Көмір тасымалы қарқын алды

Новости
15.09.2017, 10:19
2 мин чтения
Семейлік теміржолшылар үшін көмір тасымалының маусымдық кезеңі басталды. Бұл бағыттағы жұмыстар негізінен жаз бойы жүргізілгенімен, күзге қарай  күрт қарқын алады. Қазіргі күні қатты отынды тиеу, жеткізу, түсіру және қозғалыс қауіпсіздігі тарапындағы межеленген жоспарлы шаралар жүзеге асырылуда. Бір ғана көмір тиеу мәселесі бойынша осы кезеңге дейін көрсеткіш жаман емес. Қыркүйек айына дейінгі жоспарлы көрсеткіш артығымен орындалды. Яғни, өткен 8 ай ішінде 51 287 вагон, яғни 3572,4 мың тонна қатты отын тиелініп, тиісті жерлерге жеткізілген екен. Бұл межеленген жоспардан 727 вагонға артық көрсеткіш. Жүк тасымалы шаруашылығы мамандарының пікірінше, ерте көктем кезіндегі ауа райының қолайсыздығы орын алмағанда, кейбір мекемелер тапсырыстан бас тартпағанда, жөнелтілген көмір көлемі бұдан анағұрлым артық болар еді. Әйтсе де, қазіргі күннің өзінде 102,3 пайызға орындалған көмір тасымалы бұрынғы жылдармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары көрсеткішке жетіп отыр. Мәселен, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғандағы айырмашылық 143,4 пайыз екен. Яғни, кеніш басындағы «Қаражыра – ЛТД» АҚ тапсырысының жоғарылауына орай тасымал тасқыны да бұрын-соңды болмаған деңгейде артып отыр.    Бүгінгі күні Семей ЖТ бөлімшесінің логистика және тасымалды ұйымдастыру бөлімі мамандары көмір тиеу, жеткізу бағытындағы шаралардың тиімділігін пысықтауда. Бірінші кезекте, клиенттермен келіссөз жүргізу, тапсырыстардың дер кезінде орындалып, қысқы отынның діттеген жеріне мерзімінде жеткізілуі басты назарда тұр. Сондай-ақ, вагон тапшылығы мәселесі де күн тәртібінен түспеуде.  Десек те, жүк тасымалы мен қозғалыс шаруашылығындағы қазіргі қарқын жыл соңына дейін көмір тиеу, түсіру, жөнелту бойынша рекордтық көрсеткіштің жаңаратынын айғақтайды. Себебі, қатты отын тасымалы маусымының басталуына орай телімдік жылдамдық, локомотив өнімділігі, вагон өңдеу мен айналымы сынды өндірістік жұмыстар толықтай орындалыпты.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей  

Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ