Таңдау – кәсібилікті кемелдендіру
Өткен аптада М.Тынышбаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжінде «Теміржол саласына кәсіби мамандарды даярлаудағы әлеуметтік серіктестік» атты дөңгелек үстел өтті.
Басқосуға бірқатар теміржол саласының өкілдері, станция мен депо басшылары қатысты. Қозғалыс саласында кәсіби мамандарды даярлау мақсатында ұйымдастырылған шараның шымылдығын М.Тынышбаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжінің директоры Ерлан Әуесбаев ашып, алғысөзді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Теміржол көлігі қызметкерлерінің даму және бағалау орталығы» филиалының директоры Марал Марасиловқа берді.
– Біз бұл колледжбен өте тығыз байланыстамыз. Үстіміздегі жылы ҚазККА Ақмола колледжінің бір топ түлектері арасында эксперименттік жобасын жасап, «Жылжымалы құрам» бағыты бойынша дуальды жүйемен оқыттық. Студенттер біздің кәсіпорындарда тәжірибелік оқудан өтіп, жоғары нәтижелер көрсетті. Басым бөлігі ҚТЖ мекемелеріне жұмысқа орналасты. Алдағы уақытта да серіктестікті арттырып, болашақта кәсіби теміржолшы мамандарды даярлауымыз керек, – деп атап өтті Марал Серікұлы.
Кездесу барысында кәсіпорын басшылары «Сенімділік жолдары – қауіпсіздік кепілі», « ДХ-500 цифрлық байланыс жабдықтары» , «Локомотив құрастыру зауытының» дамуы, «KZ4, KZ8 жаңа электровоз сериясын пайдалану және қызмет көрсету» атты тақырыптарға кеңінен тоқталып, баяндама жасады.
Сондай-ақ тараптар теміржол саласындағы өзекті мәселелерге тоқталып, әр кәсіпорынды кәсіби маманмен толықтыруды талқылады. Ол үшін аталмыш оқу орнымен тығыз байланыс орнатып, болашақта студенттердің білім ордасынан алған білімін қозғалыс саласындағы кәсіпорындармен тәжірибе түрінде ұштастыруды тілге тиек етті.
–Бүгінде мыңнан аса студент білім алып жатқан колледждің биылғы бітірушілері арасынан 22 түлек жаңадан ашылған «Нұрлы жол» теміржол вокзалына жұмысқа тұрды. Біразы Ұлттық компания филиалдарына орналасты. Бұл біз үшін үлкен мәртебе. Сала кәсіпорындармен серіктестікті әрі қарай да арттыра түсуге ұмтыламыз, – деп ой бөлісті колледж директоры.
Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ