Құрылғылар күтімі кәсібилер қолында
Қазалы мен Түркістан станцияларының аралығындағы темір жол нысандары мен тұтынушыларды үздіксіз электр қуатымен жабдықтау арқылы темір жол бойында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысып отырған Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясы құрылғылар күтімін кәсіби мамандарға тапсырған.
Құрметті теміржолшы Болат Нұрмұратов басқаратын мекеме теміржолшылары нысандарды электр қуатымен қамтумен қатар қуат көздерінің техникалық талапқа сай болуын назарда ұстап,оларға ағымдағы күтіп-баптау жұмыстарын да жасап келеді.
Қондырғыларға негізгі қуат көзін беретін ұзындығы 843 км құрайтын ДЦ электр әуе желісі болса, 794 км АБ/ПЭС электр әуе желісі қосымша қуат көзі болып есептелінеді. Үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету осы аралықта орналасқан электр қуатын алып тарататын 17 негізгі бекет пен 61 трансфарматорлық подстанциялар арқылы жүзеге асады. Бұл бекеттерде қуаттары әр түрлі 37 дизель-генераторлар орналасқан. Олардың негізгі міндеті энергосистемадан түрлі себептермен электр қуаты болмай қалған жағдайда немесе келіп тұрған электр қуатының сапасы нашарлағанда Түркістан станциясы мен Сексеуіл станциясының аралығындағы барлық қондырғыларды электр қуатымен осы дизель-генераторлар қамтамасыз етеді.
Осы аралықта Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясына қарасты Жосалы, Қызылорда және Шиелі ауданаралық электр жүйелері мен Қызылорда жөндеу-тексеру учаскесі қызмет етеді. Бұлардан бөлек дистанцияның қызмет ету участогіндегі темір жол бойында орналасқан мекемелер мен нысандар, жеке тұрғын үйлерді де электр энергиясымен қамтамасыз ету де міндеті бар. Осы тұтынушыларға арнайы соғылған 51 трансформаторлық подстанция, жоғарғы кернеулі 217 км электр әуе желісі мен 73,6 км кабельді желі, төменгі кернеулі 242 км электр әуе желісі мен 71,5 км кабельді желілер бар кідіріссіз жұмыс жасап келеді. Оларға күнделікті, ағымдық күтім жасау дистанция ұжымының күнделікті жұмысы.
Дистанцияның жеті айлық ұйымдастыру-техникалық шараларында 10 дана ағаш бағана ауыстырылып, 32 дана траверс орнатылған, 9 дана РЛНД ауыстырылып , 0,35 км КЛ-10кв, 0,3 км КЛ-0,4кв желілері жаңаланған, 3351 дана электр бағанасының айналасы ретке келтірілген.
–Дистанция электриктері нысандарға техникалық баптау жұмыстары барысында ток көздері пункттері мен жоғары кернеулі автобұғаттау желілерінің 2667,02 шақырымын бақылаудан өткізді. Жоғары кернеулі автобұғаттау желілерінің 603,8 км өзге желілердің үстінен өткізілген тұстарын инженерлік құрамымен тексеріп бақылау жұмысы жүргізілді. ЭЦ постыларының негізгі және резервті қуат көздерінің 684 данасының кіріс панелдеріндегі ток мөлшері өлшенді. 688 дана ЭЦ пунктіндегі кіріс панеліндегі КЯ құрылымының РШ және ПКН, АВМ құрылғыларының жұмысы тексерілді. Сонымен қатар телімдердегі 30 дана дизель-генераторды іске қосып тексеру жұмыстары жасалып, қажет жерлер қалпына келтірілді, – дейді Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясының бас инженері Ғалымжан Жағалов.
Жыл басынан бергі жеті ай мен тамыз айында электриктер назарынан 454 дана жоғары кернеулі желі бағанасының техникалық жайы өткізілген. 2796 дана электр бағанасы тексеріліп, 56 дана бағананың иіліп қисаюы тексерілген,105 бағана түзетіліп бандаждар тартылған. 643 дана РЛНД тексеріліп, бабына келтірілген, 69 дана желілік трансформатор бақылаудан өткізіліп, 7650 дана бүлінген изолятор тазаланып, 6399 дана техника қауіпсіздігі плакаттары мен нөмірлік белгілер жаңартылған екен.
Сонымен қатар, құрылғыларға қосымша күтім жасау барысында 2 дана РЛНД ауыстырылып, теміржол өтпелеріндегі 42 дана түнгі жарық шамдары тексерілген, теміржол мекемелеріндегі 76 жарық бағаналарының жай-күйі бақылаудан өткізілген. Және де 90 оқшаулағыш изолятор ауыстырылып, 90 данасының байлауы алмастырылған және 15 дана жарамсыз, кінәраты бар бағана жаңаланған, 38 дана прожекторлі матч бақылаудан өткізіліпті.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ