Жастардың мүмкіндігі шексіз    

Новости
15.09.2017, 10:16
2 мин чтения
Биыл VIII рет ұйымдастырылып жатқан жас теміржолшылардың аймақтық форумы кешегі аптаның соңында Шымкентте  жалғасты.  Екі күндік шараға барлық станция-бекеттерден жиналған  жүзге жуық жас мамандар қатысты.     «ҚТЖ»ҰҚ»АҚ-ның адам ресурстары департаментінің менеджері Назира Бердібекованың айуынша,  «Менеджмент жобасы», «Болашақ басқарушылар» тренигтері жыл сайын еліміздің он алты аймағында өтеді. Осындай сабақтарға қатысқан соң, жастар күнделікті жұмыс жүйесін оңтайландыруға бағытталған жобаларды жасап, оны дамытуға тырысады. Ал «Болашақ басқарушылар» тренингінің пайдасы оларды көшбасшы болуға үйретпек. Әрі қоғамдық іс-шараларға белсене араласу арқылы ұйымдастыру қабілетінің артуына жол ашады.  – Бұған дейін «Болашақ басқарушылар» жобасы бойынша «Транстелеком» АҚ Шымкент филиалының энергетик-маманы Қайсар Қарымбаев үшінші орын алған.  Шымкент бөлімшесі бойынша аймақтық жастар комитетінің төрағасы болып үш жыл еңбек еткен Қайнар Исаев «Ең үздік аймақтық өкіл» атанып, қазір бөлімшедегі логистика бөлімін басқарады. Мұндай мысалдар көп. Жастардың мүмкіндігі шексіз екенін дәлелеп,  қызметтік баспалдақ бойынша көтерілудің мүмкіндігін осындай жиындардан табады,- дейді Назира Қуандыққызы. Бүгінде «ҚТЖ»ҰК»АҚ «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы  міндетін атқаратын Дархан Матаев та жастар жиыны өсірген  жас.  – Әр жас теміржолшы өздігінен идея ойлап тауып, оны жүзеге асыру арқылы саланың дамуына үлес қоспақ. Форум басталғалы бүгінге дейін 1500 жас қатысты. Екі күн бойы тренигтерге қатысқанын растайтын  сертификат беріледі. Ендігі бағыт –Тараз, Алматы, Астана. Екі мыңға жуық жасты қамтитын форумның қорытындысы жыл соңында шығарылып,  300-і  іріктеледі. Бірақ, жастардың ойындағы жобаларын іске асыруына үнемі мүмкіндік бола бермейді. Темір жолда жұмыс қауырт болғандықтан, басшылар жас маманды  форумға қатыстыруға аса құлықты емес. Жас маманның бір басына екі-үш адамның жұмысын үйіп қойып, жан-жаққа бұрылуға мұрша бермейді. Әрине, үйренгені өзіне жақсы, ертерек шыныққаны да дұрыс шығар. Бірақ  кейде  сол бастықтарының өзін де оқыту керектей көрінеді. Себебі, жасы ұлғайған кей басшылар  уақыт талабына сай соңғы жүйені меңгеріп, компьютермен жұмыс жасай білмейді де, бар шаруаны жастарға артып қоятын да жағдай кездеседі,- дейді Дархан Бейбіұлы. Екі күн бойы тренинг-семинарға қатысып, бір-бірімен кездесіп, ой-пікірлерін ортаға салып, ортақ жоспар құрып бір желпініп қалған жастар таудай арман арқалап  тарасты.

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ