорды өзге көздерден қарастыру керек» деді дирекция төрағасы. Сондай-ақ, ол сөзін қорытындылай келе, қазіргі бәсекелестік ортада жол жүру бағасы мен жылдамдық ұтатынын жеткізді. «Ал бұл кезде, біздің бәсекелесіміз авиаторларда, салық заңында белгілі бір преференциялар қарастырылған және халықаралық қатынаста оларға 0% мөлшерінде ҚҚС белгіленген, сондай-ақ, олар отын мен жанар-жағар май материалдарында акциз төлеуден босатылған» дейді П.Кучеренко. Темір жол көлігі бойынша кеңес нөлдік мөлшердегі ҚҚС белгілеу бойынша заңдық бастама көтеріп, Кеңес төрағасының үндеухаты мемлекеттердің үкімет басшыларына жолданыпты. «Бұл мәселе сіздердің қолдауларыңызбен оң шешімін табады деген үміттеміз. Бұл мәселе шешімін тапқанға дейін Кеңестің 65-ші отырысында, қазіргі қолданыстағы халықаралық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және сол бойынша өзараесеп айырысу тәртібін сақтау бойынша шешім қабылданды» деп мәліметпен бөлісті дирекция төрағасы. Петр Кучеренко Халықаралық жолаушылар пойызындағы билет құны самолеттен аз ғана мөлшерде арзан болғандықтан, жолаушылар әуе көлігін таңдайтынын, сол себепті жолаушылар ағыны мейлінше төмен болған 1998 жылдары, халықаралық жолаушылар тасымалы көлемін сақтап қалу мақсатында базалық мөлшерлемеге қатысты индекстеу коэффициенттерін 30%  өзара төмендету бойынша шаралар қабылданғанын еске салып өтті. «Мұндай шешім жолаушылар үшін жолақысы бағасын төмендетіп, оларды темір жол көлігіне қайтарады. Бұл лажсыз шара. Бірақ, басқа амал жоқ» деп түйіндеді сөзін баяндамашы.    Сандық сервисті дамыту – сапа, тиімділік пен жайлылық кепілі   Қазақстан темір жолында клиентке бағдарланған деңгейді көтеру үшін «Жолаушыларды ақпараттандырудың автоматтандырылған жүйесі» атты жоба жүзеге асырылды. Жоба билет сату жүйесімен біріктірілген және ол төтенше жағдайларда, пойыздар кешіккенде мобильді хабарлама жіберуге мүмкіндік береді. Мұндай жұмыстар «Сандық темір жол» жобасы шеңберінде де жасалуда. Осы және өзге де жолаушыларға арналған қызмет сапасы  Халықаралық жолаушылар форумының екінші бөлімінде сөз болды.             Күн тәртібіне пойыздар мен вокзалдарда жолаушыларға арналған қызмет көрсетудің жаңа технологиялары, сервис және жайлылық тақырыптары кірді. Жолаушылар темір жол көлігін пайдалана отырып оның қандай артықшылықтарын көреді, халықтың сенімінен қалай шығуға болады? Көпшілік пойызды неге таңдайды? Жолаушылардың автобус емес пойыз плацкарт вагонын, ұшақты емес пойыз купесі мен СВ вагонын таңдауы үшін не істеу керек? Осы мәселелердің барлығы форум қатысушыларының басты назарына алынды.           «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның  даму жөніндегі вице-президенті Едіге Маханов сандық сервис туралы айта келе, компанияда сату тетіктері мен қызмет тиімділігін арттыру мақсатында пост кеңестік кеңістікте бірінші болып электронды билеттендіру технологиясы енгізілгенін жеткізді. Бүгінгі таңда азаматтар жол билеттерін 17 мың өз-өзіне қызмет ету автоматтарынан, 10 интернет-сайттан, билет кассалары мен пошта бөлімшелеріне орналастырылған, термо қағазбен билет шығарып беретін терминалдардан рәсімдей алады. Одан басқа былтыр Амадеус жүйесі арқылы жол жүру құжаттарын рәсімдеу мүмкіндігі жүзеге асырылғандығы айтылды. – Бүгінде электронды сатылым үлесі 70 пайызды құрады. Ал дәстүрлі бланкаларда шамамен 30 пайыз билеттер ғана рәсімделеді, - деген вице-президент сөзін әрі қарай  жолаушыларға арналған ойын-сауықтық қызметтер мен мультимедиалық порталдар туралы мәліметтермен жалғады. – Бүгінде фирмалық және Тұлпар-Тальго жүрдек пойыздарына мультимедиалық ойын-сауықтық порталдар енгізілді. Бұл порталдар арқылы жолаушылаған халық фильм, мультфильм, балалар ойыны, әуен тыңдау мүмкіндіктеріне ие болып, сонымен қатар пойыз кестесі, сервистік қызметтер, жол жүру шарттары, жолаушылардың құқықтары мен міндеттері туралы да ақпараттарға қанық болады. Компания осы қызметті жақын уақытта барлық пойыздарға енгізуді көздеп отыр.             Едіге Алматбекұлының айтуынша, сервистік қызмет бағытын дамыта түсу үшін компания биыл Тұлпар Тальго пойыздарының 6 құрамына, яғни, Астана-Алматы, Алматы-Петропавловск пойыздарына интернет желісін тартқан. Интернет спутниктік технология арқылы енгізілді. Бұл қызмет жолаушылардың өз қалауына қарай қосымша ақы төлеу арқылы жүргізіледі. Жолда интернет желісінің нашарлап кететіндігінен осы қызметке жолаушылар тарапынан сұраныс артып отыр екен. Сонымен бірге билет рәсімдеу ыңғайлы болуы үшін Амадеус арқылы бірыңғай билет сатып алу мүмкіндігі енгізілуде.              Ал өзекті мәселелердің бірі ретінде жолаушылар пойыздарында автоматтандырылған бақылау жүйесін енгізу мен өңдеу жайы айтылды. Әсіресе, жолаушыларды мінгізіп-түсіруді есептеу, билет сату жүйесін біріктіру, бейнебақылау, нақты уақыт режимінде бақылау жүргізу, ситуациялық орталық жайлары қозғалды. Қызмет тиімділігін арттыру мақсатында бүгінде жүру құнын ыңғайлы етіп реттеудің, табыстылықты басқарудың автоматтандырылған жүйесін ұйымдастыруға техникалық шаралар жасалуда. Бұл жүзеге асса табысты молайту бойынша шешімдерді шығарып, талдау, тарифті жедел өзгерту үдерісін автоматтандыруға және әр бағдар бойынша басқарушылық есебін құрастыруға мүмкіндік туады.             Жиынға модераторлық еткен «Жолаушылар тасымалы» АҚ президенті Нұрдәулет Қилыбай келесі сөзді Тәжік темір жолдары бастығының орынбасары Усмон Каландаровқа берді. Бәсекелестік өте жоғары бүгінгі дәуір жағдайында халықаралық жолаушылар тасымалының болу-болмауы мәселесіне тоқталған ол, осы жайтқа талдау жүргізе келе, жыл сайын жолаушылар көлемі азайып келе жатқанын айтты. –Бұған дейін әріптестерім де айтып өткендей, бұл кері жағдайға тариф саясаты әсер етуде, яғни тасымал құнының қымбаттауынан жолаушылар тасымалы төмен болып отыр. Бұл мәселелердің шешімі ең алдымен тасымал мен өзге де көлік түрлерінің арасындағы бәсекелестікті қалыптастырып, дамытқанда ғана болады. Ол үшін маңызды аспекті ретінде тариф саясатын реттеу қарастырылады. Біз ресейлік және қазақстандық әріптестермен бірге соңғы екі жылдан бері билет сату мерзіміне қарай жеңілдік беретін бағдарламалар жасаумен айналысудамыз. Бағдарламаның берген нәтижесі жаман емес, - деп атап өтті тәжікстандық теміржол басшысы. Вокзалдарда жолаушыларға жоғары деңгейде қызмет көрсету және жайлы сервис түрлерін ұсыну туралы «РТЖ» ААҚ филиалы, теміржол вокзалы дирекциясының бастығы Виталий Вотолевский баяндады. Бүгінде мыңға жуық вокзалы бар көрші Ресейдегі жағдай жайлы қысқаша тоқталған ол вокзал қызметін жандандырудағы озық әдістермен бөлісті.    ТЖЫҰК, яғни, темір жолдар ынтымақтастығын ұйымдастыру комитетінің хатшысы, Комитеттің венгриялық мүшесі Аттила Кишш осы комитет құрамындағы елдердегі жолаушылар тасымалын дамыту жайына тоқталды. Соңғы жылдардағы халықаралық жолаушылар тасымалының төмендеп кетуіне алаңдаушылық білдірген ол бұл тасымалдың қалай да қажет екендігін айтып, оны сақтап қалу үшін халықаралық жолаушылар тасымалын қолдау және дамыту әрекеті туралы Бағдарлама жасауды ұсынды. Ол бағдарлама қазіргі кезең жағдайын ескере келе, болашаққа нақты қадамдар жасауға мүмкіндік беру керек. Жоба бойынша комитет құрамындағы барлық елдердің ортақ мүддеге жұмылған іс-әрекеттері айқын көрініс табуға тиіс.

Сұлугүл БАКЕСОВА, Райхан РАХМЕТОВА

Регионы
24.07.2024
Итоги работы за первое полугодие подвели в Алматинском эксплуатационном локомотивном депо
Регионы
24.07.2024
Более 7 тысяч жителей ЗКО обратились к специалистам поезда «Саламатты Қазақстан»
Новости
24.07.2024
Более 600 железнодорожных подъездных путей переданы в доверительное управление АО «Центр транспортного сервиса»
Спорт
24.07.2024
Турнир по настольному теннису приурочили к 100-летию станции Павлодар
Регионы
24.07.2024
Фестиваль КВН прошел на станции Караганда-Сортировочная
Новости
23.07.2024
Повышение эффективности казахстанских морских портов обсудили в Актау
Регионы
23.07.2024
Внутренние тренеры КТЖ провели выездное обучение в Уральске
Регионы
23.07.2024
Итоги работы за второй квартал по предупреждению несчастных случаев подвели в Акмолинском отделении ГП
Регионы
23.07.2024
Летние путевые работы продолжают вести в Карагандинском регионе
Новости
23.07.2024
Первый контейнерный поезд пройдет через Казахстан из Ирана в Китай по коридору «Север-Юг»
Новости
23.07.2024
Правила железнодорожных перевозок изменят в Казахстане
Новости / Архив
23.07.2024
Газета «Қазақстан теміржолшысы», №60 от 23 июля 2024 года
Грузовые перевозки
22.07.2024
АО "Кедентранссервис" заключило договор с Hamburger Hafen аnd Logistik AG
Грузовые перевозки
22.07.2024
Более тысячи тонн керамической плитки отправили в Казахстан по МТК «Север-Юг»
Новости
22.07.2024
Глава KAZLOGISTICS посетил порты Актау и Курык
Грузовые перевозки
22.07.2024
Условия нахождения и использования транспортных средств международной перевозки установили на таможенной территории ЕАЭС
Новости
22.07.2024
Казахстан прорабатывает экспорт пшеницы через Бейнеуский терминал в Афганистан и Пакистан
Новости
22.07.2024
Строительство новой железнодорожной магистрали обсуждают Казахстан, Туркменистан и Афганистан
Новости
22.07.2024
Пропускную способность восточного направления транспортного коридора «Север-Юг» через Казахстан увеличат до 10 млн тонн в год
Пассажирские перевозки
22.07.2024
Оформленный в честь 125-летия Каныша Сатпаева поезд отправился со станции Нұрлы жол в Жезказган